«қосу
өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыруды мемлекеттік қолдау мақсатында қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң елу процентiн өтеу түрiнде мемлекеттік бюджеттен алуға жататын (алынған) қаражат,»;
7) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлді
7) 25-бапта:
10-тармақтағы «және мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы бұрын жiберiлген сұрату салуға уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде» деген сөздер «бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасының бiрiншi бөлiгi «жойған кезде» деген сөздерден кейiн «немесе мониторингке жататын iрi салық төлеушi болып табылатын тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша өздерiнiң өзара есеп айырысулары бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта:
екiншi бөлiктегi «13» деген цифлар «12» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiк «тексеруге жатады» деген сөздерден кейiн «және (немесе) уәкiлеттi органға iрi салық төлеушiлердiң мониторингi бойынша есептіліктiң негiзiнде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растауы туралы сауал жiбередi» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Салық төлеушiнiң жеке шотындағы есепте бар және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтық құқық бұзушылықтары үшiн 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқықтарды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза белгiлеу туралы қаулы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгiленген мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес төленбеген айыппұлдың сомасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салық органы шешiмiнiң негiзiнде есептен шығаруға жатқызылады деп белгiленсiн.»;
9) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлді
9) 48-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн;
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткізу бойынша айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлер салуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн;»;
4) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының;»;
10) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлді
10) 49-баптың 1) тармақшасында:
жиырма екiншi абзацтағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса,» деген сөздер «Осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн импортталған берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар тiзбесiне кiрсе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бұрын импортталған тауарларды керi экспорт режимiнде әкеткеннен басқа әкелiнетiн тауарларына қатысты қолданылады.»;
алпыс төртiншi абзацтағы «еркiн айналысқа» деген сөздер «еркiн айналыс үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс алтыншы абзацтағы «6-тармағында» деген сөздер «5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс жетiншi абзацтағы «тауарларды әкелу күнiнен бастап талап қоюдың өткен мерзiмiнiң» деген сөздер «тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарған күннен бастап бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алпыс сегiзiншi және алпыс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«5-1. ұкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркiн айналыс үшiн шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы жетпiс бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды қаржы лизингiне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн берген кезде де қолданылады.»;
11) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлді
11) мынадай мазмұндағы 52 және 53-баптармен толықтырылсын:
«52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу айналымдары салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде салықтық тексеру (қарсы тексерудi қоспағанда) жүргiзiлмейдi.
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткізу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.».
26-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлді
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат):
2-бапта:
«Заң» деген сөзден кейiн «, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларын және» деген сөздермен толықтырылсын;
«1) - 16)» деген цифрлар «4) - 16)» деген цифрлармен ауыстырылсын.
27-тармақ 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлді
27. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 18, 84-құжат):
2-бап «Осы Заңның» деген сөздерден кейiн «2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 70-тармағының 1) тармақшасын, осы Заңның» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 10-тармағын, 15-тармағы 11) тармақшасының екiншi абзацын, 20-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының бiрiншi-он төртiншi, он алтыншы абзацтарын, 4), 5), 7) - 11), 13) тармақшаларын, 16) тармақшасының екiншi және он тоғызыншы абзацтарын, 17) - 20) тармақшаларын, 24-тармағын;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 3) - 6), 8), 10), 12) - 25), 27) тармақшаларын, 28) тармақшасының жетiншi - оныншы, он үшiншi - он алтыншы абзацтарын, 29), 32), 33), 35) - 38), 40) - 49), 54), 56), 59) тармақшаларын, 63) тармақшасының екiншi - сегiзiншi абзацтарын, 80), 83), 84) тармақшаларын, 85) тармақшасының үшiншi - сегiзiншi абзацтарын, 8-тармағын, 25-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының төртiншi - бесiншi абзацтарын, 7), 9) - 11) тармақшаларын, 26-тармағын, 27-тармағын;
3) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болатын 1-баптың 5-тармағының 50) - 52) тармақшаларын, 53) тармақшасының екiншi - он жетiншi абзацтарын, 74) тармақшасын;
4) 2009 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 6-тармағының 1) және 4) тармақшаларын;
5) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 1), 2), 7), 11), 26) тармақшаларын, 28) тармақшасының екiншi - алтыншы, он бiрiншi, он екiншi, он жетiншi абзацтарын, 30), 31), 34), 39) тармақшаларын, 53) тармақшасының он сегiзiншi - жиырма сегiзiншi абзацтарын, 55), 57), 58) 60) - 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының тоғызыншы - он бiрiншi абзацтарын, 64) - 73), 75) - 79), 81), 82) тармақшаларын, 85) тармақшасының екiншi абзацын, 86), 87) тармақшаларын, 15-тармағы 8) тармақшасының төртiншi абзацын, 25-тармағының 2) тармақшасын, 5) тармақшасының екiншi, алтыншы абзацтарын, 6), 8) тармақшаларын;
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 20-тармағының 14) тармақшасын;
7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын, 9-тармағының 17) тармақшасын, 20-тармағы 3) тармақшасының он бесiншi абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның 1-бабы 20-тармағының 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады.
3. Сақтандыру ұйымдары тиiстi лицензиялары болған ретте қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттарын 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жасасуға құқылы.
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде тиiстi лицензияны қайта ресiмдеуге мiндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм өткен соң «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуды қоса алғанда, оларды жасауға, өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттары бойынша осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген сақтандыру ұйымы олардың қолданылу мерзiмi өткенге дейiн өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
4. Мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап он екi ай iшiнде өз қызметiн осы Заңның 9-тармағы 7) тармақшасы үшiншi абзацының талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
5. Мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде өз қызметiн осы Заңның 12-тармағы төртiншi абзацының, 13-тармағы төртiншi абзацының, 14-тармағы төртiншi және бесiншi абзацтарының, 15-тармағы 3) тармақшасы төртiншi абзацының, 16-тармағы бесiншi және алтыншы абзацтарының, 17-тармағы 5) тармақшасы екiншi абзацының, 19-тармағы төртiншi абзацының, 20-тармағы 6) тармақшасы екiншi абзацының, 21-тармағы төртiншi абзацының талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.
6. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған өзара сақтандыру қоғамдары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 30-ы.
№ 234-IV ҚРЗ