в) қарыз толық өтелгенге дейiн сенім бiлдiрiлген өкілге (банк-агентке) жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсынуды;
г) ай сайын қаржылық есептiлiктiң үлгiлiк нысанын (бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептi) және қаржылық жай-күйдi анықтайтын басқа да қажеттi құжаттарды Қазақстан Даму Банкiне ұсынуды;
д) банк кепiлдiгiнiң не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келісім бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн қарыздарды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуын;
Бұл ретте банк кепiлдiгiн беру және/немесе сақтандыру шартының және банк кепiлдiгiне және/немесе қарызды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына талаптарды беру мерзiмi мен талаптарын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттік кепiлдiктi беру туралы келісімде белгiлейдi.
2) шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шотындағы) қаражаттың есебiн жүзеге асыруды, сондай-ақ акт жасай отырып ұсынылатын құжаттамаларға кезең-кезеңде салыстыру жүргiзудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органнан талап етудi;
3) Қазақстанның Даму Банкiне:
а) қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйiн талдауды және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi талдау нәтижелерi туралы ақпаратты ұсынуды;
б) шартты салымның арнайы шотында ақшаны мерзiмдi шоғырландыруды;
4) қарыз алушымен және сенім бiлдiрiлген өкілмен (банк-агентпен) бiрлесе отырып бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайтын шартты салымның арнайы шотына ақша аударудың нормасы мен кезеңдiлiгiн (кестесiн) жүзеге асыру жөнiнде қойылатын талаптарды қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн келісімге сай тиiстi соманы тұрақты аударым жасау жолымен аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтiру мерзiмдерiн бұзған жағдайда қарыз алушы әрбiр жолсыздық жағдайы үшiн алдағы төлемдер сомасынан мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн нөл бүтiн оннан бiр пайыз мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
651. Мемлекеттік кепiлдiктер алуға үмiткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сай болуы тиiс.
Мемлекеттік кепiлдiктер әрбiр инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары негiзiнде берiледi.
652. Кепiлдiк мiндеттемелер нысанында берiлген мемлекеттік кепiлдiктер бiр данада мемлекеттік кепiлдiктердiң арнайы бланкілерінде ресiмделедi.
Мемлекеттік кепiлдiктердiң бланкісі қатаң есептiлiк бланкісі болып табылады.
653. Кепілдік туралы шарт нысанындағы мемлекеттік кепiлдiк екi данада ресiмделедi.
654. Банк кепiлдiгiн беру және/немесе сақтандыру шартының мерзiмi мен беру шарттарын және банк кепiлдiгiне және/немесе сақтандыру шартына қойылатын талаптарды мемлекеттік кепiлдiкпен берiлген мемлекеттік емес қарыздың шарттарына байланысты бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
655. Банк кепiлдiгiнiң және сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен келісім бойынша банк-кепiлгер және/немесе сақтандыру ұйымы анықтайды.
656. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз берушімен келісім бойынша мемлекеттік кепiлдiктiң мазмұны мен нысанын анықтайды.
657. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар қарыз алушылардың мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мәселелерi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында реттеледi.
658. Қарыз берушiнiң талабы бойынша әдiлет органы Қазақстан Республикасының кепiлдiгімен жасалатын қарыз шарттарының заңды қорытындысын ұсынады.
72-тарау. Қазақстан Республикасы жергiлiктi
атқарушы органдарының қарыз алу тәртібі
659. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы кезекті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрiнде жүзеге асырылады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қолма-қол ақшасының тапшылығын тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
660. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) кезекті қаржы жылына арналған борыш лимитiнiң және тиісті жергілікті органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге жіберілетін жергілікті бюджет қаражаты көлемінің шегiнде қарыз алуды шектеудi белгiлеу;
2) қарыз алудың басым инвестициялық бағыттарын анықтау;
3) басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
661. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері негізінде тиісті бюджет комиссиясының қарауына ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, жоспарланған жылдарға көзделетін қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамдық көлемін айқындайды.
Тиісті бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезекті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын белгіленген тәртіппен жасайды.
662. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару нысанында жүзеге асырылады.
663. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджет тапшылығын, жоспарланған жылға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және осы ұсыныстарды Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясына жiбередi.
664. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері негiзiнде Бюджет комиссиясы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн айқындайды, сондай-ақ кезекті қаржы жылының соңына арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн айқындайды.
665. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердің жоспарланған бюджеттік тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және оларды қарау үшiн тиiстi Бюджет комиссиясына жiбередi.
666. Бюджет комиссиясының шешiмi және бекітілген жергiлiктi бюджеттер тапшылығы өлшемдерiнiң негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен қарыз алудың көлемi мен шарттарын, сондай-ақ кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерде бекітілетiн борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудiң мөлшерiн анықтайды және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен келiседi.
667. Ресiмделген қарыз шартына қол қою Бюджет кодексiнiң 187-бабына сай қабылданатын қарыз берушiнiң шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
668. Қол қойылған қарыз шарттары өтеу, сыйақыларды төлеу кестесiмен және басқа да қосымшалармен бiрге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тiркеуiне жатады. Бұл ретте қарыз алу шарты тiркелгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
669. Жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға кредит қаражаты бойынша борыштарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептi осы Ереженің 106, 107-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне дейiн табыс етедi.
73-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз
алушының қаржылық жай-күйi мониторингiнiң тәртібі
670. Осы тарау мемлекеттік кепілдіктермен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйi мониторингiнiң рәсiмдерiн анықтайды, мемлекет кепiлдігімен қарыз алған қарыз алушының ақпараттық қамтамасыз ету мониторингiн және қаржылық жай-күйiнiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
671. Қаржылық коэффициенттердi сенім білдірілген (банк-агент) мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есептілігінің негiзiнде жылына екі рет есептейдi. Мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған қарыз алушы Банкке қаржылық есептiлiктi, ал қажет болған кезде тиiстi қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
672. Мониторингке мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған және қарыз берушi не республикалық бюджет алдында борышы бар қарыз алушылар жатады.
673. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметiнiң, саласының түрлерi, бәсекелестерi мен нарықтары, нормативтiк құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептiлiктiң, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын қарыз алушылардың қаржылық жай-күйiн талдауды қамтиды.
674. Мониторингтi жүзеге асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтiмдiлiк коэффициентi - ақша қаражаты мен қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң мөлшерiне қатынасы;
өтеу коэффициентi - ағымдағы активтердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы;
қарыз және меншiкті қаражаттың арақатынасы - ағымдағы мiндеттемелердiң меншiк капиталының мөлшерiне қатынасы;
тарту коэффициентi - мiндеттемелердiң ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтерге қатынасы;
пайда нормасы - салық салғанға дейiнгi жиынтық кiрiстiң сату көлемiне қатынасы;
меншiк капиталының пайдалылық коэффициентi - салық салғанға дейiнгi жиынтық кiрiстiң меншiк капиталының мөлшерiне қатынасы;
кредиттiк берешектiң айналымдылық коэффициентi - iске асыру көлемiнiң кредиттiк берешекке қатынасы қолданылады.
Мониторингтi жүргiзу үшiн Банк мемлекет кепiлдiк берген қарыздың және инвестициялық жобалар тәуекелiнiң шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерiн пайдалануы мүмкiн.
675. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жыл сайын мониторинг жүргізуге жататын қарыз алушылардың тiзiмiн Банкке жiбередi.
676. Қажет болған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен мемлекет кепiлдiк берген қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
677. Банк осы ұсынылған көрсеткiштер негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен мемлекет кепiлдiк берген қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметiнiң ұқсас бейiнiмен және осы коэффициенттердiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзедi.
678. Банк тоқсан сайын қарыз алушылардың қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
679. Әлеуетті төлем қабiлетi жоқ қарыз алушы анықталған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне хабарлайды және мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшiн шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
680. Мемлекет кепiлдiк берген қарызға қызмет көрсету жөніндегі Банк болмаған жағдайда қарыз алушының қаржылық жай-күйi туралы есептi қарыз алушының өзi жүзеге асырады.
74-тарау. Мемлекет кепiлгерлігімен қарыз алған қарыз
алушының қаржылық жай-күйi мониторингiнiң тәртібі
681. Осы тарау мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйi мониторингiнiң рәсiмдерiн анықтайды, мемлекеттік кепiлгерлігімен қарыз алған қарыз алушының ақпараттық қамтамасыз ету мониторингiн және қаржылық жай-күйiнiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
682. Қаржылық коэффициенттердi мемлекет кепiлгерлiгiмен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есебiнiң негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың өкілі тоқсан сайын есептейдi. Мемлекет кепiлгерлігiмен қарыз алған қарыз алушы облигацияларды ұстаушылардың өкіліне қаржылық есептiлiктi, сондай-ақ тиiстi қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
683. Мониторингке мемлекет кепiлгерлігімен қарыз алған және қарыз берушiнің не республикалық бюджеттің алдында борышы бар заңды тұлғалар жатады.
684. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметiнiң, саласының түрлерi, бәсекелестерi мен нарықтары, нормативтiк құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептiлiктiң, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын қарыз алушылардың қаржылық-экономикалық жай-күйiн талдауды, эмитенттің инфрақұрылымдық орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдалану, шартты салым шотында (қызмет көрсету шотында) қаражатты жинау жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтиды.
685. Мониторингтi жүзеге асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтiмдiлiк коэффициентi - ақша қаражаты мен қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң мөлшерiне қатынасы;
өтеу коэффициентi - ағымдағы активтердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы;
қарыз және меншiк қаражатының арақатынасы - ағымдағы мiндеттемелердiң меншiк капиталының мөлшерiне қатынасы;
тарту коэффициентi - мiндеттемелердiң ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтерге қатынасы;
пайда нормасы - салық салғанға дейiнгi жиынтық кiрiстiң сату көлемiне қатынасы;
меншiк капиталының пайдалылық коэффициентi - салық салғанға дейiнгi жиынтық кiрiстiң меншiк капиталының мөлшерiне қатынасы;
кредиттiк берешектiң айналымдылық коэффициентi - iске асыру көлемiнiң кредиттiк берешекке қатынасы қолданылады.
Мониторингтi жүргiзу үшiн облигацияларды ұстаушылардың өкілі сол сияқты қарыз және концессиялық жобаның тәуекел шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерiн пайдалануы мүмкiн.
686. Қажет болған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты сұрата алады.
687. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы ұсынылған көрсеткiштер негiзiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен мемлекет кепілгерлігімен қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметiнiң ұқсас бейiнiмен және осы коэффициенттердiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзедi.
688. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі тоқсан сайын қарыз алушылардың қаржылық жағдайы мониторингінің нәтижелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Әлеуетті төлем қабiлетi жоқ қарыз алушы анықталған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне хабарлайды және мемлекет кепiлгерлігімен тартылған сыйақы төлеу және қарызды өтеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшiн шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
75-тарау. ?кіметтiк қарыздарды, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепiлдiктермен, мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердi, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алуды, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi өтеу, оларға қызмет көрсету, жоспарлау тәртібі
689. Осы тарау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (бұдан әрi - үкiметтiк қарыздар), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары) және мемлекеттік кепiлдiктермен (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар), республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттің кепілгерлігімен (бұдан әрі - мемлекеттің кепілгерлігімен қарыздар) қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдерді, сондай-ақ үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi жоспарлау, жүзеге асыру рәсiмдерiн белгiлейдi.
690. Үкiметтiк қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдердi жоспарлау, жүзеге асыру рәсiмдерi қарыз шарттарын жасасу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында несие капиталының iшкi және сыртқы нарықтарындағы қарыз алу арқылы тартылған қарыздар үшiн ортақ.
691. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражатының есебiнен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негiзiнде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырады.
692. ?кіметтiк қарыздарды, алдағы өтеу және оларға қызмет көрсету үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердi көлемiн жоспарлауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, үкiметтiк қарыздарды өтеу және қызмет көрсету үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерді алдағы көлемiнiң болжамдық есептерi негiзiнде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
693. Жүргiзiлетiн есептеулер есептеулерiнiң алдағы тоқсанның соңындағы жәй-күй бойынша үкiметтiк борыш мониторингiнiң деректерiне, үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражатты игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштер болжамына негiзделедi.
694. Үкiметтiк сыртқы қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражатын игеру болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган инвестициялық жобаларды iске асыру кестесiне, үкiметтiк iшкi қарыздардың түсу болжамын - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемiнің болжамына негiздей отырып анықтайды.
695. Республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер, ұлттық валюта бағамы жоспарланған жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдерімен анықталады.
696. Жоспарланып отырған жылы үкiметтiк iшкi қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету көлемдерiн есептеудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мынадай түрде жүргiзедi:
1) әрбiр қолданыстағы үкiметтiк қарыз бойынша қарыз қаражатының игерiлмеген көлемдерiн жылдар бойынша болжамдық бөлудi жүргiзедi;
2) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде үкiметтiк қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) үкiметтiк қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру серпiнiнiң есептеулерi жүргiзiледi;
4) қарыз шартының, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулер жүргiзіледi. Егер, қаржы шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз беру валютасында жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған үкiметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептелері алдындағы тоқсанның соңында және АҚШ долларының болжамды орташа жылдық бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамдары пайдаланылады;
6) үкiметтiк қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негiзiнде қарыз беру мен сыйақы ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып, үкiметтiк қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептеулерi жүргiзiледi.
697. Жоспарланған жылы үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдердiң мерзiмi мен көлемiн есептеудi үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер шарттарының негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
698. Үкіметтік қарыздарды өтеудің және оған қызмет көрсетудің, сондай-ақ жоспарланып отырған жылғы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі төлемдердің жалпы көлемі 696 және 697-тармақтарға сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде анықталады.
699. Жоспарланып отырған жылғы үкiметтiк қарыздарға қызмет көрсетудiң және үкiметтiк қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмiлелер бойынша төлемдерін жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделеді. Үкіметтік қарыздарды өтеудің жалпы көлемі «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)» бөлiмi бойынша республикалық бюджетте көрсетiледi.
700. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептеулері негiзiнде кезекті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
701. Жүргiзiлетiн есептеулер тоқсанның алдындағы есептеулердi соңындағы жәй-күй бойынша жергiлiктi атқарушы органдар борышы мониторингiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетiн қаражатты игеру болжамының, жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiнiң деректерiне негiзделедi.
702. Алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдерiмен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған кезекті жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері ескерiле отырып анықталады.
703. Жоспарланып отырған жылы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептеулерi мынадай түрде жүргiзiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбiр қолданыстағы қарызы бойынша игерiлмеген қарыз қаражатын игеру көлемдерiн жылдар бойынша болжамдық бөлу жүргiзiледi;
2) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмдерi мен көлемi анықталады;
3) жергiлiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының серпiнiн есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру талаптары негiзiнде сыйақыларды, комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептеулерi жүргiзiледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген есептеулер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемі теңгелiк баламада қайта есептеледi. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге есептеулердiң алдындағы тоқсанның соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;