көзделмеген шығындар - көзделмегендiгiне байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кезек күттiрмей қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы қайтарусыз көрсететiн көмек.
409. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар әрi осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешiмiнде көзделмеген қажеттiлiктерге пайдаланылмайды.
410. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмдерiн дайындау мынадай:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға ақша болмаған;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң ақшасына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында туындаса және оларға қажеттiлiк мiндеттемелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың жергiлiктi атқарушы органдардың соттардың шешiмдерi бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң өткен мiндеттемелерiне байланысты болмаған;
3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған төтенше резервiн пайдаланған жағдайда Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатқа орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал мұндай болмаған жағдайларда - мемлекеттік органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам қол қояды. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есептеулерге жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.
411. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген ақшаны пайдаланбаған немесе iшiнара пайдаланған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиiстi резервіне жіберу жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды кейіннен Түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервтен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған негізде қамтамасыз етеді.
412. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухаттарды төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiк немесе ғаламдық ауқым алуға тиiс.
413. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi қарайды.
414. Табиғи және техногендік сипаттағы төьенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және тарату жөніндегі іс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары тәртібі мен тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайды.
Төтенше резервтен бұзылған объектiлердi салуға немесе күрделi жөндеуге ақша бөлінген жағдайда құжаттармен қатар, сол сияқты құрылыс жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы берiледi.
415. Өңiрлiк және жаhандық ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттiлiгi болған кезде төтенше жағдайлар жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiм жобасын енгiзедi.
416. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттiлiгi болған кезде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органы немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiм жобасын енгiзедi.
417. Төтенше резерв ақшасы «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға бағытталады.
418. Басқа мемлекеттердiң аумағында әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ресми гуманитарлық көмек көрсетуге арналған шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
419. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмегi ақшалай немесе тауар нысанында ұсынылады.
420. Қазақстан Республикасының ақшалай нысанда ресми гуманитарлық көмек көрсетуi кезiнде ақша қаражатын аудару алушы елдiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шоттардың деректемелерiн ресми бергеннен кейiн жүзеге асырылады.
421. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсетуi үшiн ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 422-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
422. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы қолдаухат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы;
сметалық құн 750000 (жеті жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен және ағымдағы бағадан көп болған жағдайда жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын бекіту туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бұйрығы;
тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша желілік есептеулер;
және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.
Төмен тұрған деңгейдегі әкімдердің қолдау хаты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервінен қаражат ағымдағы нысаналы рансферттер нысанында да, дамытуға арналған нысаналы трансферттер нысанында да жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан астам мерзіммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың салдарларын жоюмен байланысты өзге іс-шаралар жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу туралы келесі қаржы жылдарында шешім қабылдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге қосымша ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, қызметтердің (тауарлардың) көлемін көрсете отырып, өткен қаржы жылы үшін резервтен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп береді.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.
423. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттiлiгi немесе бөлу мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 424-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
424. Мемлекеттік органның қолдаухатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшiрмесiн қоса бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға пайдалану үшін, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік орган жауап береді.
425. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындауға арналған резервiнен қамтамасыз етiледi.
426. Қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Атқару құжаты түскен кезде бұдан әрі шағым жасау үшін негіздеме болмаған жағдайда, зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) әзірлеген сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасы заңнамада белгіленген тәртіпте бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Осы ретте, заңнамада белгіленген тәртіпте қаулы жобасына сот актілерінің және атқару құжаттарының көшірмесін қоса беру қажет.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган сот шешімдеріне одан әрі шағымдану үшін, сондай-ақ сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы негіз бар-жоғына келіп түскен жобаларды қарастырады және тиісті қорытынды дайындайды. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны бергеннен кейін зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге түсіндірме жазбасымен және басқа да қажетті құжаттармен бірге қаражат бөлу туралы қаулы жобасының көшірмесін жібереді.
427. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңсыз қабылдаған актілеріне, сондай-ақ, өздерінің лауазымы адамдарының заңсыз іс-әрекеттеріне әкімшілік басқару саласында оларға өздерін ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
428. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғалары келтірген зиянды өтегеннен кейін, мұндай тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу бойынша шегеру тәртібімен заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
429. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервтерiнен қамтамасыз етiледi.
Соттардың шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар төлемдердi жүргiзедi, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдердi барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
430. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз қабылданған актілері үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
431. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасына заңнамада белгіленген тәртіпте сот актілері мен атқару құжаттарының көшiрмелерiн қоса берілуі тиіс.
432. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оны жабуға арналған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің резервi республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына, тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оларды кредиттеу үшін көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
433. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және бұрын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
4) бөлінетін кредит сомасы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органның берешегінің лимитінен аспауға әкеп соқтырмауы тиіс.
434. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
435. Облыс, республикалық маңызы бар қал, астан әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
436. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервi ағымдағы қаржы жылында аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты бередi.
437. Бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ облыс әкімінің осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдар берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
438. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
439. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылы ол болжамданған жағдайда жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын облыс әкімдігінің қарауына бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган енгiзедi.
440. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде беруi тиiс.
441. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
442. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алушы елдiң Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмектi алғаны туралы тиiстi ақпаратты бередi.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісті жергiлiктi атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
444. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының резервтерiнен бөлiнетiн ақшаның бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жауап бередi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдары резервтерiнiң бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 50-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 446-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
446. Осы тарау бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - ТЭН) әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді және концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсiмдерiн анықтайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда ТЭН әзiрлеу шеңберiнде TЭH тиiстi сараптамаларын жүргiзу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың ТЭН қаржыландыруға және оны сарапаудан өткізу , концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің TЭH қаржыландыру және сараптамасын жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның бөлiнетiн бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді, мастер-жоспарларды қаржыландыру, концессиялық жобаларды сүйемелдеу тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) негізінде түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады.