Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс пен толықтыру нгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2289 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі» |
деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:
«Есқалиев Ерхат Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»; |
«Тілеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы | - «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, тәуелсіз директор» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы | - «Баян-Сұлу» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |