127) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
128) Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығы ауруларының мониторингін жүзеге асыру, тиісті алдын алу және емдеу іс-шараларын жүргізу тиімділігін талдау;
129) йод тапшылығы ауруларының тізбесін бекіту;
130) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту;
131) тұзды және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерін йодтау жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілеу;
132) йодталған ас тұзы және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдері сапасының, өндірісінің, сақталуының, әкелінуінің және өткізілуінің мониторингін жүзеге асыру;
133) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында мамандар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
134) халық арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
135) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
15. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікке басшылықты ол өзіне бағынысты Министрліктің жұмысына дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Министр:
1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өз орынбасарларының өкілеттіліктерін айқындайды;
4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
6) Министрлікті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
8) регламенттерді және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді;
9) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының
өкілеттіктерін тоқтатуға әкелмейді.
22. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырады және оның тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде Министрліктің және оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) регламенттер мен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
25. Министрліктің консультациялық-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
26. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттілігі жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
27. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптастырылады.
28. Министрліктің бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.