Форс-мажор мән-жайларды қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды беру кестесін сақтамаған болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде кешіктірілген әр күні үшін уақтылы берілмеген тауар сомасының 0,01 % мөлшерінде Шарт сомасынан тұрақсыздық төлемі ретінде кемітуге құқылы, бірақ уақтылы берілмеген тауар құнының 5 % -нан артық болмауы тиіс.
7-тарау. Өтпелі ережелер
7. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның ережелерінің кез-келгенінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе олардың атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты, осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан қызметкерлерді қоспағанда, біреуге ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы қызметкерге құпия және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде ұсынылуы тиіс.
8-тарау. Қорытынды ережелер
8. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап немесе қажет болған жағдайда Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін күшіне енеді. Шарттың 200_ жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Тараптар өз міндеттемелерін орындауды аяқтағанға дейін күші бар.
Шарт өз күшін мынадай жағдайларда жояды:
1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;
2) Тараптардың бірінің банкрот болып танылуы.
Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор олардың арасындағы Шарт бойынша немесе онымен байланысты пайда болатын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге күш салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді.
Егер мұндай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мәселенің шешімін талап ете алады.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шарттың сотта қаралу қажеттілігі жағдайында Шарттың орыс тіліндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасулар мен Тараптар алмасатын басқа да құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын беру арқылы хат, жедел хат, телекс немесе факс түрінде жолданады.
Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енетіні көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кейінірек келетініне байланысты күшіне енеді.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері
р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Саудадағы атауы | Шығарылу нысаны | Өлшем бірлігі | Бағасы | Саны | Сомасы |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Барлығы: | | |
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Бірыңғай дистрибьютор мен
Тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шартына
2-қосымша
Беру кестесі
р/с № | Саудадағы атауы | Өлшем бірлігі | Жалпы саны | Ай сайынғы қажеттілік * |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
*- беру басталатын күнге байланысты толтырылады. Беру жоспарланбаған графаларда «0» немесе «-» қойылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 10-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының нысаны (әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әр лотқа жеке толтырылады)
Лот №__
р/с № | Мазмұны | |
1. | Дәрілік заттың қысқаша сипаты (халықаралық патенттелмеген атауы және саудадағы атауы) | |
2. | Шығарылған елі, медициналық мақсаттағы бұйым | |
3. | Жасаушы - зауыт | |
4. | Өлшем бірлігі | |
5. | Баға ________ бірлікке ________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша ________ (белгіленген пункті) | |
6. | Саны (көлем) | |
7. | Жалпы бағасы, ___________ DDP ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _____________, белгіленген пункті, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар | |
_________________ М.О. __________________________
(қолы) (лауазымы, А.Т.Ә.)
Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құрамдас бөліктерін көрсетпеуіне болады, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны Комиссия әлеуетті өнім беруші барлық шығындарды ескере отырып анықтаған баға ретінде қарайды.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 11-қосымша
Беру үлгі шарты
_________ қ. №_________ 20__ жылғы «__» ______________
Бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________ атынан,
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын төмендегі туралы осы беру шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
Өнім беруші Сатып алушыға Шартқа 1-қосымшада көрсетілген саны, бағасы бойынша, қабылдау орны мен мерзімінде тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді (бұдан әрі - өнім) жеткізіп беруге міндеттенеді және Сатып алушы Шарттың талаптарына қарай өнімді қабылдауға және құнын төлеуге міндеттенеді.
2. Шарттың құны
1. Шарттың құны ____ теңгені құрайды. Осы Шарт бойынша жеткізілетін өнім бірлігінің құны теңгемен Шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
2. Шарттың құнына салықтар, алымдар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндетті төлемдер, өнімді орауға және таңбалауға арналған шығындар, сондай-ақ Өнім берушінің өнімді Сатып алушыға беруге байланысты барлық шығыстары жатады.
3. Шарттың құны мен өнімнің бір бірлігінің құны белгіленіп қойылады және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін көбейту жағына қарай өзгертуге жатпайды.
3. Төлем тәртібі
1. Шарт бойынша жеткізілген өнім үшін төлемді Сатып алушы теңгемен жүргізеді. Өнімнің әр партиясы үшін төлем мерзімі осы Шарттың 2-тармағының 3-бөлігінде көрсетілген құжаттар алынған және қол қойылған күнінен бастап 60 (алпыс) банк күнінен аспауы тиіс.
2. Шарт бойынша төлем Сатып алушыға өнімді жеткізгенін растайтын мына құжаттардың тиісті ресімделген (Шартқа міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс) түпнұсқаларын уақтылы тапсырған кезде жүргізіледі:
Өнім берушінің салық шот фактуралары;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша енімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар көлік құжаттамасы;
Сатып алушының немесе оның заңды өкілінің саны мен сапасы бойынша өнімді қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің қаптама қағаздары;
Өнімнің сапа сертификаты;
Өнімнің тіркеу куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
қабылдау-беру орнында жасалған Тараптардың немесе олардың заңды өкілдерінің белгілері бар қабылдау-тапсыру актілері;
Сатып алушы Өнім беруші алдындағы расталған берешекті төлеуге міндетті мерзім көрсетіле отырып Тараптар қол қойған өзара есеп айырысуды салыстыру актісі (осы құжатты Өнім беруші өнімнің соңғы партиясымен бірге береді).
4. Өнімді орау және таңбалау
1. Өнім Сатып алушыға оны темір жол және/немесе автомобиль көлігі арқылы тасымалдау, тиеу, ауытқуды қоса алғанда, түсіру кезінде өнімді бүлінуден сақтауды қамтамасыз ететін тиісті қаптамада жеткізілуі тиіс.
2. Өнімді орау және таңбалау шарттары Шартқа 2-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Ерекше жағдайлар
1. Шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында Өнім беруші Сатып алушыға 1-тармақтың 2-бөлігінде белгіленген Шарттың құнынан 3 %-ы мөлшерінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін сапалы және уақтылы орындауға осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік қамтамасыз етуді ұсынады.
2. Өнім беруші күн сайын Сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін осы Шарттың барлық орындалу сатылары (өндіру, сақтау, тиеу) туралы ақпарат беріп отыруға міндетті.
3. Өнімді тиеуді бастауға 24 сағат қалғанда Өнім беруші Сатып алушыға мынаны көрсете отырып, жазбаша түрде факс немесе телекс арқылы алдағы тиеу туралы ақпарат беруге міндетті:
Шарттың нөмірі мен күнін;
берілетін Өнімнің атауын;
көліктің нөмірін (вагонның, контейнердің);
тиеу күнін;
орындар саны мен салмағын;
тиелген өнімнің құнын.
4. Өнім тиелгеннен кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім беруші Сатып алушыға Шарттың 2-тармағындағы 3-бөлікте көрсетілген тиеуге қатысты құжаттарды толық көлемде ұсынуға міндетті.
5. Өнімді беру күні болып Шартқа 1-қосымшада көрсетілген жеткізу орнында Тараптар арасында қабылдау актісі жасалған күн болып саналады.
6. Шарт бойынша жеткізілетін өнім Өнім беруші тапсырған және Сатып алушы қабылдаған болып саналады:
Екі тарап қол қойған Өнімді қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген саны бойынша;
өндірушінің сапа сертификатында және шығарылу сертификатында көрсетілген сапаға сай сапасы бойынша, егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты бар болғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай міндетті болса.
7. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін немесе тиісті сапасының болмауын анықтаған жағдайда, анықталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Өнім берушіге өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуді ұсынып факсимильді байланыспен хабарлама жіберуге тиіс.
8. Өнім беруші Сатып алушының шақыруын алғаннан кейін Шарттың 7-тармағындағы 5-бөлікте көзделген келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада басқа мерзім көрсетілмесе) өнімнің санын, жиынының толықтығын және сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге міндетті. Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бірлесіп тексеру нәтижесі бойынша ескертулерді жою үшін мерзімдері (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсетіле отырып, екі Тарап қол қоятын тексеру актісі жасалады.
9. Шарттың 7-тармағының 5-бөлігінде белгіленген мерзімде Өнім берушінің уәкілетті өкілі келмеген жағдайда, Сатып алушы Шарттың 10-тармағында белгіленген тәртіппен кейіннен оны Өнім берушіге жіберу арқылы ескертулерді жою үшін мерзімдерін (15 күнтізбелік күннен артық емес) көрсете отырып, Өнімнің жетіспеушілігін, жиынының толық еместігін және тиісті сапасының болмауын бір жақты тексеру актісін жасайды. Өнім беруші Шарттың 8-тармағында көзделген, актіде көрсетілген ескертулерді жоймаған жағдайда, Сатып алушы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Өнім берушінің әрекетін өнімді уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
10. Бұрын Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған, Сатып алушы немесе оның заңды өкілі сақтау орнына қабылдап алған өнімде ақаулар анықталған жағдайда Сатып алушы немесе оның заңды өкілдері 3 жұмыс күні ішінде Өнім берушіге жазбаша хабарлауы тиіс және Өнім беруші өкілінің өнімді сақтау орнына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
11. Сатып алушы немесе оның заңды өкілі өнімде ақауларды анықтаған жағдайда, егер осы алмастыру өнімнің сапасы мен басқа техникалық сипаттамасының төмендеуіне алып келмейтін болса және техникалық әзірлемелерге сай келетін болса Өнім беруші бұзылған және/немесе ақаулы өнімді тегін алмастыруы тиіс. Өнім беруші өз еркімен ақау анықталған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Өнім қабылданған сақтау орнынан барлық ақауы бар өнімді толығымен алуды (қайтаруды) қамтамасыз етуге міндетті.
12. Өнім беруші Сатып алушының жеткізілген өнімге жасаған ескертулерін 15 күнтізбелік күн ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 1-тармағының 7-бөлігіне сәйкес Сатып алушы өнім берушінің әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
6. Өнімге берілетін кепілдіктер
1. Өнім беруші өнімге берілетін таңбаға немесе өзге де танып айыратын деректеріне сай оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің барлық көлеміне кепілдік береді.
2. Кепілдік мерзімі шеңберінде Өнім беруші өз есебінен және тәуекелінен Сатып алушыдан кепілдік міндеттемелерін орындау жағдайының туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде денсаулық сақтау ұйымындағы сапасыз өнімді алмастыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Жеткізілетін өнімнің сапасы МЕМСТ-қа, ОСТ-қа, өнімге берілетін техникалық шарттарға сәйкес келуі және тиісті құжаттамамен расталуы тиіс.
4. Өнім беруші Сатып алушыға өзі жеткізген өнімнің үшінші бір тұлғалардың кез келген құқығынан және тәуелдіктерінен еркін екеніне және еркін болатынына кепілдік береді.
5. Жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіне жалпы жарамдылық мерзімінен кемінде алпыс пайызды құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан артық өнім үшін беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.
7. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Өнім беруші беру, жеткізілген өнімді алмастыру мерзімін немесе ескертулерді жою мерзімін бұзған жағдайда, Өнім беруші мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген өнім сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ өнімнің құнынан 10 % артық емес өсімақы төлейді. Өсімақыны төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
2. Өнім беруші барлық өнімді немесе бір бөлігін беруден бас тартқан жағдайда, ол Сатып алушыға осы Шарттың сомасының 10 %-ы мөлшерінде бір реттік айыппұл төлеуге міндетті. Сатып алушы бір реттік айыппұл төлеуге шотты Шартқа 1-қосымшада көрсетілген өнімді берудің соңғы күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде өнімді беру орындалмаған жағдайда берілуі мүмкін.
3. Сатып алушы Өнім берушіге өсімақы және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот, өсімақы және/немесе айыппұл төлеу және жеткізілген өнімге төлем жасау бойынша біртектес екі жақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
4. Сатып алушы осы Шарттың 1-тармағының 5-бөлігіне сәйкес шартты орындауды қамтамасыз ету сомасын Шарттың 1 және 2-тармақтарының 7-бөлігіне сәйкес өсімақы және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу шотына ұстауға құқылы.
5. Егер өнімді беруді кідірту 30 (отыз) күнтізбелік күннен асып кеткен және/немесе өсімақы және/немесе айыппұл төлеу 15 (он бес) күнтізбелік күннен асып кеткен жағдайда, Сатып алушы бір жақты тәртіппен Өнім берушіге кез келген шығыстары мен шығындарын өтеместен Шартты бұзуға құқылы.
6. Жеткізілген өнімге төлемді негізсіз кідірткен жағдайда, Сатып алушы Өнім берушіге кешіктірілген әр күні үшін кешіктірілген сомадан 0,1 % мөлшерде, бірақ берешек сомадан 5 % артық емес өсімақы төлейді.
7. Өсімақы немесе айыппұл төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
8. Өнім беруші Шарттың 1-тармағының 5-бөлігінде белгіленген міндеттемелерді уақтылы немесе толық орындамаған жағдайда, Сатып алушы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте осылай бұзу туралы әлдебір қосымша келісімнің бар болуы талап етілмейді.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
1. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
4. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
5. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
9. Дауларды шешу тәртібі
1. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
2. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
3. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
1. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
2. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
3. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
4. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
11. Өзге де жағдайлар
1. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
2. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
3. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) № 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) № 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) № 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
4. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
5. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
6. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
7. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
8. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
Беру үлгі шартына
1-қосымша
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бағасы | Сомасы | Жеткізу орны | Жеткізу мерзімі |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Ерекше жағдайлар:
1.______________
2.______________
3.______________
Беру үлгі шартына
2-қосымша
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт №
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама № __________________________
Беру үлгі шартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі