17) 251-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.»;
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.»;
18) 252-баптағы «немесе адамға» деген сөздер алып тасталсын;
19) 253-бапта:
бірінші бөліктегі «тергеуші» деген сөз «қылмыстық процесті жүргізуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Сарапшыдан оның қорытындысына қатысты емес, тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.»;
20) 254-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«254-бап. Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету
1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы алдын ала тергеу аяқталғанға дейін сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 244-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған өзге де адамдарға көрсетіледі, олар өз ескертпелерін ұсынуға, сарапшының қорытындылары бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштерін мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтініш қанағаттандырылған немесе ол қабылданбаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті қаулы шығарады, ол өтінішті мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.»;
21) 255-бапта:
үшінші бөлікте:
«дұрыстығы күмәнді болған» деген сөздер «қорытындылары күмән туғызған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүргізудің» деген сөз «жүргізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.»;
22) 354-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сараптаманы алдын ала тергеу барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.
Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны тура-лы хабарлауға тиіс, содан кейін аталған адамнан бас тарту және оның өздігінен бас тартуы туралы өтініштер болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттіктері түсіндіріледі, ол көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіліп, бұл туралы қолхат береді.»;
23) 355-баптың бірінші бөлігіндегі «Сарапшыдан» деген сөз «Осы Кодекстің 253-бабы үшінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, сарапшыдан» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №18, 644-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №15-16, 239-құжат; №21-22, 281-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №10, 49-құжат; №14, 109-құжат; №15, 138-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; №17, 97-құжат; №23, 140-құжат; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №13, 53-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №13, 99-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №15-16, 62-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 41-бапта:
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «маман» деген сөз «маман не аудармашы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.» деген сөздер «пайдаланылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) олардың білікті емес екені байқалса, істі қарауға қатыса алмайды.»;
үшінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды»;
2) 90-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.»;
бесінші бөліктегі «іс-әрекеттерінің хаттамаларында» деген сөздер «әрекетінің хаттамасында не сот отырысының хаттамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 91-бапта:
бірінші бөліктегі «арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын» деген сөздер «арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «консультацияларының» деген сөздерден кейін «, бағалаушылар есептерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі көрсетіледі. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.»;
4) 92 және 93-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері
1. Сарапшының: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған соттың келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сараптама тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
3. Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 97-бабында көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.
93-бап. Сараптама жүргізу тәртібі
1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі. Сараптама жүргізілген кезде сараптама тағайындаған соттың рұқсатымен сараптама объектілері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді ұйғарымда қамтылуға тиіс.
2. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.
3. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемдері және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
4. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысушы адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда, аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.
5. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот айқындайды.
6. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.
7. Сот сараптамасы органының басшысы: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса, осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; сот алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.
8. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді оны тағайындау туралы ұйғарымсыз талап етіп алдыруға; оны жүргізуге осы мекемеде жұмыс істемейтін адамдарды соттың келісімінсіз дербес тартуға; сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.
9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алысымен, заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 41-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.
11. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстің 92-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сот осы іс-әрекеттердің орындалуы жөнінде сараптама тағайындау туралы ұйғарымға белгі қояды, ол сарапшының қолымен куәландырылады. Сарапшы жасаған мәлімдеме және оның өтініші дәл осылайша бекітіледі. Сот сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
12. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.»;
5) 94-бапта:
екінші бөліктегі «бірнеше» деген сөз «кемінде екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Комиссиялық сот сараптамасы жүргізілген кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді.»;
6) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Сарапшының қорытындысы
1. Сарапшының қорытындысы - сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
2. Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерінің) қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.
3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот туралы мәліметтер, сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.
4. Егер осы Кодекстің 97-бабында көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.
5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
6. Осы Кодекстің 98-1-бабында көзделген тәртіппен жүргізілген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.
7. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.»;
7) 98-бапта:
бірінші бөліктегі «бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер» деген сөздер «алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «дұрыстығы» деген сөз «қорытындылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.»;
8) мынадай мазмұндағы 98-1-баппен толықтырылсын:
«98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу
1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған, оның қорытындысына қатысты емес мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.
3. Өтініші бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады.
4. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талапкер, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды.
5. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.»;
9) 305-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында белгіленген.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құжат; №17-18; 241-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; №17, 155-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; №15, 122, 139-құжаттар; №18, 142-құжат; №21-22, 160-құжат; №23, 171-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; №15, 86-құжат; №17, 97-құжат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; №13, 85, 86-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құжаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құжат; №15, 106-құжат; №16, 131-құжат; №17, 136, 139, 140-құжаттар; №18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №12, 48, 51-құжаттар; №13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №15-16, 62-құжат; №20, 88-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 21-құжаттар; №9-10, 47, 48-құжаттар; №13-14, 62, 63-құжаттар; №15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; №17, 79, 80, 82-құжаттар; №18, 84, 86-құжаттар; №19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 597-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«597-бап. Сарапшы
1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.