«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 1453 Қаулысы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен жалпы сомасы 167691560619 (бір жүз алпыс жеті миллиард алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз алпыс мың алты жүз он тоғыз) теңгеге «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының саны 250001 (екі жүз елу мың бір) дана жай акцияларын, оның ішінде бір жай акция үшін 668000 (алты жүз алпыс сегіз мың) теңге баға бойынша 250000 (екі жүз елу мың) дана жай акцияларын және бір жай акция үшін 691560619 (алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз алпыс мың алты жүз он тоғыз) теңге баға бойынша 1 (бір) дана жай акциясын сатып алсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«VI. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
«
15. | «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ны капиталдандыру жолымен инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ | Үкіметке ақпарат | Тоқсан сайын |
».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |