Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 1768 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Барлығы, штат саны (бірлік)» деген бағанда:
«Ақмола» деген жолдағы «3196» деген сандар «3192» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақтөбе» деген жолдағы «2393» деген сандар «2386» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы» деген жолдағы «3689» деген сандар «3679» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау» деген жолдағы «1537» деген сандар «1534» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «3806» деген сандар «3796» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жамбыл» деген жолдағы «2520» деген сандар «2513» деген сандармен ауыстырылсын;
«Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2221» деген сандар «2220» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қарағанды» деген жолдағы «3294» деген сандар «3285» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қостанай» деген жолдағы «3392» деген сандар «3390» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қызылорда» деген жолдағы «1741» деген сандар «1735» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау» деген жолдағы «1157» деген сандар «1155» деген сандармен ауыстырылсын;
«Павлодар» деген жолдағы «2787» деген сандар «2784» деген сандармен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2647» деген сандар «2640» деген сандармен ауыстырылсын;
«Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3913» деген сандар «3908» деген сандармен ауыстырылсын;
«Алматы қаласы» деген жолдағы «1334» деген сандар «1327» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласы» деген жолдағы «936» деген сандар «934» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдағы «40563» деген сандар «40478» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 13-жолдың 3-бағанындағы «10308» деген сандар «10393» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |