«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1100 Қаулысы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының 11,3 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) қарасты «KAZNEX» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» акционерлік қоғамының 100 пайыз акцияларының орнына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның меншігіне беруді;
2) оны мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін «KAZNEX» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 237-33-жолмен толықтырылсын:
«237-33. «KAZNEX» экспортты дамыту және жылжыту корпорациясы» АҚ»;
2) «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 668 қаулысында:
3-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |