Ескертпе: 2006 - 2010 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады.
Құрылыс объектілерін қаржыландыру көлемі жобалардың мемлекеттік сараптамадан өткізілуіне және олардың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілуіне қарай нақтыланады.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған болжалды
шығыс көздері
Болжалды шығыс көздері | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Республикалық бюджет | 92248,3 | 79315,3 | 100937,6 | 109564,5 | 113486,5 |
Жергілікті бюджет | 11605,9 | 7688,8 | 4056,0 | 3157,1 | 1068,8 |
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен | | | 6,5 | 20,0 | 40,0 |
Барлығы | 103854,2 | 87004,1 | 105000,1 | 112741,6 | 114595,3 |
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін барлығы 523 195,3млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 495 552,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 27 576,6 млн. теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен - 66,5 млн. теңге қажет.