Күзетте ұстау орындарында сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты дене күші, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдері, егер күш қолданылмайтын әдістер құқық бұзушылықты тоқтатуды не заңды талаптардың орындалуын қамтамасыз етпесе, ол жасаған құқық бұзушылықтың немесе оның күзетте ұстау орны қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсы әрекетінің жолын кесу үшін қолданылуы мүмкін.
44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы
құралдар мен газ қаруын қолдану
1. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қарулы мынадай жағдайларда:
1) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне және өзге де адамдарға шабуылын тойтару үшін;
2) жаппай тәртіпсіздіктің немесе күзетте ұстаудың белгіленген режимін топтасып бұзушылықтың жолын кесу үшін;
3) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін тартылған ішкі істер органдарының өзге де қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаушылық көрсеткен сезіктінің немесе айыпталушының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу үшін;
4) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне шабуылды тойтару үшін, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшін;
5) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
6) сезіктінің немесе айыпталушының айналасындағыларға немесе өзіне зиян келтіру әрекетінің жолын кесу үшін;
7) қашқан не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сезіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстау және айдауылмен алып жүру үшін қолданылуы мүмкін.
2. Арнаулы құралдар ретінде:
1) осы баптың 1-тармағының 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қол кісендері, күзетте ұстау орындарының қызметкерлері қол кісендері болмаған кезде қолда бар байлап-матау құралдарын пайдалануға құқылы;
2) осы баптың 1-тармағының 1)-6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - резина таяқтар;
3) осы баптың 1-тармағының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - газ қаруы мен көзден жас ағызатын заттар;
4) осы баптың 1-тармағының 1)4), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда - алаңдатушы әсері бар жарық-дыбыс құрылғылары;
5) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғылар;
6) осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда - су атқыштар, бронды машиналар мен басқа да арнаулы және көлік құралдары;
7) осы баптың 1-тармағының 1)-6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қызметтік жануарлар қолданылуы мүмкін.
3. Әйелдер, мүгедектігі анық байқалатын адамдар айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, оларға арнаулы құралдарды, газ қаруын және жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.
45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ
ататын қаруды қолдану
1. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қару мынадай жағдайларда:
1) сезіктілер мен айыпталушылардың, өзге де адамдардың күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуылынан қорғану үшін;
2) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, өзге де адамдарға қару иелену мақсатымен жасаған шабуылын тойтару үшін;
3) кепілге алынған адамдарды, басып алынған үйлерді, ғимараттарды, үй-жайларды және көлік құралдарын босату үшін;
4) күзетте ұстау орындарының үйіне, ғимаратына, үй-жайына және көлік құралдарына топтасып немесе қарулы шабуыл жасауды тойтару үшін;
5) қарулы қарсылық көрсеткен, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды ұстау үшін;
6) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орнынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
7) күзетте ұстау орны қызметкерінің қаруды тапсыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшін;
8) сезіктілер мен айыпталушыларды күш қолданып босату әрекеттерінің жолын кесу үшін;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшін;
10) дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін;
11) өзге де қажетті қорғану және өте қажеттілік жағдайларында қолданылуы мүмкін.
2. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қару және арнаулы құралдар қолданылған әрбір жағдай туралы прокурорға дереу хабарланады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше
жағдайлар режимі
1. Дүлей апаттар, жұқпалы аурулар, індеттер, ауқымды өрт ошақтары, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің ірі авариялары, сезіктілер мен айыпталушылардың жаппай тәртіпсіздігі немесе бағынбаушылығы жағдайларында не күзетте ұстау орнына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупі туған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген шешімі бойынша тиісті күзетте ұстау орындарында отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ерекше жағдай режимі енгізіледі.
2. Ерекше жағдай режимін енгізу кезінде сезіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шаралар шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін, оларды күзету, өткізу режимі және күзетте ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды қадағалау күшейтіледі, сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттарды қабылдау тоқтатылады, сондай-ақ заңда көзделген басқа да шаралар қолданылады.
3. Сезіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Әділет министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас Прокурорына, аумағында күзетте ұстау орны орналасқан ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.
4. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдай режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам жояды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан
босатудың негіздемелері
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуға:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші, анықтаушы, прокурор немесе судья шығарған қаулы, сондай-ақ сот қаулысы;
2) күзетте ұстау орны әкімшілігі басшысының немесе прокурордың Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген күзетте ұстау мерзімінің бітуіне байланысты аталған сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы қаулысы негіздеме болады.
48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан
босату тәртібі
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның дәлелді қаулысын алғаннан кейін, не соттың дәлелді қаулысы бойынша күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы босатады.
2. Күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы сезіктіні немесе айыпталушыны күзетте ұстау мерзімі біткенге дейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға не адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
3. Егер заңмен белгіленген бұлтартпау шарасы ретінде ұстау немесе қамауға алу мерзімі біткеннен кейін сезіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не оны бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе бұл шешім туралы хабарлама келіп түспесе, күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы оның өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
4. Осы баптың үшінші тармағының талаптарын орындамаған жағдайда сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленгеніндей жауапты болады.
5. Күзетте ұстаудан босатылған сезіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшасы, сондай-ақ оны қамауға алуға кім санкция бергендігі; ұстаудың және бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері, орны мен уақыты; босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі күзетте ұстаудан босатқан сезікті немесе айыпталушы қажет болған жағдайда тұрғылықты жеріне темір жол, автомобиль немесе су көлігімен жүрумен, тамақпен, сондай-ақ маусымға байланысты киіммен қамтамасыз етіледі.
49-бап. Прокурорлық қадағалау
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарында заңдардың орындалуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының