Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 172 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары;
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;
Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша);
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
Баймаханов Мұрат Тәжімұратұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша);
Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы жанындағы заңнамалық кесімдердің жобаларын дайындау және сараптау ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Мұқашев Рахмет Желдібайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Коржова Наталья Артемовна, Курбатов Владимир Николаевич, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы шығарылсын;
4-тармақ «Әділет министрлігіне» деген сөздерден кейін «шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.»;
«9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың бірінші және үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі.»;
11-тармақ «хаттамамен» деген сөздің алдынан «Комиссияға төрағалық етуші мен оның хатшысы қол қоятын» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта «төраға» деген сөз «төрағалық етуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.»;
2) «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жоғарыда көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында заң жобалау қызметін жүзеге асыру уәкілетті органның заң қызметінің басшысымен келісілуі тиіс.
Заң сараптамасын жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобасының әр парағына уәкілетті органның заң қызметінің басшысы қол қояды.»;
3) «Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 385-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары;
Ақанов Айқан Ақанұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі;
Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Кравченко Иван Михайлович шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың төртінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.»;
4) «Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 401-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары;
Ноздрин Валерий Владимирович - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша);
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша);
Бояркин Сергей Иванович - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Үкібаев Ермек Елеуханұлы - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Ақанов Айқан Ақанұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Уандықов Ерік Құсманұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;
Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Радостовец Николай Владимирович - Қазақстан Республикасы Тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағының президенті (келісім бойынша);
Құрбанбаева Гүлнәр Төретайқызы - Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының директоры (келісім бойынша);
Амандықов Қайрат Якудаұлы - Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар одағы федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Нұрғалиев Тұрсынхан Оразұлы - Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастығы заң қызметінің басшысы (келісім бойынша);
мына:
«Баймаханов Мұрат Тәжімұратұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)»;
Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы - «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»;
«Нұғманова Эльмира Әбдікқызы - «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Баймаханов Мұрат Тәжімұратұлы - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)»;
«Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы - заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»;
«Нұғманова Эльмира Әбдікқызы - заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»;
көрсетілген құрамнан Мамонтов Николай Иванович, Аюбаев Мұхтар Ақатұлы, Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Белоног Анатолий Александрович, Гамарник Геннадий Николаевич, Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы, Базарбаева Әсия Бақытқызы, Сүнтаев Тілеген Иматұлы, Штарк Михаил Владимирович шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың екінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.»;
10-тармақтың бірінші абзацы «дауыс берумен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне сұрау салу жолымен» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |