5. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Көрсетілген қызметке ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ТМККК шеңберінде медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды есепке ала отырып, жүзеге асырылады.
Сапаға бақылау жүргізуге байланысты шарттың қолданылу ішінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ шарт қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін шарт қолданылған жылдың 1 желтоқсанынан бастап шот-тізілімге енбеген шартқа сәйкес ТМКК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу шарттың қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
29. Шартты орындау үдерісінде туындайтын барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Кадрлар біліктілігі туралы мәлімет
(аккредиттеу туралы куәлік бар болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды)
_________________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Р/с № | Т.А.Ә. | Атқаратын лауазымы | Білімі (диплом №, оқу орнының атауы және бітіру жылы) | Мамандығы бойынша еңбек өтілі | Біліктілік санатын алумен (санатсыз) маман сертификаты | Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат | Ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжат (бар болса) | Бірінші немесе жоғарғы біліктілік санаты туралы сертификат (бар болса) | Жұмысқа алу туралы бұйрық (№, күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Басшы ____________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр маманы) _______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
2-қосымша
нысан
______________________________________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, пошта және электрондық мекенжайы)
____________________________ жылға республикалық бюджет есебінен қаржыланатын сатып алу туралы хабарлайды (бұдан әрі - қызмет):
медициналық көмектің түрі (-лері) бойынша: ________________________________________________________________________________
медициналық көмектің нысаны (-дары) бойынша: ____________________________________________________________________________
Қызметтер көрсетілуі тиіс: ________________________________________________________________________________________________.
(қызмет көрсету орны көрсетіледі)
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді әлеуетті өнім беруші
______________________________________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
мекен-жайы: ______ кабинет № ____, сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу үшін жауапты ________________________.
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі
«____» ___________________________ сағат ______________.
Сатып алуға қатысу үшін өтінімдер сағат___________________
«____» ___________________ жылы, мына мекен-жайда:
__________________________ кабинет № ___ қаралатын болады.
Сатып алуға «____» ____________ 20__ жыл №___ Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесінде көрсетілген медициналық қызметтерді әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім беруші қабылданады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: __________________________________________________.
(қаланың коды және телефон нөмірін көрсету)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
3-қосымша
нысан
______________________________________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
__________ жылға республикалық бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтерді көрсетуге мынадай медициналық ұйымдармен шарт жасасады:
______________________________________________________________________________________________________________________
(медициналық ұйымдардың тізімін көрсету)
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: __________________________________________________.
(қаланың коды және телефон нөмірін көрсету)
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
4-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға
қатысуға өтінім
Сатып алуды ұйымдастырушыға
_______________________________________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Сатып алуға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға (бұдан әрі - әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
1) әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекен-жайы мен байланыс телефондары;
2) әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (ЖСН, БЖН, ЖСК), сондай-ақ әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекен-жайы;
3) әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының Т.А.Ә.
2. Мынадай медициналық көмектің көлеміне өтінім беремін ___________________________________________________________________
медициналық көмектің түрі (-лері) бойынша: ________________________________________________________________________________,
медициналық көмектің нысаны (-дары) бойынша: ____________________________________________________________________________.
3. ____________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және осы Ережелермен көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге келісімін береді.
4. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен Ережеде көзделген әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптардың бұзушылықтары жоқ екенін растайды.
5. Әлеуетті өнім беруші ұсынылған мәліметтердің нақтылығын растайды.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан сәтке дейін сатып алуға қатысуға осы өтінім ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге келісім болып табылады.
Қосымша:
___________________________________________________________________________________________________________________
(парақтардың санын көрсетумен құжаттың атауы)
_______________________________________________________________________________________________________/______________
(заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының немесе оның орынбасарының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)
Толтырылған күні_________________________
М.О.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
5-қосымша
Медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы
хаттама
_______________________ (Орналасқан жері) | «__»___________ 20__ жыл |
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға мынадай әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарады:
Әлеуетті өнім берушінің атауы | Заңды мекенжайы | Өкілдің Т.А.Ә., жеке куәлігінің №, кім берген, берілген күні |
1 | 2 | 3 |
Өтінімді қарау кезінде әлеуетті өнім берушінің өкілі: ____________________________________________________________________________
(қатысты/ қатысқан жоқ)
2. Қатысуға арналған өтінім қаралды және құрамында мынадай құжаттар бар:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(парақтар санын көрсетумен өтінімдер бар құжаттарды көрсету)
3. Қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(медицина ұйымның атауын көрсету)
қойылатын талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру рәсіміне жіберілді (жіберілген жоқ).
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ - _________ дауыс;
ЖОҚ- _________ дауыс.
Төрағаның, оның орынбасарының, мүшелерінің және комиссия хатшысының Т.А.Ә., қолдары.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
6-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орналастыру қорытындылары туралы
хаттама (түзетулер)
_______________________ (Орналасқан жері) | «__»___________ 20__ жыл |
1. Мынадай құрамдағы комиссия:
______________________________________________________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
медициналық көмектің ұсынылған көлемін, нысандарын және түрлерін қарады.
2. Бөлінген сома _________________ (_____________) теңге.
3. Талаптарға сәйкестігін анықтау нәтижелері бойынша және медицина ұйымдарының өткізу қабілетін және (немесе) бекітілген халық санын және (немесе) консультациялық-диагностикалық қызметтердің қажеттілігін есепке ала отырып, ашық дауыс беру жолымен Комиссия мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі төмендегі ұйымдарға орналастырылсын:
Р/с | Өнім берушінің атауы | Медициналық көмектің нысаны | Медициналық көмектің түрі | Бюджеттік бағдарламаның атауы | Көлемі | Қаржыландыру сомасы (мың теңге) |
| | | | | | |
2) тапсырыс беруші _____________________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері)
«__» ______ ______ жыл жылға дейінгі мерзімде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өнім берушілермен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету туралы шартқа отырсын;
3) сатып алуды ұйымдастырушы __________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері)
«__» ______ ______ жылға дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін орналастыру қорытындылары туралы аптасына кемінде екі рет және астана, республикалық маңызы бар, қала аумағында, тиісті облыста шығатын мерзімдік басылымда және
__________________________________________________________________________________ Әкімшінің интернет ресурсына жариялау
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
үшін жарнама мәтінін жолдасын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ - ________ дауыс;
ЖОҚ - ________ дауыс.
Төрағаның, оның орынбасарының, мүшелерінің және комиссия хатшысының Т.А.Ә., қолдары.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 6-1-қосымшасымен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша медициналық
қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу
ережесіне
6-1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді
сатып алу өткізілген жоқ деп тану туралы және оны қайтадан жүргізу туралы
хаттама
______________________ (Орналасқан жері) | 20___ жылғы «___»_______ |
Мынадай құрамдағы комиссия:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тиісті себебін көрсету: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімінің болмауы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің ешқайсысының медициналық қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылған талаптарға сәйкес келмеуі)
байланысты ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) 20___ жылғы «___»____________ бөлінген _______________________________________________ (__________________) теңге сомасына (соманы санмен және жазбаша көрсету)
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізілген жоқ деп танылсын және 20__жылғы «___» _________ мерзімге дейін ол қайта өткізілсін;
2) сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
______ жылғы «____» _________ дейінгі мерзімде 20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізілген жоқ деп тану туралы және аптасына кемінде екі рет шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын мерзімді баспа басылымында және Әкімшінің ______________________________ интернет-ресурсында жариялау үшін оны қайта жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін жолдасын.
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 6-2-қосымшасымен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша медициналық
қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу
ережесіне
6-2-қосымша
Тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу туралы
хаттама
______________________ (Орналасқан жері) | 20___ жылғы «___»_______ |
Мынадай құрамдағы комиссия:
_______________________________________________________________________________________________________________________
(төрағаның, оның орынбасарының, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі)
20___ жылғы «___» _________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде ТМККК-нің толық көлемде орналастырылмауына байланысты ашық дауыс беру жолымен мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРАДЫ:
1)__________________________________________________________________________________ (_________________) теңге сомасындағы
(соманы санмен және жазбаша көрсету)
тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін 20__ жылғы «___»________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүргізілсін;
2) сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
______ жылғы «____» _________дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің қалған кепілдік берілген көлемін орналастыру үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу өткізу туралы және аптасына кемінде екі рет шығарылатын және астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағына таралатын кезеңдік баспа басылымында және Әкімшінің _____________________ интернет-ресурсында жариялау үшін оны қайтадан өткізу туралы хабарландырудың мәтінін жолдасын.
(Әкімшінің веб-сайтын көрсету)
Бұл шешім үшін дауыс берді:
ИӘ -_____ дауыс;
ЖОҚ -_____ дауыс.
Комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшының Т.А.Ә., қолдары.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін көрсету
бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен
жүргізу ережесіне
7-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған
үлгі шарт
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
_______________________ (Орналасқан жері) | «__»___________ 20__ ж. |
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын __________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________атынан
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________________________________________негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын_______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________атынан
(меншік нысанына қарамастан, әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.б.)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттық нысанасы
1.1. Осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша Тапсырыс беруші тапсырма береді, ал Өнім беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер (бұдан әрі - қызметтер) көрсетуге міндеттеме қабылдайды.
1.2. Шарттың сомасы __________ жылға __________ теңгені құрайды.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 1.3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1.3. Осы Шарттың 2.1., 2.5. және 4.2.-тармақтарына сәйкес шарт сомасы түзетілуге жатады.
2. Есеп айырысу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 2.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.1. Тапсырыс беруші Өнім берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тариф бойынша ақы төлейді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен нозологиялардың тізбесі бойынша және көрсетілген медициналық көмектің құны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тарифтен бірнеше есе асқан жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушіге нақты көрсетілген медициналық көмек үшін ақы төлеуді бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
2.2. ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 2-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.3. Ақы төлеу ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МФҚБК) аумақтық бөлімшелері жүргізген сапаны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ МҚАТК) аумақтық бөлімшелері жүргізген көрсетілген медициналық көмектің көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен 2-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.4. Осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес Өнім беруші ұсынылған өтінімі негізінде, осы Шарттың 3 және/немесе 4-қосымшаға (-ларына) сәйкес, жыл бөлінісінде (ай сайын) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық көмекті көрсетудің жоспарланатын көлемдері мен мерзімдерін көрсетіп, Шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аванс беруге рұқсат етіледі.
Тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұрын төленген аванс мерзімінен бұрын ұсталуы мүмкін. Ұсталатын аванстың сомасы орындалған жұмыстар актісінде көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен 2.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2.5. Ақы төлеу осы Шарттың 2.1-тармағын және медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізген жағдайда оның нәтижелерін ескере отырып, түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.
2.6. Сапаны бақылауды жүргізуге байланысты Осы Шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ Осы Шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап шот-тіркелімге енгізілмеген осы Шартқа сәйкес осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күніне дейін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу осы Шарттың қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
ҚР Үкіметінің 2011.03.10. № 1131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;
Осы Шарттың 3 және (немесе) 4-қосымшасында (қосымшаларында) көрсетілген жыл бөлінісінде (ай бойынша) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызмет көрсетуге;
ТМККК көрсету шарттары, көлемі және тізбесі туралы ақпаратты азаматтарға ұсынуға;
Тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде шот-реестрларды ұсынуға;
Тапсырыс берушіге осы Шарттық орындалуын тексеру жүргізу үшін қажетті барлық медициналық және қаржылық құжаттарды ұсынуға;
іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне бақылау жүргізу үшін ҚР ДСМ МФҚБК АД және ҚР ДСМ МҚАТК АД қажетті құжаттаманы ұсынуға;
қызметі тоқтатыла тұрған кезде, таратылған кезде, бірігу, қосылу, бөлу немесе қайта құрылу, атауын, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауын өзгерту, төсек-орын қорын өзгерту, соның ішінде оны қысқарту және/немесе қайта бейімдеу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде өзгерген кезден бастап үш күн ішінде Тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;
Тапсырыс берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымын ұсынады;
сұраныс бойынша осы Шарттың шеңберінде жасалған үшінші жақтың барлық шарттарының көшірмелерін Тапсырыс берушіге ұсынуға;
қаражатты, оның ішінде аванс беру қаражатын мәлімделген бағыттар мен мерзімдерге сәйкес қатаң түрде жұмсауды жүзеге асыруға;
лизинг шарттарымен олардың мақсатына сәйкес медициналық техниканы алуға бағытталған қаражатты жұмсауды жүзеге асыруға;
медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған қаражатты олардың мақсатына сәйкес жұмсауды жүзеге асыруға;
денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде жекешелендірілген мәлімет базаларын құрастыруды қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешеннің жаңа нұсқаларын уақытында орнатуға (24 сағат ішінде) және енгізуді қамтамасыз етуге;
бағдарламалық кешенге төсек-орын қорын қысқарту және/немесе қайта бейімдеу бойынша барлық өзгертулерді енгізуге;
міндетті орындауға мүмкін еместігіне байланысты барлық жағдайлар мен олардың себептері туралы, соның ішінде Шарт сомасын түзетуді қажет ететін жағдайлар туралы жазбаша түрде Тапсырыс берушіге шұғыл түрде хабарлауға;
деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына дұрыс және уақтылы енгізуге міндетті.
3.2. Тапсырыс беруші:
көрсетілген медициналық көмек үшін Әлеуетті жабдықтаушы шығындарын өтеуді уақтылы жүргізуге;
Өнім берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК көрсету бойынша жіберілген бұзушылық (медициналық қызметтер көлемі мен сапасының тиісінше көрсетілмеуі, ТМККК жататын қызметтер үшін Қазақстан Республикасы азаматтарынан және оралмандардан ақы алу, медициналық көмектің тиісті емес көлемін және сапасын көрсету) үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражаттың мақсатты және уақтылы пайдаланбағаны үшін;
осы Шарттың 3.1. тармағын бұзғаны үшін;
жекешелендірілген мәлімет базаларына статистикалық картаның мәліметтерін сапасыз енгізгені үшін жауапты болады.