3. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
4. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын қажет ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшін арнайы лайықталған уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.
Кеден органының қызмет аймағында мұндай тауарларды сақтау үшін лайықталған уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, алушының жазбаша өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен осы тауар алушы айқындаған уақытша сақтау орындарына оның жауапкершілігімен, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетті түрде қамтамасыз етілген кезде орналастырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен расталады.
261-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін өз тауарларын сақтау қоймасының иесі болып танылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш ұсынады.
Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.
3. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтінішті оның тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарайды.
Өтініш беруші қарап-тексеру жүргізілген кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына мынадай:
1) осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың;
2) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтар жоспарларының, үй-жайдың немесе ашық алаңның жоспарлары мен сызбаларының көшірмелерін табыс етеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар тұпнұсқалары көрсетіле отырып, көшірмелер түрінде ұсынылады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады.
5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
7. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
8. Тұлғаны қайта тіркеген кезде өз тауарларын сақтау қоймасының иесі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін қайта тіркеу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
262-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің міндеттері
Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері:
1) үй-жайды немесе ашық алаңды тиісінше, осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті түрде жайластыруға;
2) үй-жайдан немесе ашық алаңнан кедендік бақылаудан басқа уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып қою мүмкіндігін болдырмауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) есепке алуды (оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органына ұсынуға;
6) сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына бөтен тұлғалардың кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
7) кеден органдары лауазымды адамдарын олардың талабы бойынша сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
9) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы, осы жұмыстарды, оның ішінде орындау жоспарлаған мерзімді көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
263-бап. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі:
1) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы өтініші бойынша - өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзімге;
2) өз тауарларын сақтау қоймасының иесі өз тауарларын сақтау қоймасына осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған кезде - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім, мұндай тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
3. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметі оның қызметін тоқтата тұрған себептер жойылған кезде қайта жаңғыртылады.
264-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін:
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді қатарынан алты ай ішінде бірнеше рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешімнің қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердің осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүліктік құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруі;
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің өтініші негіздеме болып табылады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім, мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.
3. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған кезде оларда сақтаудағы тауарлар осы баптың 2-тармағында айқындалған бұйрық қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиіс.
265-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарда уақытша сақтау
1. Тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
2) көлік құралы алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
3) тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді міндетті қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 325-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мұндай тауарларды уақытша сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау кезінде тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
266-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар ретінде өткізу пунктінде орналасқан кеден органы көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың көшірмелерін қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған өзге де құжаттарды қабылдайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттілігі бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтер бар кеден құжаттарын ұсынады.
Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттар кеден органына берілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді.
3. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап тауарлар уақытша сақтаудағы тауарлар болып саналады.
268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.
2. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.
Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі төрт айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ әуе көлігімен өткізілетін, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты алты айдан аспауға тиіс.
Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Комиссияның шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген уақытша сақтау мерзімнен аз мерзім белгіленуі мүмкін.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.
269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар
1. Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін жай-күйде сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті кәдімгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, бүлінген орамды түзету, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоюға немесе олардың жай-күйін өзгертуге әкеп соғатын болса, кеден органы мұндай операцияларды жасауға рұқсат беруден бас тартады.
270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған осы құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада - тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарлардың кедендік рәсіммен орналастырылуына байланысты оларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған кезде;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда - тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
3. Тауарларды уақытша сақтау кезінде:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесінде не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
авария немесе еңсерілмейтін күш әсерi салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырған күн;
тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күн кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсімімен орналастыру кезінде тарифтік преференциялар және кедендік баждар, салықтар төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілместен, төленуге тиісті болған кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын, кедендік құнды, олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасын (мөлшерін, массасын, көлемін немесе өзге де сипаттамасын) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген және тиісінше осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдері күні қолданыста болған валютаның нарықтық бағамын басшылыққа ала отырып есептелген сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР
31-тарау. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар туралы жалпы ережелер
271-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды кедендік тазартудың тәртібі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар және тауарларды кедендік тазарту Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда жасалады.
Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кедендік тазарту деп түсініледі.
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобиль, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалары), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.
3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдары атынан жүргізген кезде өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кедендік органдардың лауазымды адамдары жасайды.
4. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізген кезде кеден органдары қоятын талаптар негізделген болуға және Кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен шектелуге тиіс.
5. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтуші және тағайындалған еліне қарамастан бірдей қолданылады.
272-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттарды берген кезден басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да мемлекеттік бақылау түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылау жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылуы мүмкін.
3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.
273-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
2. Декларанттың не кеден өкілінің дәлелді сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
274-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде осы Кодексте айқындалған тұлғалар кеден органдарына тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге міндетті.
Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті және табыс етілуі Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ғана табыс етуді талап етуге құқылы.
2. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну мерзімі осы Кодекспен белгіленеді.
3. Кеден органының тауарлардың шығарылуы туралы шешім қабылдауына әсер ететін, құжаттарда бар деректерді өзгертпейтін жаңылыс жазудың, техникалық немесе грамматикалық қателердің болуынан кеден органдары құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
4. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар нысанында ұсынылуы мүмкін.
5. Кеден құжаттарының нысандары Комиссияның шешімімен айқындалады.
Кеден құжаттары, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің шет мемлекеттермен халықаралық шарттарына сәйкес, тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа мемлекеттердің кеден құжаттары қолданылуы мүмкін.
275-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалардың және олардың өкілдерінің қатысуы
1. Мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде қатысуға құқылы.
2. Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына оларды жасауға жәрдем көрсету үшін қатысуға міндетті.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 276-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)