Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде:
«Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген 2-бөлімнің 2.1.1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жүргізуші куәлігінің талоны;».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі талонының үлгісін, оны тіркеу, ресімдеу, жүргізуші куәлігінің талонына әкімшілік жазаларды және өзге де функцияларды белгілеу тәртібін бекітсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | К. Мәсімов |