Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 1298 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:
4-тармақтың алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«ТҚі - і-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
Қі = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;»;
5-тармақта:
алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«ТҚі - і-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
Қі = 0, «СТ-КZ» сертификаты болмаған жағдайда;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖҚj - j-шарты шеңберінде мердігер немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жалпы қызметкерлер санында қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;»;
он бесінші, он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепті кезеңде Тапсырыс берушінің сатып алуындағы қазақстандық қамтуды (ҚҚ) есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |