Поиск 
Введите текст для поиска, например, Налоговый кодекс Украины
Найти
Кодексы бесплатно      
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Выступление Президента РК на открытии III сессии Парламента РК четвертого созыва (Астана, 1 сентября 2009 года)

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме!
Получить полный доступ к документу
Вход для пользователей
Выступление Президента РК на открытии III сессии Парламента РК четвертого созыва (Астана, 1 сентября 2009 года)
Для того, чтобы получить текст документа, вам нужно ввести логин и пароль.

Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Контактный телефон: +7 (495) 972-24-02, email: info@continent-online.com
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Выступление Президента РК на открытии III сессии Парламента РК четвертого созыва
(Астана, 1 сентября 2009 года)

 

Құрметті Парламент депутаттары!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын.

 

Құрметті Парламент депутаттары!

 

Сіздерді Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын.

Біз 30 тамызда мемлекеттік мерекеміз - Конституция күнін айрықша атап өттік. Еліміздің Парламенті тәуелсіздігіміздің бұлжымас бағдарына, Қазақстан қоғамының басты құндылығына айналған Ата Заңымыздың аясында көптеген заңдар қабылдап келеді.

Сол арқылы Жоғары заң шығарушы орган ретінде мемлекеттігімізді нығайту ісінде іргелі қадамдар жасауда.

Еліміздің Парламенті дүниежүзінің барлық мемлекеттеріне әсер еткен әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруге еселі үлес қосты.

Экономиканы тұрақтандырудың маңыздылығын ескере отырып, Парламент дағдарыстың алдын алу шараларына қатысты заң жобаларын жедел қарап, қабылдады.

Тұтастай алғанда, төртінші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында 140-тан астам заң жобасы қаралып, талқыланып, соның ішінде 90-нан астам Заң қабылданды.

Бұл заңдардың басым көпшілігі ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік деңгейді көтеруге бағытталған.

Олардың арасында Салық және Бюджет кодекстері мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс сияқты маңызды заңдарды ерекше атап өткім келеді.

Сессия барысында республикалық бюджеттің үшжылдық жоспары тұңғыш рет арнайы заң арқылы бекітілді.

Парламент Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялап, Экологиялық кодекс пен «Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.

Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.