ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. № 241 қаулысымен; 2005.20.07. № 756 қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді
36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдіктерді кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.
Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдiк азаматтар не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады.
37. Шетелдіктер заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы.
38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдіктердің осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
7. Халықаралық келісімдер
39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келісімнiң ережесi қолданылады.