Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергiлiктi ретiнде анықтау Бюджет кодексiнiң 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке берiлетiн нысаналы даму трансферттерi қаражатының есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бағдарламаларының есебiнен жүзеге асырылады.
Егер Жобаны іске асыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен, оның ішінде жергілікті бюджеттерді дамытуға және кредит беруге нысаналы трансферттер есебінен ұсынылса, инвестициялық ұсыныстарды салалық сараптауды салалық орталық мемлекеттік орган өткізеді.
Егер Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптауды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы өткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 447-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
447. Бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың ТЭН әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негiзгi сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтiнiмдерді (бұдан әрi - Өтiнiм) беруді;
2) Тізбені қалыптастыруды және бекітуді;
3) TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 448-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
448. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың ТЭН әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінімдер бередi.
449. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
450. Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға өтiнiм ТЭН әзірлеу жоспарланатын жылдың 15 ақпанына дейін қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) бюджеттік инвестициялық жобаның ақпараттық парағын;
2) түсіндірме жазба;
3) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН әзірлеудің және сараптаудан өткізудің құнын негіздейтін ақпарат
4) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырмасын;
5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша жобалауға тапсырманы;
6) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттарды сараптауды жүргізуге және әзірлеуге (қоса берілетін) есептемелер мен негіздемелерді;
7) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын қамтуы тиіс.
451. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстарын қарайды және бюджеттік заңнамада белгіленген өлшемдерді ескере отырып, экономикалық бағалаудың қорытындысын дайындайды.
452. Бюджеттік комиссия іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
453. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша Тізбені, сондай-ақ әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
454. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстады, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
456. Концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобалардың ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға өтінім жоспарлы орта мерзімнің алдындағы жылдың 1 ақпанына дейін қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) концессиялық жобаның ақпараттық парағын;
2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптауын;
3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырманы;
4) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеу және сараптаудан өткізу құнын негіздейтін ақпаратты қамтуы тиіс.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін ұсыныстарды талдау және сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
458. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қорытындысын алған кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ТЭН әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастырады.
459. Тізілім негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу және сараптаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобалардың бізбесін қалыптастырады.
460. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылатын концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін бюджет комиссиясы іріктеген концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
461. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижесі бойынша Тізбені анықтайды, сондай-ақ әрбір концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобасы бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
462. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы нормативтік құқықтық актімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен мазмұн 462-1-тармақпен толықтырылды
462-1. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган әрбір мастер-жоспар жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен мазмұн 462-2-тармақпен толықтырылды
462-2. Мастер-жоспар жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) жобаның атауы;
2) түсіндірме жазба;
3) қызметтердің түрлері және олардың мәлімделген құны;
4) салалық қорытынды.
Өтінімге сол сияқты:
1) мастер-жоспарларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманың жобасы, онда мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
қызметтердің мақсаты мен міндеті;
қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;
қызметтер көрсету мерзімдері;
қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) мастер-жоспарлар әзірлеу қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен мазмұн 462-3-тармақпен толықтырылды
462-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімдер негізінде әрбір мастер-жоспар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен мазмұн 462-4-тармақпен толықтырылды
462-4. Әрбір мастер-жоспар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемі республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен мазмұн 462-5-тармақпен толықтырылды
462-5. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
463. Мемлекеттік басқарудың мемлекеттік саласымен басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
464. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) тәуелсіз сарапшыны іріктеу жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы;
3) қызмет түрлері және олардың мәлімделген құны.
Өтінімге сол сияқты:
1) қызмет көрсету жөніндегі техникалық тапсырыс жобасы, онда мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
қызметтерді тарту мақсаты мен міндеті;
қызмет беруге қойылатын жалпы талаптар;
қызмет беру мерзімдері;
қызмет көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) қызметтерді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімдер негізінде әрбір концессиялық жобалар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
466. Әрбір концессиялық жоба бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітіледі.
467. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, концессиялық жобасы ең жақсы деп танылған конкурс қатысушысымен комиссияның келіссөз процесінде консультативтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған басқа да қызмет түрлерін өзіне қамти алады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 468-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі.
469. Егер тиісті бюджет комиссиясының Тізбені қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бюджет комиссиясының қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Тізбе бекітілген айдан кейінгі екінші айдың 1 күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына бөлінген бюджет бағдарламасының қаражатының қалған сомасына Тізбесіне толықтыру жобасын енгізеді.
Қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бөлінген бюджет бағдарламасының қаражатының қалған сомасына Тізбеге толықтыруларды бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық- экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған қаулысының негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 470-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобалардың консультативтік сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 471-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.08. № 1224 Қаулысымен 472-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 472-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
472. Өнім берушінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуге шарт бойынша міндеттемелеріне тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер пайда болған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалық экономикалық сараптамасын өткізген жағдайда жобаны пысықтау үшін қайтарған жағдайда шарттың жалпы құнының шеңберінде отыз күнтізбелік күн ішінде өнім берушінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаның, мастер-жоспардың, консультативтік сүйемелдеудің ТЭН-ін міндетті түрде түзету туралы талап қамтылуы тиіс.
473. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН әзірлеу бойынша іс-шаралар барысы туралы ақпаратты ұсынады.
51-тарау. Концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптаудан өткізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
474. Осымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптаудан өткізуді қаржыландыру (бұдан әрі -сараптамалар) бойынша бюджеттік бағдарламаның қаражаттарын бөлу тәртібі анықталады.
475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдер ұсынуы;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту;
3) сараптамаларды қаржыландыру сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, конкурстық құжаттамаларды, концессиялық жобаларды, концессия шарттарының жобаларын, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға Өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сараптамаларды өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
478. Сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс тұжырым шығарылады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жіберіледі.
479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынған қорытындылар негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша
инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
484. Өтемақы берілгені туралы шешім қабылдау белгіленген қаржылық шекаралар мен басымдықтарды ескере отырып орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.
485. Концессиялық міндеттемелер - концеденттің жасасқан концессиялық шарттар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы бойынша қабылдаған және белгілі бір күнге орындалмаған міндеттемелерінің сомасы.
486. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
487. Атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган өтемақы беруді көздейтін концессиялық жобаларды тиісті бюджеттік комиссияның отырысына енгізеді.
489. Өтемақының және қаралып жатқан концессиялық жобаны мемлекеттік қолдаудың қолданылатын басқа да түрлерінің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (құрылып жатқан) объектінің құнынан аспауы тиіс.
490. Өтемақы беру кезінде концессионер концессиялық жобаны іске асыруға ұсынылған құнына қатысты кемінде жиырма пайыз көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығарады.
491. Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемін, орналастыру талаптарын концессия шартында тараптардың келісімімен анықталады.
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
494. Өтемақыны төлеу концессия шартында белгіленген мерзімде және олар анықтаған көлемде жүргізіледі.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастырады.
497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
498. Өтінімдер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
499. Концессионердің өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі
510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің және нысаналы трансферттің келесі аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен Үкіметтің шотына түседі.