Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 және 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 387 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 319 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысында:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Инжиниринг және технологиялар трансфертті орталығы» деген сөздер «Ұлттық инновациялық қор» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламада:
«5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген бөлімде:
«5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту» деген кіші бөлімде:
отыз екінші абзацта:
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» деген сөздер «Ұлттық инновациялық қор» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және өңірлік» деген сөздер алынып тасталсын;
отыз сегізінші абзац алынып тасталсын;
қырық жетінші абзацтағы «Технопарктердің ұлттық, сол сияқты» деген сөздер алынып тасталсын;
«8. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
4-бағанда:
реттік нөмірлері 3.1 және 3.7-жолдардағы «ИТТО» аббревиатура «ҰИҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 3.3, 3.7.1 және 3.12-жолдар «ҰИҚ» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |