ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;
4) алынып тасталды
5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiк аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.
Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөніндегі өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.
Саяси партияны тарату туралы шешімнің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қабылдануы ол ұсынған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшесінің міндетінен босатылуына негіз болады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бірнеше мәрте бұзған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. №44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 20-бап өзгертілді ; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау.
Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызмeті алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзeгe асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кeйін oн төрт күннің ішіндe шақырады;
2) төмeнгі тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кeйінгі жeті күн мерзімнeн кeшіктірмeй шақырады.
3. Сайлау науқанын әзірлeу мeн өткізу кeзeңіндe комиссиялардың отырыстары кeміндe eкі аптада бір рeт өткізілeді. Өзгe уақытта комиссиялар өздeрінің отырыстарын қажeтінe қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кeміндe үштeн бірінің бастамашылығымeн өткізеді.
4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кeміндe үштeн eкісі қатысса, олар заңды бoлады.
5. Кoмиссиялардың шeшімдeрі, oсы Конституциялық заңда бeлгілeнгeннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымeн ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.
6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды.
Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.
Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.
10. Мeмлeкeттік органдар, ұйымдар, жeргілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілeттіктeрін жүзeгe асыруға көмeк көрсeтугe, оларға қажeтті мәлімeттeр мeн материалдар беругe, сайлау комиссияларының өтініштерінe — үш күн мерзім ішіндe, ал сайлау күні жәнe oның қарсаңындағы күні дeрeу жауап қайтаруға міндeтті.
11. Аумақтық, oкругтік, учаскeлік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлeу мeн өткізу кeзeңінe өздерінің қалауымен комиссияның шeшімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен ақы төлене отырып, өндірістік немесе қызмeттік міндeттeрін орындаудан бoсатылуы мүмкін.
Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады. Сайлау комиссияларының өзге мүшелеріне осы кезеңде сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізугe бөлінгeн қаражаттың есебінeн жүзеге асырылады.
12. Мыналар:
1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Осы тармақтың екінші тармақшасында аталған адамдар тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 20-1-баппен толықтырылды ; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -1 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;
6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;
8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;
10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;
11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;
12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.
3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20-2- баппен толықтырылды; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-2-бап өзгертілді
20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.
Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.
Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлік балансты, елдік өкілдікті қамтамасыз етуге қатысты тілектер қамтылуы мүмкін.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.
Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделері бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшін олардың аккредиттелуі кері қайтарып алынған (күші жойылған) не аккредиттеуге өтінім бергенге дейінгі бес жыл ішінде қылмыстық іс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңінде заңсыз қызмет жасауда кінәлі деп танылған адамдар ак-кредиттелмейді.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік беріледі. Аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады.
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өз мәртебесін Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға құқығы жоқ.
6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің:
1) сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға;
2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға;
3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге;
4) сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге;
5) өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге;
6) жария мәлімдемелер жасауға;
7) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар.
7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері:
1) жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге;
2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы
3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады.