6-2) Қазақстан Республикасының резиденттері - шетел мемлекетінде тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;»;
6-тармағының 2) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді
2) 4-баптың 1-тармағының 44) тармақшасы алып тасталсын;
3) 13-бапта:
19) тармақшада:
6-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді
«республикалық» деген сөз алып тасталсын;
«осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
6-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді
«23) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері қөрған, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардың тізбесін бекітеді;
24) отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.»;
4) 17-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «барлық критерийлердің сипаттамасы» деген сөздер «критерийлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 37-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілермен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.»;
6) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын қолдау
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген субъектілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6-тармақтың 6) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
4. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін, көлемін және оларды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бұл ретте мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің аталған ұйымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 248-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші абзацында көзделген талапқа сай болуға тиіс.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көрсетілген азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Заңда көзделген тәсілдермен отандық тауар өндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Егер отандық тауар өндірушілерден азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүргізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы мемлекеттік сатып алуды барлық әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілетін, осы Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.».
7. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен» деген сөздер «отандық тауар өндірушілермен және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілермен» деген сөздермен, «үлесті» деген сөз «қамтуды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар:
1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушылардың - отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің бағаларын шартты түрде төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге;
2) отандық тауар өндірушілердің және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағаларды шартты түрде төмендетуді қолдануға;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде отандық тауар өндірушілерге және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге артықшылық беруге тиіс.
Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға ұлттық басқарушы холдинг атынан шоғырландырылған түрде ұсынылады.».
2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 13) тармақшасының оныншы абзацын және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 233-ІV ҚРЗ