құқығын беретін актіге
2-қосымша
____________________________________________________________________
(меншік иесінің аты-жөні, заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________ ұсынылатын (берілетін)
ерекше режиммен пайдаланылатын жер учаскелерінің
тізбесі
Сызба- дағы учаске N | Жерлері ерекше режиммен пайдаланылатын аумақтардың атауы (санитарлық-қорғау аймақтары, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, су қорғау мақсатындағы және т.б. жерлер) | Жалпы алаңы, га | Оның ішінде ауыл шаруашы- лығы алқаптары | Одан егіс- тік жерлер | Жерді пайдала- нудың белгілен- ген режимі |
| | | | | |
М.О. ____________________________________________________
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
____________________________________________________________ басшысы
200__ ж. __________ __________ ___________ ___________________
(күні) (айы) (қолы) (аты-жөні)
М.О. __________________________________________________
(қорғалатын аймақ орнатуға мүдделі органның атауы)
_________________________________________________________ басшысы
200__ ж. __________ __________ ___________ __________________
(күні) (айы) (қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 369-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы аумақтардың резервіне қалдыру ережесінде:
мәтіндегі «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган (бұдан әрі - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган)», «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган», «облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган», «жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық органның» деген сөздер тиісінше
«жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - облыстық жер қатынастары жөніндегі орган)», «облыстық жер қатынастары жөніндегі орган», «облыстық жер қатынастары жөніндегі органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган», «жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта «белгілеуді» деген сөз «белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 388-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесінде:
19-тармақтағы «тиісті жер ресурстарын», «органдар» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын», «органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат дайындаумен қамтамасыз етіледі.»;
7-тармақта:
бірінші абзацта:
«тиісті аудандардың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аудандарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кадастрлық бағалау құны, жерді пайдалану құқығы» деген сөздер «кадастрлық (бағалау) құны, жер учаскесіне құқығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «республикалық маңызы бар қалалар,» деген сөздер «республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кадастрды жүргізу бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады.»;
9-тармақта:
бірінші абзацта «сипаттамаларына» деген сөз «сипаттамаларын бейнелеу және» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «масштабы» деген сөзден кейін «есепке алу бірлігінің мөлшеріне және» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта «жерге орналастырудың деректері бойынша құрылады және» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастрлық істерді Кадастрды жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.»;
12-тармақтың мәтінінде:
«жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарға», «Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар» деген сөздер «жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден учаске құру бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына берілетін олардың бөлінетін жер учаскесін бөлу туралы өтініштері негізінде жүргізіледі.
Өтінішке жер учаскесіне жеке меншік құқығы туралы құжаттар қоса беріледі.
Бөлінген жер учаскесіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастрлық іс жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастрлық іске тиісті өзгерістер енгізіледі.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бірнеше жер учаскелерін біреуіне біріктірген кезде осы учаскелерге бұрын жүргізілген жер-кадастрлық істер кіретін, жаңа жер-кадастрлық іс жүргізіледі.»;
17-тармақта:
«жер-кадастрлық кітабына жазу» деген сөздерден кейін «және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі құқықтық, сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.»;
18-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
23-тармақта:
үшінші абзац «жер-кадастрлық кітапқа» деген сөздерден кейін «және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта:
«республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздер «республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және тұтастай алғанда республика бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақта:
1) тармақшада:
«бірліктердегі (ауыл (село), кент» деген сөздерден кейін «облыстық және» деген сөздермен толықтырылсын;
«жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық (қалалық) органға» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынылған есептерді қарайды әрі бекітеді және оларды болған өзгерістерді жер-кадастрлық кітапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгізу үшін Кадастр жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындарға жібереді.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары жерлердің бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлінуі туралы жыл сайынғы есептерді (жер балансын), сондай-ақ есепті жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттің жер учаскелерін меншікке сатуы туралы мәліметтерді жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және статистика жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша жасайды.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындар 5 жылда бір рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердің сапалық жағдайы туралы есептер жасайды.»;
25-тармақтың бірінші абзацында «және кадастрлық бағасын есепке алу» деген сөздер «есепке алу және кадастрлық бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақта:
бірінші, екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жердің бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі туралы есептерді (жер балансын) осы Ереженің 24-тармағына сәйкес мыналар жасайды:
аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы және есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей жер қатынастары жөніндегі облыстық уәкілетті органға ұсынады;
облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы және есепті жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
бесінші абзацта:
«Жиынтық талдамалы есепті бекіткеннен кейін жер» деген сөздер «Жер» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оның көшірмесін» деген сөздер «жиынтық талдамалы есептің көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Жер кадастрын жүргізгенде әрбір жер учаскесіне жер учаскесінің орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске біртұтас болып тұрғанша сақталатын, кадастрлық нөмір беріледі. Жер-кадастрлық іс те осындай нөмірге сәйкестендіріледі.
30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмірді беру үшін Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынға өтініш жасайды, ал жер құқығын куәландыратын ескі үлгідегі құжатты жаңаға ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жүгінеді.
Өтінішке жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.»;
31-тармақта «уәкілетті органның» деген сөздердің алдынан «орталық» деген сөзбен толықтырылсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Жер учаскесін сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері бойынша мамандандырылған кәсіпорын жер учаскесіне кадастрлық нөмір береді, ескі үлгідегі құжатқа тиісті белгі жасайды және оны өтініш берушіге береді. Жер учаскесіне кадастрлық нөмірді бергені туралы ақпарат жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органға ұсынылады.
Жерге құқықты куәландыратын ескі үлгідегі құжаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өзінің құзыретіне сәйкес өтініш берушіге беретін құқықты куәландыратын жаңа құжатқа ауыстыру өтініш берушінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Жер-кадастрлық кітапқа және мемлекеттік жер тізіліміне тиісті жазба жасалады.»;
33-тармақтың бесінші абзацында, ескертуде «және/немесе аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы», «және/немесе ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың» деген сөздер алынып тасталсын;
34-тармақта «астананың ішіндегі» деген сөздерден кейін «есепті кварталдардың кодтары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтың алтыншы абзацында «нөмірлері» деген сөз «кадастрлық нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
42-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
44-тармақта «орны бойынша» деген сөздерден кейін «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
«45-1. Жер учаскелері жөніндегі жер-кадастрлық істер, жер-кадастрлық кітаптар, бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі Кадастрды жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиіс.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесінде:
«Солтүстік Қазақстан облысы - 15» деген бөлім «Тайынша қаласы - 175» деген жолмен толықтырылсын.
4. «Жерді сақтап қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 407-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді сақтап қою ережесінде:
5-тармақтағы «атқарушы органдар,» деген сөздерден кейін «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші абзацында «аумақтық жер ресурстарын басқару» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі орган» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 464-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
2-тармақта:
7) тармақшаның екінші абзацында «жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшада «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
42-тармақта:
«жергілікті атқарушы орган», «жергілікті атқарушы органның» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жер ресурстарын басқару жөніндегі», «аумақтық» деген сөздер тиісінше «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі», «уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымшада:
бірінші абзацта «жергілікті атқарушы» деген сөздер «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бөлімнің 1-тармағында «Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бөлімнің «Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері» деген кіші бөлімінде «жергілікті атқарушы» деген сөздер «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1269 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 47, 525-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының және республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына қосылған жерді пайдалану ережесі мен режимінде:
мәтіндегі «жер ресурстарын басқару» деген сөздер «жер қатынастары» деген сөздермен ауыстырылсын.