2) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуға;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік бақылау үшін:
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;
4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнiмдi өткізу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап етуге;
5) мынадай жағдайларда:
өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмеген;
сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) болмаған;
өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұруға және (немесе) жоюға;
7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткізушi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тартуға;
8) өнiм өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қатысуға;
9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бас мемлекеттік инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.
Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
41-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) мемлекеттік бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
42-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
43-бап. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары
Егер мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткізуге құқығы бар.
7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды
адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын
сақтамағаны үшін жауаптылығы
44-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.
45-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;
2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
46-бап. Өтпелi ережелер
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының және 15-бабы 1-тармағының күшi сақталады.
"Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағында көзделген актiлер мен құжаттардың ережелерi осы Заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген мақсаттарға сәйкес бөлiгiнде ғана мiндеттi сақталуға тиiс. Өнiмге арналған техникалық регламенттер және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау мүмкiндiгiн көздейтiн, олармен үйлестiрiлген стандарттарды қолданысқа енгізуге байланысты осы өнiмге арналған техникалық шарттарды мемлекеттік тiркеудiң күшi белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
2. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау саласында сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгiзiлуiне қарай Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген, оларды қайталайтын немесе оларға сәйкес келмейтiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың күшi жойылуға тиіс.
4. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн сәйкестiктi растау жөніндегі органдарға және зертханаларға белгiленген тәртiппен берiлген аккредиттеу туралы құжаттар, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген сертификаттар оларда көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн жарамды болып есептеледi.
5. Техникалық регламенттер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн нақты объектiлерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қайшы келмейтiн бөлігінде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат);
2) "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231-құжат; № 23, 321-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат).
3. Осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары күшін жояды.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.Ә. Назарбаев |