5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
14-бап. Үшiншi тұлғалардың құқықтары
1. Үшiншi тұлғалар:
1) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды жүргiзуге және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
3) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) келтiрiлген, зиянның мөлшерiн бағалау нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есептерiмен танысуға;
5) сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде алуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөніндегі шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
7) келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемдерiнiң сомасынан асатындай мөлшерде өтеу туралы сақтандырушыға талап қоюға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген үшiншi тұлғалардың құқықтары заңдарда көзделген жағдайларда өзге тұлғаларға (пайда алушыларға) ауысады.
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi
1. Осы Заңда объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мынадай ең төменгi мөлшерлерi (тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштермен):
1) өзiнде уытты және жоғары уытты заттар алынатын, өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектiлерi үшiн - 70 000;
2) өзiнде жанғыш, тұтанғыш, тотықтанғыш заттар алынатын, өндiрiлетiн, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын, жойылатын, технологиялық процесте пайдаланылатын немесе магистральдық құбырлармен тасымалданатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер үшiн - 50 000;
3) өзiнде жарылғыш заттар өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер үшiн - 70 000;
4) өзiнде биологиялық қауiптi заттар өндiрiлетiн, пайдаланылатын, өңделетiн, пайда болатын, сақталатын, тасымалданатын, қоймаға салынатын, түсiрiлетiн (тиелетiн), сатылатын, бейтараптандырылатын немесе жойылатын қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер үшiн - 21000;
5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты өзге де объектiлер үшiн - 28 000 болып белгiленедi.
2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект осы баптың 1-тармағында тiзбелеп көрсетiлген бiрнеше санаттарға бiрден сай келетiн болса, онда ең төменгi сақтандыру сомасының мөлшерiн анықтау үшiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект кiретiн санаттарда көрсетiлген сомалардың ең жоғарғысы пайдаланылады.
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң санатына қарай сақтандыру сомасы мөлшерiнiң 0,72 процентiнен 2,02 процентiне дейiнгi шекте тараптардың келісімi бойынша белгiленедi.
2. Нақты объект үшiн сақтандыру тарифiнiң шамасы өндiрiстiң көлемiне, оның өндiрiстiк сипаттамаларына, объектiде бар қауiптi заттар көлемiне, орын алған авариялық деңгейiне, орналасу орнына және нұқсанның болуы мүмкiн мөлшерiне және нұқсан келтiрiлу ықтималдығына ықпал ететiн басқа да факторларға қарай белгiленедi.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен
мерзiмдерi
Сақтандыру сыйлықақылары объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалғаннан кейiн он күннiң iшiнде бiр мезгiлде төленедi.
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты кез келген негiздер бойынша өзгерген кезде жаңадан есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн iшiнде қосымша төленуге (қайтарылуға) тиiс.
18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң
мөлшерiн айқындау
1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн аварияның себептерiн тексеру актiсiнiң, сот шешiмдерiнiң және келтiрiлген зиянның мөлшерi туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негiзiнде айқындайды.
2. Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн төленетiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы Заңда (тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi және:
1) қаза тапқан кезде - 600;
2) мүгедектiк белгiленген кезде:
I топтағыларға - 500;
II топтағыларға - 400;
III топтағыларға - 300;
3) мертiгу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезiнде мүгедектiк белгiленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған iс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 200-ден аспайтындай мөлшердi құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi әрбiр стационарлық емделу күнi үшiн кемiнде 1,5 айлық есептiк көрсеткiштi құрауға тиiс.
3. Мүлiк зақымданған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оны қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн мүлiктiң орын алған тозуы ескерiле отырып айқындалады.
Мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтер негiзiнде айқындалады.
Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi мүлiктiң нақты құны негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi тозуы ескерiле отырып айқындалады.
Мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса, ол жойылды деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте күтiлетiн шығыстар (қалпына келтiру құны) оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi есептелген тозуын ескере отырып, мүлiктiң нақты құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз деп есептеледi.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде әрбiр үшiншi тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының (сақтандырылушының) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды қажет болған кезде тәуелсiз сарапшы жүргiзуi мүмкiн. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
5. Сақтандыру төлемi үшiншi тұлғаға келтiрiлген залалдың (нақты нұқсанның) мөлшерiнен аспауға тиiс.
Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 2-тармағында белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.
6. Сақтандырушы келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау мақсатымен қосымша тексеру жүргiзуге құқылы. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдардан аварияны техникалық тексеру материалдарын, зиян келтiруге байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, шығын болған (бүлiнген, жойылған) мүлiктiң құны, жүргiзiлген жұмыстардың, келтiрiлген шығындардың құны туралы талқылауға мүмкiндiк беретiн шоттарды, сондай-ақ өзге де қажеттi құжаттарды талап етуге құқылы.
