ҚР Үкіметінің 2007.28.03. № 234 қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр. ред. қара)
* Іс-шаралар жоспарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының I кезеңін (2005-2007 жылдар) iске асыруға арналған шығыстар көзделіп отыр.
2005-2007 жылдарға арналған осы бағдарламаны іске асыруға барлығы 175 550,7 млн. теңге қажет.
ҚР Үкіметінің 2007.28.03. № 234 қаулысымен кесте жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Жылдар бойынша | Барлығы | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет |
2005 ж. | 42 181,9 | 32 065,5 | 10 116,4 |
2006 ж. | 64 749,7 | 53 278,4 | 11 471,3 |
2007 ж. | 68 619,1 | 54 966,0 | 13 653,1 |
Жиыны | 175 550,7 | 140 309,9 | 35 240,8 |
2008-2010 жылдары саланы қаржыландыру көлемi жыл сайын көбейтіліп, 2010 жылға қарай оны ЖIӨ-нің 4%-ына дейiн жеткізу болжанып отыр.
2005-2010 жылдарға арналған осы бағдарламаны қаржыландыру көлемi тиiсті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
ЕСКЕРТУ:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі;
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
IIM - Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлігі;
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
Әділетминi - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ККM - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі; Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
MҚA - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі;
АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
ҰҚК- Ұлттық қауіпсiздік комитеті;
YEҰ - Үкiметтiк емес ұйымдар