тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
егер ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, экспедитор.».
98. 189-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«189-бап. Декларанттың жауапкершілігі
Декларант осы Кодекстің 188-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны, сондай-ақ декларацияда көрсетілген, оның ішінде кеден органдары тауарларды тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып шығару туралы шешім қабылдаған кезде дәйектемесіз мәліметтерді мәлімдегені үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.».
99. 193-баптың 6-тармағында:
«45 (қырық бес)» деген сөздер «30 (отыз)» деген сөзбен ауыстырылсын;
«осы тауарларға қатысты төлеуге жататын кедендік баж ставкалары, салықтар өзгерсе, кедендік декларация берілген жоқ деп есептеледі» деген сөздер «тыйым салулар мен шектеулер енгізілсе, кеден органы мұндай тауарларды шығарудан бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын.
100. 195-бапта:
а) 1-тармақта:
1-тармақша «кеден органына» деген сөздердің алдынан «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттарды тауарлар шығарылғаннан кейін ұсынуға болатын жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімдерді белгілеген кезде:
осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына;
осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғалар тауарларды таңдап алған кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтағанда;»;
б) 2-тармақ алып тасталсын;
в) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органының лауазымды адамы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедендік декларацияға және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен жүргізеді.».
101. 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«196-бап. Тауарларды шығару мерзімдері
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
Кедендік әкету баждары қолданылмайтын, кедендік экспорт рәсіміне орналастырылатын тауарларды және кедендік уақытша әкету рәсіміне орналастырылатын, тізбелерін Кеден одағының комиссиясы айқындайтын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларациялар тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға декларациялар кеден органының жұмыс уақытының аяқталуына 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген жағдайда осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауға тиіс.
Көрсетілген мерзімдер кедендік бақылау жүргізу уақытын қамтиды.
2. Осы Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарларды алдын ала кедендік декларациялауды қолданған кезде тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарлар ұсынылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде аяқтауға тиіс.
3. Тауарларды шығару осы Кодекстің 331-бабына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.
4.Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы (бастығы) орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылау нысанын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5.Кеден одағы комиссиясының шешімімен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шығарудың осы баптың 1-тармағында белгіленген ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленуі мүмкін.».
102. 197-бапта:
а) 1-тармақта:
1-тармақшадағы «фактуралы» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақшадағы «сәтіне» деген сөз «күніне» деген сөзбен ауыстырылсын;
б) 2-тармақтың 1-тармақшасындағы «сәтінде» деген сөз «күні» деген сөзбен ауыстырылсын.
103. 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар
1. Оларға қатысты:
1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тауарларды пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулермен іліктес жеңілдіктер берілген;
2) пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулер осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды тауарларды шығарғаннан кейін ұсынуға байланысты болған;
3) кеден одағына мүше мемлекет мөлшері Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданған болса, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған деп саналады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес мақсаттарда ғана пайдаланылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзгеше тәсілмен иеліктен айыру жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасын және қауіпсіздігін тексеруге байланысты болған жағдайларда оларды кез келген нысанда пайдалануға (тұтынуға) тыйым салынады.
Осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар кеден органы оларды шығаруды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ғана пайдаланылуы мүмкін.
3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады және кедендік бақылауда болады.
4. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарлар кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылған сәтке дейін шартты түрде шығарылған деп есептеледі.
5. Шартты түрде шығарылған тауарларға:
осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылғаннан;
осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан;
осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомалары мен тауарларды шығарған кезде төленген кедендік әкелу баждарының сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждары төленгеннен кейін кеден одағының тауары мәртебесін иеленеді.
Халықаралық шарттармен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен шартты түрде шығарылған тауарлар кеден одағының тауары мәртебесін иеленетін өзге мән-жайлар белгіленуі мүмкін.
6. Кеден одағының тауары мәртебесін иелену үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қайтадан орналастыруға жатпайды.
Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу не осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылған тауарларға жатқызудың өзге жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.».
104. 201-баптың 1-тармағы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағында және» деген сөздермен толықтырылсын.
105. 202-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы кедендік рәсім Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған шарттарға сәйкес және тауарлардың санаттарына қатысты кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.».
106. 213-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
107. 215-бапта:
а) 2-тармақтың 3-тармақшасындағы «осы тармақтың 5-тармақшасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын, «сондай-ақ» деген сөзден кейін «егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса,» деген сөздермен толықтырылсын;
б) 3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теңіз көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес кеден одағына мүше бір мемлекеттің ғана аумағы арқылы өткізілетін тауарларды тасымалдау кезінде осындай кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен кедендік транзиттің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.».
108. 218-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кеден органы кедендік сүйемелдеу туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы оны осындай шешім қабылданған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.».
109. 219-баптың 1-тармағындағы «түрлеріне қарай» деген сөздер «түрлерін және (немесе) декларанттың немесе егер тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты ретінде әрекет етпесе, тасымалдаушының өтінішін негізге ала отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын.
110. 222-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «екінші жолында» деген сөздер «екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
111. 232-баптың 4-тармағындағы «тауарларға» деген сөз «тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
112. 234-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «тасымалдануы» деген сөз «ауыстырылуы» деген сөзбен ауыстырылсын.
113. 240-баптың 1-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацындағы «кедендік мағлұмдама пайдаланылуы мүмкін» деген сөздер «декларант кедендік декларацияны пайдалануға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
114. 244-баптың 1-тармағындағы «рұқсат» деген сөз «осы құжат» деген сөздермен ауыстырылсын.
115. 246-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.».
116. 248-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кедендік экспорт рәсіміне сәйкес бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кірген ақаулы түрдегі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды кепілдікті жөндеу үшін әкелген жағдайда, кеден одағының өздерінің сипаты, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша әкелінген тауарлармен сәйкес келетін тауарлары олардың жөнделген және (немесе) тозған жай-күйін ескерместен, баламалы тауарлар ретінде қаралады.».
117. 249-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған қайта өңдеу өнімдерін, шетелдік тауарларды, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен тұқылдарды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік транзит рәсімін қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.».
118. 250-бапта:
а) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы «жағдайлар бар» деген сөздер «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
б) 5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «2 азат жолына» деген сөздер «екінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
119. 253-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы «256» деген цифрлар «259» деген цифрлармен ауыстырылсын.
120. 259-баптың 1-тармағындағы «кепілді» деген сөз алып тасталсын.
121. 265-баптың 1-тармағындағы «және (немесе) кеден одағының Комиссиясы анықтайды» деген сөздер «айқындалады» деген сөзбен ауыстырылсын.
122. 269-баптың 1-тармағындағы «рұқсат» деген сөз «осы құжат» деген сөздермен ауыстырылсын.
123. 271-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.».
124. 279-баптың 1-тармағында:
а) мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Оларды кері экспорттау кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен уақытша әкелінген тауарлармен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.»;
б) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізу, тәжірибелер немесе экспериметтер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.».
125. 280-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсаттарына байланысты Кеден одағының комиссиясы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен ұзақтығы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін.».
126. 281-баптың 2-тармағындағы «қоймасына ауыстыруына» деген сөздер «кеден қоймасы рәсіміне не Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өзге кедендік рәсімге» деген сөздермен ауыстырылсын.
127. 283-баптың 4-тармағының 1 және 2-тармақшаларының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
128. 284-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастыру кезінде мұндай босату қолданылған кезең үшін егер осы сомаларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған күннен бастап кейінге қалдыру (мерзімін ұзарту) ұсынылған жағдайда төленуі тиіс кедендік баждар, салықтар сомаларынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген процент төленуге тиіс.
Уақытша әкелінген тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген процентті төлемейтін жағдайларды айқындауға құқылы.».
129. 288-бапта:
а) 2-тармақ «санаттары үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оларды уақытша әкету кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кері әкелу міндетті болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
б) 3-тармақтағы «екінші абзацын» деген сөздер «екінші бөлігін» деген сөздермен ауыстырылсын.
130. 293-баптың 3-тармағында:
а) «әкелу кедендік баждарын» және «баждардың,» деген сөздер алып тасталсын;
б) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кері импорттау кезінде кедендік әкелу баждарының сомалары тауарларды кедендік аумақтан әкетуге байланысты төленбеген не қайтарылған жағдайда, мұндай баждарды өтеу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.».
131. 302-бап «адамдарға» деген сөзден кейін «не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
132. 304-баптың 1-тармағындағы «абаттандыру және жабдықтау» деген сөздер «абаттандыру, жабдықтау» деген сөздермен ауыстырылсын.
133. 305-баптың 1-тармағындағы «кеден одағының кедендік аумағынан кететін адамдарға» деген сөздер «осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
134. 306-баптың 2-тармағының 1-тармақшасындағы «кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға» деген сөздер «осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
135. 307-баптың екінші бөлігіндегі «зиянсыз ету немесе» деген сөздер «залалсыздандыру, толық жою немесе өзгеше» деген сөздермен ауыстырылсын.
136. 331-баптың 2-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
137. 332-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы «әрбір кеден одағына мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектісінен» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
138. 335-бапта:
а) 5-тармақтағы «коммерциялық» деген сөз алып тасталсын;
б) мемлекеттік тілдегі мәтінінде 5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.
Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.»;
в) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды кедендік декларациялау кезінде оның саны мен сапасын растау үшін солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған оны контрагенттерге тапсыру орындарында орналасқан есептеу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жасалған табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы актілер пайдаланылады.».
139. 337-бапта:
а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды есептеу аспаптары кеден одағының кедендік аумағында және (немесе) оның шегінен тыс өлшеуді жүргізу табиғи газды тасымалдау технологиясымен негізделген және (немесе) солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған орындарда болуы мүмкін.»;
б) 3-тармақта:
«желілері бойынша» деген сөздерден кейін «кеден одағының кедендік аумағында орналасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер есептеу аспаптары кеден одағының кедендік шекарасынан тыс жерлерде болса, кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартының негізінде кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сәйкестендіру құралдарын салады.».
140. 339-бапта:
а) 1-тармақта:
«коммерциялық» және «екі» деген сөздер алып тасталсын;
«халықаралық шарттарға және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамаларына сәйкес» деген сөздер «тек кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға ғана және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына ғана сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) «өзге де белгіленген мәліметтерді» деген сөздер «өзге де кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
141. 342-баптың 1-тармағының 2-тармакшасындағы «осыған уәкілетті шетелдік тұлға» деген сөздер «қарапайым жазбаша нысандағы сенімхатпен немесе осындай қызметтерді көрсетуге арналған шартпен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге тиісінше уәкілеттік берілген шетелдік тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын.
142. 344-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «жалпы пайдалану темір жол жылжымалы составының» деген сөздер «тіркемелердің, жартылай тіркемелердің, контейнерлердің және жалпы пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамының» деген сөздермен ауыстырылсын.
143. 345-баптың 1-тармағында:
а) «осы баптың 4-тармағында қарастырылған жағдайы» деген сөздер «осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әуе кемесінің кеден одағының тауары болып табылуы және кеден одағына мүше мемлекет тұлғасының халықаралық тасымалдау мақсаты үшін пайдалануы шартымен әуе кемелерін халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде уақытша әкетуге жол беріледі.».
144. 348-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «осы баптың» деген сөздер «осы Кодекстің 345-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын.
145. 354-бапта:
а) 3-тармақтағы «Жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарлар өткенде» деген сөздер «Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған автомобиль көлік құралдарында немесе поезда өткізгенде» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «бірінші және екінші абзацтарында» деген сөздер «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
146. 355-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы «валюталық құндылықтар» деген сөздерден кейін «, жол чектері» деген сөздермен толықтырылсын.
147. 356-баптың 1-тармағының 6-тармақшасындағы «тыйымдар мен» деген сөздер алып тасталсын.
148. 360-баптың атауындағы «төлемдер мен» деген сөздер «баждардың,» деген сөзбен ауыстырылсын.
149. 363-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы тараудың ережелері қолданылатын керек-жарақтардың сандық нормалары айқындалуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген нормалардан асып кететін керек-жарақтар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатады.».
150. 366-баптың 3-тармағы «халықаралық шарттары» деген сөздерден кейін «мен Кеден одағы комиссиясының шешімдері» деген сөздермен толықтырылсын.
151. 372-баптағы «жасалған» деген сөз «қолданылатын» деген сөзбен ауыстырылсын.
152. 373-бап алып тасталсын.
Осымен 2010 жылғы 16 сәуірдегі Мәскеу қаласында қол қойылған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің Басқарма бастығы | Б. Пискорский |