Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1562 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Балиева Зағипа Яхянқызы, Школьник Владимир Сергеевич, Ахметов Серік Нығметұлы, Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Мәйірманов Қажымұрат Нұрғалиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |