жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындауды;
зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және сарқынды суларды жер қойнауына төгуді;
Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көмудің, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен бөлшектеу ережелерін сақтауды;
су сапасының нормативтерін сақтауды;
атмосфералық ауаны қорғаудың, сондай-ақ климат пен жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кездегі техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелерді және өзге талаптарды сақтауды;
кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтауды;
елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік үдерістерді жүзеге асырған және көлік құралдарын пайдаланған, химиялық және өзге заттарды қолданған кезінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтауды;
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, қайта жаңғырту, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтауды;
радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақтауды;
химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау жөніндегі белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауды;
экологиялық рұқсаттармен белгіленген табиғатты пайдалану шарттарын орындауды;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын есептеу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтауды;
ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптарды сақтауды;
Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдерді орындауды;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерін сақтауды;
өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен ережелерін сақтауды;
міндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерін сақтауды;
мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптарды сақтауды;
міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптарды сақтауды;
Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптарды сақтауды;
қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерін сақтауды мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
18) өзінің құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
19) өзінің құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
20) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
22) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
24) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
25) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу;
26) зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі қызметін жетілдіру;
27) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасау.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
15. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің, оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
16. Министр министрлікті басқаруды жүзеге асырады және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
17. Министр:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалануды басқару және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
3) ведомствоның өзге мемлекеттік органдармен құзыретін және өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді;
4) қызметінде өзінің бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және одан босатады;
5) жауапты хатшымен келісім бойынша ведомство басшысының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
6) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды не толық немесе бөлігінде тоқтата тұрады;
7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
8) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда министрлікті білдіреді;
9) министрлік жұмысының регламентін бекітеді;
10) министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
19. Министрліктің аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
20. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
22. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын қоршаған ортаны қорғау және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрліктің аппаратын басқаруды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Республика Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде министрліктің құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;
9) ведомство басшысы тағайындау үшін ұсынған ведомство басшысының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерінен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, көтерме үстемеақылар төлеу және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрлік жұмысының жыл сайынғы жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және министрліктің қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келіскеннен кейін бекітеді;
17) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
19) өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданудағы құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
25. Министрліктің Министр жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрмен келіскеннен кейін Жауапты хатшы бекітетін министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
27. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ олардың құны министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
28. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Егер Заңда өзгеше белгіленбесе, министрліктің өзіне бекітіліп берілген, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінетін қаражат есебінен сатып алынатын мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.14.03. № 247 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1201 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы.
3. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
5. «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 236 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1201 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік
мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шу-Талас экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Арал-Сырдария экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология департаменті» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1201 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. 2-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 524-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 535-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы» мемлекеттік мекемесін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1338 қаулысының 3-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 231-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 321-құжат).