2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөніндегі қызметiн бақылауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
5) ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды;
6-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi.
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сай келетiн мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ереженi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1- баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру тәртібі
1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық бақылау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
ветеринариялық емдеу-профилактикалауды;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтi жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда;
5) шекаралық және кедендiк пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде;
6) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне;
10) мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетiлген объектiлерде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды тиiстi аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары iлеспе ветеринариялық құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
3. Базарларда, жануарларды өсiру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты шекаралық және кедендiк пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау күн сайын өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiн ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актiсiн жасайды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттік органдардың объектiлерiне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
6. Тексеру актісі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актiсi үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қол қояды.
Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екiншi данасы тексерiлетін адамға қолын қойғызып, берiледi, үшiншi данасы тексерушi мемлекеттік ветеринариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық инспекторына берiледi. Тексерiлетін адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы поштамен жiберiледi.
7. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актiсi нөмiрленген, тiгiлген және ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекітілген болуға тиiс арнайы тексеру актілерін тiркеу журналында тiркеледi.
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
6) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;
7) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
9) ветеринариялық есеппен есептiлiк жөніндегі құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар
мен олардың орынбасарларының құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретiне:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) тиiстi аумақтағы iндеттi жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету кiредi.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Шекарадағы және көлiктегi бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың және оның орынбасарларының құзыретiне:
1) шекарада және көлiкте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) шекарада және көлiкте мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi шығару;
3) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау пункттерi мен бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) облыстың аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлер басып шығару;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсыну;
5) шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге аумақтағы ветеринария инспекторларын қызметтен шеттету туралы шешiм шығару кiредi.
4. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:
1) ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік вeтеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;
4) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) аумағында жұмыс iстейтiн ветеринариялық инспекторларды қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кіреді.
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
1. Ветеринариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне заңдарда белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргiзуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органына хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Ветеринариялық инспекторлардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актілері
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты ветеринариялық инспекторлар мынадай актiлер:
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;
жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы немесе әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
3. Ветеринариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының
әкелiнуi мен таралуынан қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер мiндеттi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына iндет тарамаған басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi.
3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шекара және кеден пункттерiнде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киім киіп жүреді.
7. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит еліндегі iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк иесiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
8. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң мемлекеттік шекара арқылы өтуi кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
21-бап. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын
ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жатады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың ветеринариялық инспекторлары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
4. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру (тасымалдануы) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
5. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
22-бап. Базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау