7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; 9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбiрленушi:
1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
3) денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, сақтанушының (сақтандырылушының) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылу кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай осы баптың 3 - 10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер («бонус-малус» жүйелері) қолданылады.
Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларда тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10 | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11 | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12 | Қызылорда облысы | 1,09 |
13 | Атырау облысы | 2,69 |
14 | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15 | Алматы | 2,96 |
16 | Астана | 2,2 |
4. Осы баптың 3-тармағында аталған облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
5. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Көлік құралының түрі | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Жеңіл автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны 16-ға дейін қоса алғанда автобустар | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | 1,00 |
6. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
7. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 6-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерде белгіленеді.
8. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
| 7 жылдан жоғары | 1,10 |
9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайлары болғанына немесе болмағанына қарай («бонус-малус» жүйелері) коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Сақ- тан- дыру- мер- зімі бас- тал- ған- дағы- сынып | Коэффи- циент мөлшері | Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғанын ескере отырып, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып |
0 сақ- тандыру жағдайы | 1 сақтан- дыру жағдайы | 2 сақ- тандыру жағдайы | 3 сақ- тандыру жағдайы | 4 және одан көп сақтан- дыру жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М сы- ныбы | 2,45 | 0 | М | М | М | М |
0-сы- нып | 2,30 | 1 | М | М | М | М |
1-сы- нып | 1,55 | 2 | М | М | М | М |
2-сы- нып | 1,40 | 3 | 1 | М | М | М |
3-сы- нып | 1,00 | 4 | 1 | М | М | М |
4-сы- нып | 0,95 | 5 | 2 | 1 | М | М |
5-сы- нып | 0,90 | 6 | 3 | 1 | М | М |
6-сы- нып | 0,85 | 7 | 4 | 2 | М | М |
7-сы- нып | 0,80 | 8 | 4 | 2 | М | М |
8-сы- нып | 0,75 | 9 | 5 | 2 | М | М |
9-сы- нып | 0,70 | 10 | 5 | 2 | 1 | М |
10- сынып | 0,65 | 11 | 6 | 3 | 1 | М |
11- сынып | 0,60 | 12 | 6 | 3 | 1 | М |
12- сынып | 0,55 | 13 | 6 | 3 | 1 | М |
13- сынып | 0,50 | 13 | 7 | 3 | 1 | М |
10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының жиілігіне қарай оған сынып беріледі.
11. Алғаш көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
12. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасқан кезде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде туындаған сақтандыру жағдайларының санына қарай төменгі сыныптан ең төменгі М сыныбын беру арқылы арттыратын коэффициент немесе сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайлары болмаған кезде ең жоғары сыныпты беру арқылы төмендететін коэффициент қолданылады.
13. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан аз мерзімге жасасқан кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:
Р/с | Сақтандыру мерзімі | Сақтандыру сыйлықақы- сының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлық- ақысының проценті есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1. | 5 күн | 10 |
2. | 6 күннен - 15 күнге дейін, қоса алғанда | 15 |
3. | 16 күннен - 1 айға дейін, қоса алғанда | 20 |
4. | 1 айдан - 2айға дейін, қоса алғанда | 30 |
5. | 2 айдан - 3айға дейін, қоса алғанда | 40 |
6. | 3 айдан - 4айға дейін, қоса алғанда | 50 |
7. | 4 айдан - 5айға дейін, қоса алғанда | 60 |
8. | 5 айдан - 6айға дейін, қоса алғанда | 70 |
9. | 6 айдан - 7айға дейін, қоса алғанда | 75 |
10. | 7 айдан - 8 айға дейін, қоса алғанда | 80 |
11. | 8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда | 85 |
12. | 9 айдан - 10 айға дейін, қоса алғанда | 90 |
13. | 10 айдан - 11айға дейін, қоса алғанда | 95 |
14. | 11 айдан жоғары | 100 |
14. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерінің ең көп шамасына тең болып айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі
1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және
сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiктiң зақымдалуы кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiнгi есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып айқындалады.
Зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны ескерiле отырып айқындалады.
Егер қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса мүлiк жойылған деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалайды, оның бағалау нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1 тармақпен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға кеткен шығынды сақтандырушы көтереді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-2 тармақпен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2. Сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалау жүргізуге берген өтініш пен сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшының бағалауын өз есебінен ұйымдастырады.
Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқығы жоқ.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды
5-3. Егер сақтандырушы осы баптың 5-2-тармағында белгіленген мерзімде келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы қызметіне жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.
2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-тармақ өзгертілді
6. Мүлкіне зиян келтiрiлген жәбiрленушi өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы мүлiктi көлiк оқиғасынан кейiнгi күйiнде сақтауға және сақтандырушыға зақымдалған мүлікті қарауға, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянға бағалау жүргізуге мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6-1 тармақпен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1. Сақтандырушы зақымдалған мүлікті қараған және жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін береді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген
жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік
оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың
іс-әрекеттері
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
23-бап. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау
1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуына - 1000,
мүгедектiктiң:
I тобы белгiленуiне - 800,
II тобы белгiленуiне - 600,
III тобы белгiленуiне - 500,
"мүгедек балаға" - 500;
мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 ) және3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушіні жерлеген адамға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерінде, бірақ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде өтейді.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге адам жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) сақтандыру полисi (оның дубликаты);
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) бағалау жүргізуге арналған өтініш;
5) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау жөнiнде тәуелсiз сарапшы жасаған құжаттар, олар болған кезде;
6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) сақтанушының (сақтандырылушының) немесе көлiк құралын жүргiзушi адамның жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмесi және оның осы көлiк құралын жүргiзуге құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi , соның ішінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды бермеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ толықтырылды
4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.
5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.