Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1975 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Астық қолхаттарының бланкілері»;
реттік нөмірлері 15, 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Магистр дипломы
16. Доктор дипломы
17. Дипломға қосымша (транскрипт)»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Кәсіптік білім алуы туралы куәлік»;
реттік нөмірі 22-жолдағы «Кәсіптік бастауыш» деген сөздер «Техникалық және кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом»;
реттік нөмірі 24-жолдағы «Кәсіптік бастауыш» деген сөздер «Техникалық және кәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 25, 26-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом
26. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом»;
реттік нөмірі 27-жолда «Кәсіптік орта» деген сөздер «Орта білімнен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31, 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жоғары білім туралы диплом (маман)
29. Жоғары білім туралы үздік диплом (маман)
30. Жоғары білім туралы диплом (бакалавр)
31. Жоғары білім туралы үздік диплом (бакалавр)
32. Резидентураны бітіргені туралы куәлік»;
реттік нөмірі 33-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Біліктілік беру туралы сертификат»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117-жолдармен толықтырылсын:
«64. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
65. Жеке куәлік
66. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат
67. Уақытша жеке куәлік
68. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік
69. Бала асырап алу туралы куәлік
70. Әкелікті белгілеу туралы куәлік
71. Некені бұзу туралы куәлік
72. Туу туралы куәлік
73. Некеге тұру туралы куәлік
74. Қайтыс болғаны туралы куәлік
75. Бірыңғай ұлттық тестілеудің бланкілік құжаттамасы
76. Мүгедектігі туралы анықтама
77. Еңбекке жарамсыздық парағы
78. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар
79. Мақта қолхаттары бланкілері
80. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат
81. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты
82. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
83. Қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттері
84. Оралманның куәлігі
85. Білім беру грантына арналған куәлік
86. Жол жүруге арналған рұқсат (Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті үшін)
87. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарды орындауына арналған рұқсат
88. «А» түріндегі рұқсат (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін)
89. «В» түріндегі рұқсат (автобустардың Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
90. «С» түріндегі рұқсат (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
91. Импорттық карантин рұқсаты
92. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талоны
93. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және габаритті көлемді көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсат
94. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және габаритті көлемді көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсатқа бақылау талоны
95. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
96. Фитосанитарлық сертификат
97. Карантин сертификаты
98. № 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттар
99. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын есепке алу құжаты
100. Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
101. Машиналар (құрастырылған арнайы жабдықтармен бірге тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығына арналған, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер және механизмдер, оларға тіркемелер) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
102. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік
103. Кемеге меншік құқығы туралы куәлік
104. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
105. Кеме билеті
106. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік
107. Кеме куәлігі
108. Шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
109. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
110. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
111. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
112. Шағын көлемді кеменің (өздігінен жүретін) кеме билеті
113. Шағын көлемді кеменің (өздігінен жүрмейтін) кеме билеті
114. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
115. Кеме экипаждары мүшелерінің дипломдары
116. Ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын тіркеу куәлігі
117. Энергетикалық сараптама жүргізуге арналған рұқсат.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |