7. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтатуға арналған салықтық өтiнiштi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етедi.
8. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
146) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
146) 456-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымдарды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi және мыналарды құрайды:»;
147) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
147) 461-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгiленедi:»;
148) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
148) 462-баптың 4-тармағының екiншi сөйлеміндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
149) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
149) 471-бапта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып белгiленедi және мыналарды құрайды:»;
кестеде:
1.1. жолының 2-бағанындағы «Электр» деген сөз «Жаңартылған энергия көздерiнен өз мұқтаждары үшiн электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудi қоспағанда, электр» деген сөздермен ауыстырылсын;
1.6. жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу»;
1.20. жолының 2-бағаны «үлгiлердi қоспағанда,» деген сөздерден кейiн «аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен» деген сөздермен толықтырылсын;
1.62. жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк операциялары»;
1.63. жолының 3-бағанындағы «(40)****» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1.95. жолымен толықтырылсын:
«
1.95. | Тауар биржалары саласындағы қызмет: | |
| тауар биржасы үшiн | 10 |
биржа брокерi үшiн | 5 |
биржа дилерi үшiн | 5 |
»;
150) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
150) 475-баптың бiрiншi абзацындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
151) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
151) 487-баптың 1-тармағындағы «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
152) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
152) 492-бапта:
2-тармақта:
«республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Арнайы» деген сөз «Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
153) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
153) 495-баптың 1-тармағындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК)» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
154) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
154) 498-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган ластанудың қозғалмалы көздерiнiң мемлекеттік тiркелген жерi бойынша салық органдарына беретiн декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.»;
155) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
155) 501-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және төлемақыны төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.»;
156) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
156) 502-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алу орны бойынша бюджетке төленедi. Төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен рұқсат алғанға дейiн жүргiзiледi.»;
157) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
157) 506-бапта:
1-тармақтағы «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, тығыз бiр текше метр үшiн айқындалады және мыналарды құрайды:»;
158) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
158) 507-баптың 2-тармағының үшiншi абзацындағы «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
159) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
159) 510-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігi туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбiр күн үшiн айқындалады.»;
2-тармақтағы «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
160) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
160) 513-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнiң 10 наурызынан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бiр мезгiлде байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан алған хабарлама негiзiнде әрбiр құрылымдық бөлiмше бойынша жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.»;
161) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
161) 514-баптың бiрiншi абзацындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
162) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
162) 526-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«526-бап. Төлемақы ставкалары
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.»;
163) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
163) 529-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша төлемақы төлеудiң алдағы мерзiмi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бiр мезгiлде әрбiр құрылымдық бөлiмше бойынша рұқсат беру құжатында көрсетiлген жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.»;
164) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
164) 530-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«530-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бiр жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:
Рет № | Жолдардың санаттары | Төлемақы ставкасы (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Қалаға кiреберiстер | 25 |
2. | I, II | 20 |
3. | III | 10 |
4. | IV | 5 |
Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бiр жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
№ п/п | Жарнама түрлерi | Жылжымайтын объектiлерге төлемақы ставкалары (бiр жағы үшiн) (АЕК) |
Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бiр объект үшiн) | 2 | 1 | 0 |
2. | Лайтбокстар (сити-форматтағы) | 3 | 2 | 1 |
3. | Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер: | | | |
3.1. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 5 | 3 | 1 |
3.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн 10 | 10 | 5 | 2 |
3.3. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 20 | 10 | 5 |
3.4. | 20-дан 30 ш.м. дейiн | 30 | 15 | 5 |
3.5. | 30-дан 50 ш.м. дейiн | 50 | 20 | 10 |
3.6. | 50-ден 70 ш.м. дейiн | 70 | 30 | 15 |
3.7. | 70 ш.м. астам | 100 | 50 | 25 |
4. | Шатырүстi неонды жарнама құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер): | | | |
4.1. | 30 ш.м дейiн | 30 | 20 | 10 |
4.2. | 30 ш.м. астам | 50 | 30 | 10 |
5. | Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа- шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама: | | | |
5.1. | 5 ш.м дейiн | 1 | 1 | 0 |
5.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
5.3. | 10 ш.м. астам | 3 | 2 | 1 |
6. | Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама: | | | |
6.1. | 2 ш.м дейiн | 2 | 1 | 0 |
6.2. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
6.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 3 | 2 | 1 |
6.4. | 10 ш.м. астам | 8 | 4 | 2 |
7. | Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) | 10 | 5 | 1 |
2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
Рет № | жарнама түрлерi | Жылжымалы объектiлердегi төлемақы ставкалары (АЕК) |
Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Көлiк құралының сыртқы жағындағы жарнама (бiр көлiк құралы үшiн): | | | |
1.1. | автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде | 8 | 4 | 2 |
1.2. | шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн) | 3 | 2 | 1 |
2. | Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бiр жағы үшiн: | | | |
2.1. | 2 ш.м дейiн | 3 | 2 | 1 |
2.2. | 2-ден 5 ш.м дейiн | 15 | 10 | 5 |
2.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 35 | 25 | 10 |
2.4. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 50 | 25 | 10 |
2.5. | 20-дан 40 ш.м. дейiн | 60 | 45 | 20 |
2.6. | 40 ш.м. астам | 80 | 40 | |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерiн жарнама объектiсiнiң орналасқан жерiне қарай екi еседен асырмай арттыруға құқылы.»;
165) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
165) 534-баптың 2-тармағындағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттік бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - ЕАК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
166) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
166) 535-баптың 1-тармағында:
4) тармақшаның бiрiншi абзацындағы «талап» деген сөз алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;»;
167) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
167) 548-баптың 5-тармағы «салық органдары» деген сөздерден кейiн «, қайтаруға салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
168) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
168) 552-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«552-бап. Консулдық алым ставкалары
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, консулдық алымдар ставкаларының ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерiн, сондай-ақ жеделдету үшiн консулдық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставкалар мөлшерiн белгiлеуге құқылы.»;
169) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
169) 553-бапта:
4) тармақшаның төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметтiк iстер бойынша шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк немесе ұлттық паспорт иелерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiне;»;
6) тармақшаның он үшiншi абзацындағы «бергенi үшiн» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«дипломатиялық визаларды бергенi үшiн;»;
170) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
170) 554-баптың 6-тармағында:
екiншi бөлiк «АҚШ долларына» деген сөздерден кейiн «, евроға, ағылшын фунт стерлингiне, швейцар франкiне, канада долларына, жапон иенiне» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге ай сайын келiп түсетiн консулдық алымдар түсiмi 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есептi кезеңнiң соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетiлген валюта түрлеріндегі эквивалентiн құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей жүргiзiледi.»;
171) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
171) 557-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «туралы мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi (салық агентi) туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігiн табыс етпеуi туралы мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi (салық агентi) туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.»;
172) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
172) 558-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы «хабарламаны» деген сөзден кейiн «және (немесе) осы Кодексте белгiленген жағдайларда оның көшiрмесiн» деген сөздермен толықтырылсын;
173) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
173) 560-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы «тұрғылықты немесе» деген сөздер алып тасталсын;
174) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
174) 565-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариустық, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн тұрған жерi бойынша салық органына табыс еткен дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, адвокатты тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.»;
175) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
175) 568-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ең төменгi айналым тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 30000 еселенген мөлшерiн құрайды.»;
176) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
176) 570-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктi ауыстыруды:
1) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiгi жоғалған (бүлiнген) жағдайда - салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде;
2) қосылған құн салығын төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесi атының (ол болған кезде) немесе атауы өзгеруi туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.»;
177) 571-бапта:
2-12 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай шарттар бiр мезгiлде сақталған жағдайда:
1) салық салынатын айналым мөлшерi салықтық өтiнiш берiлген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса;
2) салық салынатын айналым мөлшерi мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару үшiн қосылған құн салығын төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.»;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Қосылған құн салығы» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайда, қосылған құн салығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық органдары салық төлеушiнi осы баптың 2-тармағында белгiленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығаруды салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзуге мiндеттi. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару күнi мұндай салық төлеушiнiң салық органына салықтық өтiнiш берген күнi болып табылады.
Салық органдары салық төлеушiге салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан мынадай:
1) салықтық өтiнiш берген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен;
2) мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен жағдайларда бас тартады.
Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан бас тарту туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебi көрсетiле отырып, салық төлеушiге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жiберу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен табыс етiледi.»
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «танылған жағдайларда жүргiзiледi.» деген сөздер «танылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
13-18 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
«4) сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жүргiзiледi.»;
5-тармақтың үшiншi абзацындағы «бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығарады.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«салық органы дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеудi жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығарады.»;
6-тармақтың үшiншi абзацындағы «бастап шығарылды деп танылады.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген тұлға үшiн - қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою күнiнен бастап шығарылды деп танылады.»;
178) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
178) 573-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою
1. Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:
1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;
2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;
4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.
2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн байланыстың арналары арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.
3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.