7. Сақтандыру төлемдерi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде жүргiзiледi.
Yшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жетiспеген кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабының 7-тармағында көзделген тәртiппен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады. Бұл ретте пайда алушы келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиянның сомасы алынған сақтандыру төлемiнiң сомасынан асатындай мөлшерде өтетy туралы тiкелей сақтанушыға (сақтандырылушыға) талап қоюға құқылы.
8. Объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi бiрнеше сақтандырушыда сақтандырылған кезде әрбiр сақтандырушы өзiмен жасалған шарт шегiнде сақтанушының алдында жауапкершiлiкте болады, алайда сақтанушының (пайда алушының) барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты нұқсаннан аспауға тиiс.
Бұл ретте сақтанушы өзiмен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде кез келген сақтандырушыдан сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты нұқсанды жаппаған жағдайда, сақтанушы жетпейтiн соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
Сақтандыру төлемiнен толықтай немесе iшiнара босатылған сақтандырушы келтiрiлген нұқсанды басқа сақтандырушылардың өтегенiне орай, сақтанушыға шеккен шығыстарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақысының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.
9. Келтiрiлген зиянды басқа тұлғалар да өтеген жағдайларда, сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiнiң сомасы мен басқа тұлғалар өтейтiн соманың арасындағы айырманы ғана төлейдi. Сақтанушы өзiне белгiлi болған, басқа тұлғалардың үшiншi тұлғаларға зиянды өтеуге жүргiзген төлемдерi туралы сақтандырушыға хабарлауға мiндеттi.
10. Сақтандырушы сақтанушының сақтандыру жағдайында залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын да, егер мұндай шығыстар қажет болса және (немесе) сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлсе, тiптi тиiстi шаралар сәтсiз болса да, өтеуге мiндеттi. Аталған шығыстарды өтеудi сақтандырушы тиiстi шығындар туралы актiнi алған күннен бастап, бiрақ сақтандыру төлемдерi жүзеге асырылғаннан кейiн, отыз күн ішінде жүргізеді.
Сақтанушының аталған шығыстары нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемi мен шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай болып өтеледi. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерде өтеледi.
11. Жәбiрленушi қайтыс болып, оның мұрагерлерi жоқ болған жағдайда, жәбiрленушiнi жерлеген тұлғаға сақтандырушы жерлеуге қажеттi шығыстарды нақты жұмсалған шығындар мөлшерiнде, бiрақ объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде өтейдi.
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру шарттары мен
тәртібі
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға мынадай құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады:
1) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;
2) пайда алушының келтiрiлген зиян мен оның мөлшерiн растайтын құжаттарды қоса тiркеп, зиянды өтеу туралы сақтандырушы мойындаған талаптары немесе қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi;
3) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (болған жағдайда).
2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғадан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
4. Үшiншi тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiгiнiң шегiнде үшiншi тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемiн алуға құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды алған күнiнен бастап отыз күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
7. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешiмiмен танылған аварияның салдарынан зиянды өтеу туралы өтiнiштердi қанағаттандыру олардың түсу тәртібімен, ал бiрнеше өтiнiш бiр мезгiлде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бiрiншi кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте жеке тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледi; 3) үшiншi кезекте заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледі.
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының:
1) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасаған;
2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттер жасаған;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) зиянды азайту жөнiнде ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан оның мөлшерi ұлғайған;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға сақтандыру объектiсi туралы, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;
5) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтанушының (сақтандырылушының) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өтелген, келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға керi талап қою құқығы төленген сома шегiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы, қасақана iс-әрекеттердi қоспағанда, қызметтiк, лауазымдық немесе өзге де еңбек мiндеттерiн бұзуы қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияға себеп болған олардың қызметкерлерiне керi талап қоюға құқылы емес.
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге
асырудан босату негiздерi
1. Егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану мен аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылған және сақтандыру жағдайымен себептiк байланыста болған iс-әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiнен толығымен немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
2. Егер сақтандыру жағдайы:
1) әскери iс-қимылдар;
2) азаматтық соғыс, халықтың кез келген толқулары, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiлдер салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан босатылады.
3. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да:
1) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан артық зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау негiз болуы мүмкiн.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiм қабылдайды және отыз күн iшiнде бас тарту себептерiн дәлелдi негiздей отырып, сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
5. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкiн.
22-бап. Дауларды қарау тәртібі
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
23-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру
қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |