Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 668 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысына келісім берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |