Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1271 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
«Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:
2-кезеңде: 2008 жыл:
2-тетікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй құрылысы объектілерінің санын оңтайландыруды ескере отырып және үлескерлердің санына, олардың келісуіне, дайындық өлшемдеріне және құрылыстың экономикалық орындылығына қарай жүргізілген тексеру нәтижелері комиссия қарауына ұсынылатын болады. Комиссияның қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдар үлескерлердің мұқтажы үшін объектілерді салуды қамтамасыз ететін болады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары заңнамаға сәйкес уәкілетті ұйымдармен тұрғын-үй құрылысы кооперативтерінде (бұдан әрі - ТҚК) олардың пайдасына аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерін және орындалмаған міндеттемелер бойынша берешекті өтеу есебіне теріс пиғылды құрылыс салушылардан басқа да активтерді өндіріп алу туралы соттардың шешімдері болған кезде проблемасы бар объектілердің үлескерлері болып табылатын азаматтар құрған ТҚК-мен көрсетілген объектілердің құрылысын аяқтауға шарттар жасасуды қамтамасыз ететін болады.
Көрсетілген шарттар заңнамаға сәйкес қабылданған ТҚК мүшелері жалпы жиналысының:
1) ТҚК-нің әрбір мүшесі теріс пиғылды құрылыс салушыға бұрын төлеген үлестік жарна сомасын ескере отырып, пәтерлерді ТҚК мүшелері арасында бөлу туралы;
2) уәкілетті органға ТҚК тиісті мүшесінің үлестік жарнаның қалған бөлігін төлеуі туралы;
3) тұрғын үй құрылысы объектісінің бос алаңдарын уәкілетті ұйымға беру туралы шешімі болған кезде жасалады.
Бұл ретте пәтерлерді беру шарттары, сондай-ақ төлемдердің қалған сомасын енгізу мерзімдері уәкілетті ұйым, ТҚК мен ТҚК-нің әрбір мүшесі арасында жасалған үш жақты шарттарда көзделетін болады.
Объектілердің құрылысы аяқталғаннан кейін бос алаңдар болған кезде олар комиссияның ұсынымы бойынша комиссияның шешімдерімен құрылысын аяқтау орынсыз деп танылған аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерінің үлескерлеріне (олардың келісімімен) қайта бөлінуі мүмкін.
Комиссияның ұсынымы бойынша көрсетілген үлескерлер заңнамада белгіленген тәртіппен осы объектінің ТҚК-сіне кіреді.».
2. Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |