ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.12.02. № 78 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда - карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптамау негізінде беріледі. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
30. Фитосанитариялық сертификаттың түпнұсқасы карантинге жатқызылған өнімді жөнелтушіге беріледі, көшірмесі уәкілетті органның іс қағазында сақталады.
3. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау
кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
32. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес карантиндік сертификаттар болғанда жүзеге асырылады.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.02. № 78 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ жаңа редакцияда
33. Карантиндік сертификат алу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды береді:
1) уәкілетті органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады;
2) жеке тұлға үшін - өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және атынан өтінім беруші өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат.
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда - карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау негізінде беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
34. Алып жүру жолында немесе жеткізу пунктінде карантинге жатқызылған өнімнің мекен-жайын өзгерту карантинге жатқызылған өнім иесінің жүгінуі бойынша аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның жеткізу пунктінде қайтадан карантиндік тексеруге жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылыд
34-1. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізуге көрсетпеген жағдайда жүк жіберушіге қайтарылады.
4. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды жүргізу
тәртібі және көлік құралдарын тазарту
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35. Көлік құралдары және карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнім, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарда оны залалсыздандыру көзделген өнім, сондай-ақ карантиндік тұрғыдан әлеуетті қауіпті карантинге жатқызылған өнім өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандыруға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілер анықталған кезде залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көліктің баска түрлерінде жүргізіледі.
Цитрус дақылдарының жемістерін рефрижерациялауды тоңазытқыш камераларда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың бақылауымен карантинге жатқызылған өнім иелері жүргізеді.
37. Көлік құралдарының барлық түрлері карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан алынған өнімді тасымалдағаннан кейін қалдықтарды жоя отырып, міндетті түрде тазартуға, ал қажет болған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор айқындаған орындарда фумигациялауға жатады.
Көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді фумигациялауға дайындауды фумигациялық жасақтар мамандарының басшылығымен карантинге жатқызылған өнім иелері немесе көліктік ұйымдар орындайды.
38. Карантинге жатқызылған өнімді басқа мемлекеттерде залалсыздандыруды жүргізген кезде фумигациялық жасақтардың мамандары әкелінетін өнімде фумиганттардың қалдық мөлшерінің болуын тексереді.
39. Залалсыздандыру мен тазарту, карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді қайтару немесе қайта өңдеу, жүктерді, багажды, сәлемдемелерді ашу мен буып-түю, оларды залалсыздандыру орындарына және кері жеткізу карантинге жатқызылған өнім иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 5-бөліммен толықтырылды
5. Жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі
40. Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, әзірлеумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) егістерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етеді;
2) карантиндік объектілер табылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді;
3) карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымды себу үшін пайдаланбайды;
4) карантиндік объектілер тараған аймақта әзірленген карантинге жатқызылған өнімді бөлек сақтайды және тазалайды;
5) импорттық карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймалық жайларды жылына кемінде бір рет профилактикалық залалсыздандыру жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының және уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарының талаптарын сақтайды және орындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 6-бөліммен толықтырылды
6. Жергілікті атқарушы органдардың карантиндік шараларды жүргізу тәртібі
41. Облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді.
Аудандар мен ауылдық округтарда карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу үшін облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бұйрығымен маман тіркейді.
42. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымы бойынша теміржол станцияларында, теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), ішкі сауда объектілерінде, почта байланысы ұйымдарында және өзге де объектілерде карантиндік аймақтарда жеке және заңды тұлғалардың - осы объектілердің иелерінің, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады.
43. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып карантиндік аймақты белгілеу немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 7-бөліммен толықтырылды
7. Карантин белгілеу мен оны алып тастау тәртібі
44. Карантиндік объектілер анықталғанда таралу шекарасын көрсете отырып, карантиндік объектінің түрі бойынша карантиндік аймақтар белгіленеді.
Уәкілетті орган облыстың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бірлесе отырып:
1) фитосанитариялық бақылау бекеттерін айқындайды;
2) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін әзірлейді;
3) карантиндік шектеулер мен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тізбесін бір жұмыс күні ішінде жеке, заңды тұлғалардың және карантиндік аймақ халқының назарына жеткізеді.
45. Карантиндік аймақтарда карантиндік объектілер залалдаған карантинге жатқызылған өнімді әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімдерді карантиндік аймақтардан облыстардың (республикалық маңыздағы қаланың, астананың) тыс жерлерге әкету уақытша ұйымдастырылған фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы және карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден — фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда.
Карантиндік аймақты әкетілген карантинге жатқызылған залалданған өнім қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеуші ұйымдарға берілуге тиіс.
Карантинге жатқызылған залалданған өнімді залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынуға және жойылуға тиіс.
46. Карантиндік аймақтан алып тастау жүйелік зерттеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Егер карантиндік аймақты белгілеу сәтінен бастап үш жыл бойы карантиндік объектілер анықталмаса, уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы аумақтан карантиндік аймақ алынып тасталады.
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
№ _____ импорттық карантиндік рұқсат
2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге импорттық карантиндік рұқсат беруге
өтінім
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі ережеге
3-қосымша
№ ___ карантиндік тексеру актісі
__________________________________________________________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)
Мен, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________ тиесілі
(заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның аты-жөні)
карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын тексеруді және карантиндік сараптамаға арналған үлгілерді іріктеуді жүргіздім.
Өнімнің (көлік құралдарының) атауы _________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
Саны (лек салмағы, орын саны және басқалары) _______________________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_____________ берген 20__ жылғы «__» ____________ № ___ сертификат
Саны ______ дана, салмағы ______ кг орташа үлгілер іріктеліп алынды.
Тексеру нәтижесінде анықталды ____________________________________________________________________________
Өсімдіктер карантині жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу талап етіледі: _______________________________________
________________________________________________________________________________________________________
Акт карантинге жатқызылған өнім иесінің өкілі ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________ қатысуымен жасалды.
(лауазымы, қолы, аты-жөні)
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор _______________ _________________________
(қолы) (аты-жөні)
Өкіл _______________ _________________________
(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі ережеге
4-қосымша
____________________________________________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)
№ ___ карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі
Осы актіні мемлекеттік инспектор _______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
теміржол станциясы (автоөткел) өкілінің және (немесе) кеден және шекара органдары өкілдерінің _________________
___________________________________________________________________________________ қатысуымен жасады.
200_ жылғы «__» ______________ _________________________________________________________
вагон № № ___________________________________________________________________________________________
Саны __________ тн/кг, _________________ орын өсімдік тектес
карантинге жатқызылған өнім ___________________________ түсті.
Жіберуші ______________________________________________________________________________________________
Экспедитор ___________________________________________________________________________________________
Алушы _______________________________________________________________________________________________
Көрсетілген жүк «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 5-тармағына сәйкес __________________________________________________________________________
себебі бойынша қайтарылды.
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор ________________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
Актінің көшірмесі берілді ________________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
200_ жылғы «__» ____________
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі ережеге
5-қосымша
_________________________________________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, фитосанитариялық бақылау бекетінің атауы)
Алып қою актісі
Кімге: ___________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________ иесіне
Осымен төменде санамаланған карантинге жатқызылған өнім мынадай себептер бойынша алынғандығы куәландырылады:
өнім ___________________________________________________ залалданған.
Бұл өнімнің импортына тыйым салынған.
Фитосанитариялық сертификат мынадай себептер бойынша жарамсыз:
_____________________________________________________________________________________________________
Басқа себептер: ________________________________________________________________________________________
Қабылданған шаралар: __________________________________________________________________________________
Жою _________________________________________________________________________________________________
Қайтару ______________________________________________________________________________________________
Залалсыздандыру ______________________________________________________________________________________
Залалданған өнімдерді карантинге жатқызылған өнімнен алып тастау __________________________________________
Басқалары: ____________________________________________________________________________________________
Алынған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:
(бүкіл өнім немесе оның бір бөлігі) ________________________________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнім туралы мәліметтер:
Экспорттаушының мекен-жайы: __________________________________________________________________________
Карантинге жатқызылған өнімді алушының мекен-жайы: _____________________________________________________
Айырма белгілері (таңбасы): ______________________________________________________________________________
Жеткізу құралдары: ______________________________________________________________________________________
№ ___ фитосанитариялық сертификат
____________ (ұйымның атауы) берген Берілген уақыты __________
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор _____________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О. 200_ жылғы «__» _____________________
6-қосымша. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
№ ____ карантиндік хабарлама
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі ережеге
7-қосымша
ҚР Үкіметінің 2014.12.02. № 78 Қаулысымен 8-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі ережеге
8-қосымша
_____________________________________________________________________
(өсімдік карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
_____________________________________________________________________
бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты
_____________________________________________________________________
(бар болса)
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
1) ___________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________________________________________
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
2) __________________________________________________________________________________________________
(өсімдіктің ботаникалық атауы)
3) __________________________________________________________________________________________________
(жүк алушы, карантинге жатқызылған өнімнің жүк алушысының
_____________________________________________________________________________________________________
мекенжайы)
4) __________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны)
5) __________________________________________________________________________________________________
(фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың
____________________________________________________________________________________________________
қосымша декларациясында көрсетілуі қажет мәліметтер)
6) __________________________________________________________________________________________________
(зарарсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
7) __________________________________________________________________________________________________
(шартта (келісімшартта) немесе фитосанитариялық талаптарда көзделген
____________________________________________________________________________________________________
карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру тәсілі)
8) __________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
____________________________________________________________________________________________________
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы)
9) __________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________________________________________
жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
10) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау)
____________________________________________________________________________________________________
қандай температурада жүргізілді)
11) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыруды (фумигациялауды)
____________________________________________________________________________________________________
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы)
12) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат)
13) _________________________________________________________________________________________________
(импорттаушы елдің атауы)
14) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін мекенжай)
15) _________________________________________________________________________________________________
(көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы,
_____________________________________________________________________________________________________
тасымалдау түрі)
16) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің сапар бағдары)
17) _________________________________________________________________________________________________
(тиеп - жөнелту күні, тиеп - жөнелту орны)
18) _________________________________________________________________________________________________
(сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортаушы елдің шекаралық пунктінің атауы)
19) _________________________________________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел)
Басшы _______________ _____________________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))