2. Әйелдерге, мүгедектiктің айқын белгiлерi бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
3. Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
520-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану
1. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Атыс қаруы осы Кодекстің 521-бабында белгіленген жағдайларда қолданылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
3. Кеден органдарының лауазымды адамдары қарулар мен оқ-дәрiлердi жоғалтқаны, ұқыпсыз сақтағаны, оларды күзету жөніндегі мiндеттерiн тиісінше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
521-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мынадай жағдайларда:
1) кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне топтасып жасалған және (немесе) қарулы шабуылға тойтарыс беру, сол сияқты кеден органдары лауазымды адамдарының қаруын тартып алуға әрекет жасаудың жолын кесу үшiн;
2) кеден органдарының иелiгіндегі және (немесе) пайдалануындағы үй-жайларға, үйлерге (құрылғыларға, құрылыстарға) және көлiк құралдарына, жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын қару қолданып иеленіп кетуге әрекет жасалған жағдайларда;
3) қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау үстiнде қолға түскен адамдарды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамдарды ұстау үшiн;
4) егер көлік құралын жүргiзетін адам кеден органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын iстен шығару арқылы оларды тоқтату үшiн;
5) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;
6) қару қолданатындығы туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн;
7) қажетті қорғаныс және аса қажетті өзге де жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқылы.
2. Әйелдерге, мүгедектiктің айқын белгісі бар адамдарға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) қарулы немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн жағдайларда қару қолдануға тыйым салынады.
3. Қару қолданудың барлық жағдайларында кеден органының лауазымды адамы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, прокурорды, жоғары тұрған кеден органын хабардар етуге мiндеттi.
71-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын
материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
522-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекақы төлеу
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
1. Кеден органдарының лауазымды адамдарына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақшалай қаражат, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстемеақы кіреді.
2. Кеден органы лауазымды адамдарының ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақы мен арнаулы атақ үшін қосымша ақыдан тұрады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
3. Еңбек сiңiрген жылдарына қарай лауазымдық айлықақыға коэффициент белгілеу құқығын беретiн қызмет стажына мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес қызмет (жұмыс) істеген уақыт есептеледі.
523-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеу
1. Қызмет мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеу мен наградалардың мынадай түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) бiр жолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) Құрмет грамотасымен марапаттау;
5) "Кеден органдарындағы үздiк қызметi үшiн" омырауға тағатын белгiсiмен марапаттау;
6) "Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" Құрмет белгiсiмен марапаттау;
7) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;
8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары арнаулы атақ беру;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көтермелеу нысандары көзделеді.
2. Көтермелеу ретiнде бұрын берілген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкiн.
524-бап. Кеден органы лауазымды адамының демалысы
Кеден органдары лауазымды адамдарына екі лауазымдық айлықақысы мөлшеріндегі сауығуға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берiледi.
525-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру
Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
526-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
2. Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндетін орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
3. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1-тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаза тапқан адамның атқарған соңғы қызметі бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтем төленеді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
4. Кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты, өзiнiң кәсіби қызметін одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiндей болып мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, аталған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде:
1) бірінші топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
2) екінші топтағы мүгедекке - он сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
3) үшінші топтағы мүгедектерге - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
4) мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде - бiр жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленедi.
5. Егер кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
72-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды
адамдарының жауаптылығы
527-бап. Кеден органдарының жауаптылығы
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
528-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының жауаптылығы
Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдер шығарғаны, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
73-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
529-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Кодекс, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 12) тармақшасын, 290-баптың 5-тармағын және 433-баптың 2-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
530-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
2003 жылғы 1 мамырдан бастап «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 20, 717-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; № 10, 244-құжат; № 18, 338-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 6, 74-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат) күші жойылды деп танылсын.
531-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялары болған жеке және заңды тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін оған сәйкес келтіруге міндетті.
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктер ол келісім-шарттар бұзылмаған жағдайда, сол келісім-шарттарда белгіленген мерзімге дейін өз күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының