Қазакстан Республнкасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 1383 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
жиырма сегізінші абзацтағы «веб-сайттарын» деген сөздер «интернет-ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз үшінші абзацта:
«ақпараттық жүйелерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
«электрондық үкімет» қалыптастыруда» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |