10) Қоғамға бекітілген мәселелер тізбесі бойынша оның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
11) Қоғамның директорлар кеңесі белгіленген тәртіппен Қоғамның даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бағалау;
12) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен оны жасауда ерекше шарттар белгіленген Қоғамның тобына кіретін ұйымдар арасында мәміле жасау тәртібін анықтау;
13) тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Қоғамның жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған Компанияларды қоспағанда, Компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім;
14) Қоғамның жылдық бюджетін және оның қызметін жоспарлау
жөніндегі өзге құжаттарды, сондай-ақ олар бойынша есептер тәртібі мен
мерзімін бекіту;
15) Қоғамға барлық тиесілі активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір немесе бірнеше бөліктерін беру арқылы өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне Қоғамның қатысуы;
16) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
17) Қоғамның меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын шамаға оның міндеттемелерін ұлғайту;
18) Қоғамның басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық
капиталдағы қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын сатып алу;
19) Қоғамның тәуекелдерін басқаратын саясатты анықтау;
20) барлық дауыс беретін акциялар (қатысу үлестері) Қоғамға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқаратын бірыңғай саясатты бекіту;
21) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес корпоративтік
хатшыны тағайындау, оның өкілеттіктері мерзімін айқындау, оның
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;
23) Қоғамның бұрынғы тіркеушісімен шарт бұзылған жағдайда Қоғамның тіркеушісін таңдау;
24) Қоғамның есеп саясатын бекіту;
25) директорлар кеңесінің комитеттерін құру және құрамдарын анықтау және олар туралы ережелерді бекіту;
26) Қоғамның директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға кірісу Саясатын бекіту;
27) директорлар кеңесі Комитеттерінің, басқарманың, Қоғамның ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау тәртіптерін бекіту;
28) Қоғамның директорлар кеңесі туралы ережені бекіту;
29) Қоғамның облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығаруының және Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан асатын сомаға Қоғамның өзге қарызды тартуының шарттарын айқындау;
30) Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен ірі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
31) Қоғамның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қоғамға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту;
32) ішкі кредит саясаты туралы ережелерді бекіту;
33) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазакстан Республикасының Заңына және Жарғыға сәйкес өзге де мәселелер.
58. Қоғам жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын Компанияларға қатысты Жарғының 57-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қоғамның уәкілетті өкілдері кейіннен дауыс беру мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қоғамның ұстанымын анықтау үшін Қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
59. Тізбесі Жарғының 57-тармағымен белгіленген мәселелер басқармаға шешім беру үшін берілмейді.
Директорлар кеңесінің жалғыз акционердің шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
60. Қоғамның директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төраға мен мүшелерінен құралады.
Қоғамның акционері болып табылмайтын және жалғыз акционердің мүдделерін білдіруші өкіл ретінде директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылмаған (ұсыныс берілмеген) жеке тұлға директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлана (тағайындала) алады. Мұндай адамдар саны директорлар кеңесі құрамының елу пайызынан аспауы керек.
Директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының бірінші басшыларынан, Қоғамның басқарма төрағасы мен өзге де тұлғалардан қалыптастырылады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрайды. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны жалғыз акционердің директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы шешімімен айқындалады.
Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленеді.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар және директорлар кеңесінің мүшелері жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерінде олардың міндеттемелерін орындау және директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімдері, біліктілігі және іскерлік және/немесе салалық ортадағы оң жетістіктерге ие болуы тиіс.
61. Басқарма төрағасынан басқа басқарма мүшелері директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Басқарма төрағасы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
62. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер
Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бірнеше рет
қайта сайлануы мүмкін.
Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі жалғыз акционердің жаңа директорлар кеңесін сайлау өткізілетін шешім қабылдау кезінде аяқталады. Жалғыз акционер директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесіне берілген жазбаша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады.
Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және жалғыз акционер директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлаған жағдайда соңғысының өкілеттігі тұтас алғанда директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің өтуімен бір мезгілде аяқталады.
63. Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі болып табылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленген тәртіппен:
1) директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
2) Қоғамның директорлар кеңесінің отырысын шақырады және онда
төрағалық етеді;
3) отырыстарды жүргізеді және хаттамаға қол қояды;
4) Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес акционердің лауазымдық
жалақысының мөлшерін белгілей отырып, Қоғамның атынан басқарма
төрағасымен еңбек шартын жасайды.
Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
64. Директорлар кеңесінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және ұсынымдарын дайындау үшін Қоғамда:
1) мониторинг, бақылау және талдау;
2) тағайындау;
3) сыйақылар;
4) аудит;
5) Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге мәселелер бойынша
директорлар кеңесінің комитеттері (бұдан әрі - Комитеттер) құрылуы мүмкін.
Комитеттерді құруды және жұмыс тәртібін, сондай-ақ сандық және дербес құрамын директорлар кеңесі белгілейді.
65. Директорлар кеңесінің отырысы оның төрағасының немесе
басқарманың бастамасы бойынша не:
1) директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің;
2) Қоғамның ішкі аудит қызметінің;
3) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;
4) жалғыз акционердің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
66. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап директорлар кеңесінің төрағасына директорлар кеңесі отырысының ұсынылатын күн тәртібін қамтитын тиісті жазбаша хабар жіберу арқылы қойылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашы аталған талаппен басқармаға жүгінуге құқылы, ол директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.
Директорлар кеңесінің отырысын директорлар кеңесінің төрағасы немесе басқарма шақыру туралы талап келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей шақыруға тиіс.
Директорлар кеңесінің отырысы осы талапты қойған тұлғаны міндетті түрде шақырып өткізіледі.
Қоғамның директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін Қоғамның корпоративтік хатшысы қалыптастырады. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне отырысты өткізу туралы хабарламаны директорлар кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын Қоғамның корпоративтік хатшысы жібереді.
Сырттай дауыс беру арқылы директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы жазбаша хабарламаға сырттай дауыс беруге арналған бюллетень де қоса беріледі, ол бірыңғай нысан бойынша директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне беріледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень:
1) Қоғам басқармасының атауын және орналасқан жерін;
2) қол қойылған бюллетеньнің корпоративтік хатшыға берілген күнді;
3) отырыстың күн тәртібін;
4) дауыс беруге қойылған мәселелерді және олар бойынша дауыс беру нұсқаларын;
5) өзге де мәліметтерді қамтуы тиіс.
6) Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберген кезде корпоративтік хатшы олардың дұрыс және бірізді жасалуын өзінің қолымен куәландырады.
67. Директорлар кеңесінің мүшесі өзінің директорлар кеңесінің
отырысына қатыса алмайтыны туралы басқармаға алдын ала хабарлауға
міндетті.
68. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум директорлар кеңесі мүшелері санының кемінде жартысын құрайды және техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференция сеансы, телефондық конференц-байланыс және т.б. режимінде) қарастырылып жатқан мәселелерді талқылауға және дауыс беруге қатысатын не олардың жазбаша түрде білдірілген дауыстары болған жағдайда директорлар кеңесінің қатыспаған мүшелері ескеріле отырып анықталуы мүмкін.
Егер директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны осы тармақтың алдындағы абзацта белгіленген кворумға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау (тағайындау) мәселесін директорлар кеңесі жалғыз акционердің қарауына енгізуге міндетті. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері мұндай мәселені жалғыз акционердің қарауына енгізу туралы ғана шешім қабылдауға құқылы.
69. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің бір дауысы болады.
Директорлар кеңесінің шешімдері, егер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің отырысқа қатысқан мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыстар саны тең болған кезде директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар кеңесінің отырысына төрағалық етуші адамның даусы шешуші болып табылады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда, Қоғамның директорлар кеңесі отырысына қатыса алмаған немесе директорлар кеңесі қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі оны сот тәртібімен даулауға құқылы.
Егер көрсетілген шешіммен Қоғамның және (немесе) жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жалғыз акционер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қоғам Жарғысының талаптарын бұзыла отырып қабылданған директорлар кеңесінің шешімін сотта даулауға құқылы.
Директорлар кеңесі директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
70. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша директорлар кеңесінің қарауына енгізілген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы да қабылдауы мүмкін. Бұл ретте отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдер пайдаланылады.
Сырттай дауыс беру арқылы шешім белгіленген мерзімде алынған бюллетеньдерде кворум болған жағдайда қабылданды деп танылады. Директорлар кеңесінің сырттай отырысының шешімі жазбаша түрде ресімделіп және оған директорлар кеңесінің төрағасы мен корпоративтік хатшысы кол қоюы, сондай-ақ онда:
1) Қоғам басқармасының атауы мен орналасқан жері;
2) сырттай отырыстың шешімі жазбаша ресімделген күні және орны;
3) директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметтер;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырған адамның (органның) нұсқамасы;
5) отырыстың күн тәртібі;
6) шешім қабылдау үшін кворумның бар - жоқ екендігі туралы жазба;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары және қабылданған шешімдер;
8) өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Шешім ресімделген күннен бастап жиырма күн ішінде директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуге тиіс, оған осы шешімді қабылдауға негіз болған бюллетеньдер қоса беріледі.
71. Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол отырыс өткен күннен бастап үш күн ішінде жасалып, оған отырысқа төрағалық еткен адам мен корпоративтік хатшының қол қоюы және онда:
1) Қоғам басқармасының толық атауы және орналасқан жері;
2) отырыстың өткізілген күні, уақыты және орны;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
4) отырыстың күн тәртібі;
5) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
6) қабылданған шешімдер;
7) директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына корпоративтік хатшы кол қойғаннан кейін хаттамаға келісу парағына директорлар кеңесі мүшелерінің барлығы (Директорлар кеңесінің төрағасынан басқа) кол қояды, бұдан кейін отырыстың хаттамасына директорлар кеңесінің төрағасы қол қояды.
Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары және сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған директорлар кеңесінің шешімдері, сондай-ақ қол қойылған бюллетеньдер Қоғамның мұрағатында сақталады.
Корпоративтік хатшы директорлар кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша оған директорлар кеңесі отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдерді танысу үшін беруге және (немесе) оған хаттама мен шешімнің өз қолымен және Қоғам мөрінің бедерімен расталған үзінді көшірмесін беруге міндетті.
11. Басқарма
72. Ағымдағы қызметті басқаруды басқарма жүзеге асырады. Басқарманы басқарма төрағасы басқарады.
73. Басқарманың құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді:
1) Қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміленің мәні болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша бағалаушының қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау;
2) Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау, сондай-ақ олардың өзгеру шарттары мен тәртібін анықтау;
3) барлық дауыс беруші акциялары меншік құқығында және(немесе) сенімгерлік басқаруда Қоғамға тиесілі компаниялар деңгейінде бірыңғай орталықтандырылған ішкі аудит қызметін құру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компаниялардың жарғыларына сәйкес олар бойынша шешімдерді («Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес Қоғамның жалғыз акционері мен директорлар кеңесі қабылдайтын компаниялар қызметінің мәселелері жөніндегі шешімдерді қоспағанда) Қоғамның басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайтын Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарының құзыретіне жататын Компаниялар қызметі мәселелерінің тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін белгілеу;
5) барлық дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) меншік құқығында және(немесе) сенімгерлік басқарудағы Қоғамға тиесілі Компаниялардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ көрсетілген Компаниялардың директорлар кеңесінің қарауына берілген шешімдерді кейіннен енгізе отырып олармен еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату;
6) барлық дауыс беруші акцияларын (қатысу үлестерін) Компаниялар тікелей немесе жанама иеленетін Қоғамның тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңесінің қарауына берілген шешімдерді кейіннен енгізе отырып Қоғамның басқармасы анықтайтын тізбе бойынша көрсетілген ұйымдардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
7) Компанияларға қатысты директорлар кеңестерін шақырмастан басқару мүмкіндігін осы ұйымдардың жарғыларында белгілеу туралы шешім қабылдау немесе барлық дауыс беруші акцияларын Компаниялар тікелей немесе жанама иеленетін Қоғамның тобына кіретін өзге ұйымдарға қатысты келісу;
8) Қоғамның штат кестесін және ұйымдық құрылымын бекіту;
9) акцияларының елу пайыздан астамы Компаниялардың еншілес Ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдарға өзге заңды тұлғаларды құруға қатысу және (немесе) олардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға рұқсат беру;
10) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
11) қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын Қоғам немесе оның қызметі туралы ақпаратты анықтау;
12) Қоғамның облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын белгілеу және Қоғамның жеке меншік капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қоғамның өзге де қарыз тартуы;
13) дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамына Қоғам тікелей немесе жанама иелік ететін заңды тұлғаларға қатысты үлгі құжаттарды бекіту;
14) Компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын бекіту кезінде оларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржы, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және өзге де саясатты қалыптастыру;
15) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобалардың толықтығы мен оларды іске асыру мерзімдері бойынша іркілістерге жол бермеу жөнінде жедел шаралар қабылдау;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның атынан мәмілелер жасасу;
17) Қоғамның қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер шығару және нұсқаулар беру;
18) Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын,
директорлар кеңесі бекітетін құжаттарға жатпайтын құжаттарды бекіту;
19) Қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
20) Қоғамның даму стратегияларын әзірлеу және кейіннен жалғызакционерге бекітуге ұсыну үшін директорлар кеңесіне шығару;
21) Қоғамның қызметі туралы есептер дайындау;
22) Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан он
пайызына дейінгіні құрайтын шамаға Қоғамның міндеттемелерін көбейтеді;
23) Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен, сондай-ақ жеке
тұлғалармен жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ірі мәмілелерге жатпайтын және Қоғам жасасуға мүдделі мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдау;
24) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қоғамның Жарғысымен Қоғамның басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер.
74. Қоғам жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын Компаниялар қызметінің мәселелері бойынша Жарғының 73-тармағының 4) тармақшасы іске асырылатын шешімдерді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында уәкілетті өкілдер кейіннен дауыс беру үшін Қоғамның акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау мақсатында басқарма немесе басқарманың төрағасы қабылдайды.
75. Жарғының 73-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген Қоғам басқармасының шешімдері барлық дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) меншік және(немесе) сенімгерлік басқару құқығында Қоғамға тиесілі Компаниялардың, Қоғамның тобына кіретін, барлық дауыс беруші акцияларына (қатысу үлестеріне) Компаниялар тікелей немесе жанама иелік ететін ұйымдардың директорлар кеңесінің бірауызды шешімімен қабылданбауы мүмкін.
76. Басқарма өзіне жүктелген функцияларды орындаған кезде сұрау салуды алған күнінен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде директорлар кеңесінің мүшелеріне Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
77. Басқарма Жалғыз акционер мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Қоғам белгілеген шектеулерді бұзып жасаған мәміленің жарамдылығын Қоғам, егер мәмілені жасасу сәтінде тараптардың мұндай шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, даулауға кұқылы.
78. Қордың басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де тұлғалардан тұрады.
Басқарма төрағасының атқарушы орган басшысының не атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның, басқа заңды тұлғаның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.
Басқарма мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және Қоғам мен жалғыз акционердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін тәсілдерді пайдалануға тиіс.
Басқарма мүшелері Қоғам мүлкін Жарғыға, жалғыз акционердің және директорлар кеңесінің шешімдеріне қарама-қайшылықта пайдаланбауға немесе пайдалануға жол бермеуге, сондай-ақ жеке басының мақсаттарында және өзінің аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде теріс пайдаланбауға тиіс.
Басқарма мүшелері басқарма отырысын шақыру, басқарма төрағасын хабардар ету жолымен немесе өзге де қол жетімді тәсілмен залалдың алдын алу, Қоғам қызметін оңтайландыру үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Басқарма мүшелері басқарма төрағасын өздері жетекшілік ететін мәселелер шеңберіндегі істердің жай-күйі туралы хабардар етеді.
Басқарма мүшесінің өзге де функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен, сондай-ақ көрсетілген тұлғаның Қоғаммен жасасқан еңбек шартымен айқындалады. Басқарма төрағасымен еңбек шартына Қоғамның атынан Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы немесе оған жалғыз акционер немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген тұлға қол қояды. Басқарманың қалған мүшелерімен еңбек шартына басқарма төрағасы қол қояды.
79. Басқарма кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.
80. Басқарма, әдетте, айына кемінде 1 (бір) рет жиналады.
81. Басқарма өз қызметін мынадай тәсілдермен шешімдер қабылдау
арқылы жүзеге асырады:
1) Басқарма мүшелерінің отырыста (бетпе-бет отырыс) дауыс беруі;
2) Басқарма мүшелерінің сырттай шешуі (сырттай отырыс - сауал жүргізу арқылы).
Басқарма отырысын өткізу үшін кворум сайланған басқарма мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.
Басқарманың шешімдері отырысқа қатысып отырған басқарма мүшелерінің немесе сырттай отырысқа қатысатындардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
82. Басқарма төрағасы:
1) басқарманы басқарады;
2) жалғыз акционердің, директорлар кеңесінің және басқарманың
шешімдерін орындауды ұйымдастырады;
3) Қоғамның атынан өзінің үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
4) өзінің үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында Қоғамның атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
5) Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызына дейін
құрайтын шамаға Қоғамның міндеттемелерін көбейту туралы шешім
қабылдайды, сондай-ақ Қоғамның атынан тиісті мәмілелер жасасады;
6) Қоғамның қызметкерлерін («Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және қызметінен босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады, жалақы мен өзге де сыйақылар төлеу Қоғам директорлар кеңесінің айырықша құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;