Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1256 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлік қоғамы акцияларының 94,89 % мемлекеттік пакетін «ҚазАгроИнновация» акционерлер қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
2) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының жарияланған акциялары санын ұлғайтуды және «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» акционерлер қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру жолымен орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-6-жол алынып тасталсын;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 205-10-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 63-жол алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |