Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2297 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 441-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы «Денсаулық сақтау,» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
«
3-1 | Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру | кемінде 5 |
».
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |