Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.
423. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерiнде көзделген шекте ақшаны бөлу қажеттiлiгi немесе бөлу мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
424. Мемлекеттік органның қолдаухатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасына осы мемлекеттік орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшiрмесiн қоса бередi.
425. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн орындауға арналған резервiнен қамтамасыз етiледi.
426. Қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
Атқару құжаты түскен кезде бұдан әрі шағым жасау үшін негіздеме болмаған жағдайда, зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) сот шешімі бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) әзірлеген сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасы заңнамада белгіленген тәртіпте бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Осы ретте, заңнамада белгіленген тәртіпте қаулы жобасына сот актілерінің және атқару құжаттарының көшірмесін қоса беру қажет.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган сот шешімдеріне одан әрі шағымдану үшін, сондай-ақ сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінде көзделген қаражаттар шегінде ақша бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы негіз бар-жоғына келіп түскен жобаларды қарастырады және тиісті қорытынды дайындайды. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны бергеннен кейін зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге түсіндірме жазбасымен және басқа да қажетті құжаттармен бірге қаражат бөлу туралы қаулы жобасының көшірмесін жібереді.
427. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) заңсыз қабылдаған актілеріне, сондай-ақ, өздерінің лауазымы адамдарының заңсыз іс-әрекеттеріне әкімшілік басқару саласында оларға өздерін ұстауға бөлінген ақшамен жауап береді.
428. Зиян келтірген мемлекеттік органдар (ведомстволар) қылмыстық іс жүргізетін органдардың лауазымды тұлғалары келтірген зиянды өтегеннен кейін, мұндай тұлғалардың кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу бойынша шегеру тәртібімен заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қолданады.
429. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқарушы құжаттары болған кезде соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервтерiнен қамтамасыз етiледi.
Соттардың шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар төлемдердi жүргiзедi, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдердi барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
430. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз қабылданған актілері үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
431. Соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте соттардың шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейлердегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасына заңнамада белгіленген тәртіпте сот актілері мен атқару құжаттарының көшiрмелерiн қоса берілуі тиіс.
432. Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оны жабуға арналған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің резервi республикалық бюджетте тиiстi қаржы жылына, тиiстi қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда оларды кредиттеу үшін көзделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты ұсынады.
433. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және бұрын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне ағымдағы түсімдермен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
4) бөлінетін кредит сомасы тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органның берешегінің лимитінен аспауға әкеп соқтырмауы тиіс.
434. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
435. Облыс, республикалық маңызы бар қал, астан әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
436. Ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервi ағымдағы қаржы жылында аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ағымдағы қаржы жылында болжамдалған жағдайда аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн аудандар (республикалық маңызы бар қалалар) әкiмдерi бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен ақша бөлу туралы қолдаухатты бередi.
437. Бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган ұсынылған қолдаухаттың негiзiнде, сондай-ақ облыс әкімінің осыған ұқсас мәселелерi бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiне және төменде тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, егер ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда олардың қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу үшiн мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген соманың бар болуы;
2) бөлiнетiн ақшаның мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен қамтамасыз етілмеген шығыстарын қаржыландыруға және белгiлi бiр есептi кезеңде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландыруға жiберiлуi;
3) облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдар берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
438. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылында ол болжамдалған жағдайда жабуға бюджеттік кредит беру қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
439. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінiң қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған кезде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын, егер ағымдағы қаржы жылы ол болжамданған жағдайда жабуға облыстық деңгейдегі атқарушы органдар резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын облыс әкімдігінің қарауына бюджеттi атқару жөніндегі облыстық уәкiлеттi орган енгiзедi.
440. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде беруi тиiс.
441. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Yкіметі резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
442. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алушы елдiң Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмектi алғаны туралы тиiстi ақпаратты бередi.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісті жергiлiктi атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервiнiң ақшасын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсынады.
444. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының резервтерiнен бөлiнетiн ақшаның бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жауап бередi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдары резервтерiнiң бюджеттік және басқа да заңнамалар талаптарына сәйкес пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
50-тарау. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
446. Осы тарау бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалардың қаражатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - ТЭН) әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді және концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсiмдерiн анықтайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда ТЭН әзiрлеу шеңберiнде TЭH тиiстi сараптамаларын жүргiзу қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН қаржыландыруға және оны сарапаудан өткізу , концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің TЭH қаржыландыру және сараптамасын жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның бөлiнетiн бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді қаржыландыру, концессиялық жобаларды сүйемелдеу тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) негізінде түрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында қаржы жылы ішінде бөлуге жатады.
Бюджеттік инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергiлiктi ретiнде анықтау Бюджет кодексiнiң 151-бабында белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке берiлетiн нысаналы даму трансферттерi қаражатының есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бағдарламаларының есебiнен жүзеге асырылады.
Егер Жобаны іске асыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен, оның ішінде жергілікті бюджеттерді дамытуға және кредит беруге нысаналы трансферттер есебінен ұсынылса, инвестициялық ұсыныстарды салалық сараптауды салалық орталық мемлекеттік орган өткізеді.
Егер Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптауды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы өткізеді.
447. Бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру процесі мынадай негiзгi сатыларды:
1) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған өтiнiмдерді (бұдан әрi - Өтiнiм) беруді;
2) Тізбені қалыптастыруды және бекітуді;
3) TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
448. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭН әзiрлеудi және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінімдер бередi.
449. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу сатысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
450. Бюджеттік инвестициялық жобалардың TЭH әзiрлеудi және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға өтiнiм ТЭН әзірлеу жоспарланатын жылдың 15 ақпанына дейін қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) бюджеттік инвестициялық жобаның ақпараттық парағын;
2) түсіндірме жазба;
3) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН әзірлеудің және сараптаудан өткізудің құнын негіздейтін ақпарат
4) бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырмасын;
5) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша жобалауға тапсырманы;
6) ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттарды сараптауды жүргізуге және әзірлеуге (қоса берілетін) есептемелер мен негіздемелерді;
7) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын қамтуы тиіс.
451. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстарын қарайды және бюджеттік заңнамада белгіленген өлшемдерді ескере отырып, экономикалық бағалаудың қорытындысын дайындайды.
452. Бюджеттік комиссия іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
453. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижелері бойынша Тізбені, сондай-ақ әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
454. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстады, оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
456. Концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобалардың ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді қаржыландыруға өтінім жоспарлы орта мерзімнің алдындағы жылдың 1 ақпанына дейін қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
1) концессиялық жобаның ақпараттық парағын;
2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптауын;
3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырманы;
4) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеу және сараптаудан өткізу құнын негіздейтін ақпаратты қамтуы тиіс.
457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін ұсыныстарды талдау және сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тартады.
458. Концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қорытындысын алған кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ТЭН әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастырады.
459. Тізілім негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу және сараптаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобалардың бізбесін қалыптастырады.
460. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылатын концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін бюджет комиссиясы іріктеген концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ол бойынша ТЭН әзірлеу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
461. Тиісті бюджеттік комиссия қарау нәтижесі бойынша Тізбені анықтайды, сондай-ақ әрбір концессиялық, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін жобасы бойынша қаржыландыру сомасын анықтайды.
462. Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы нормативтік құқықтық актімен бекітіледі.
463. Мемлекеттік басқарудың мемлекеттік саласымен басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
464. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
1) концессиялық жобаның атауы;
2) тәуелсіз сарапшыны іріктеу жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы;
3) қызмет түрлері және олардың мәлімделген құны.
Өтінімге сол сияқты:
1) қызмет көрсету жөніндегі техникалық тапсырыс жобасы, онда мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
қызметтерді тарту мақсаты мен міндеті;
қызмет беруге қойылатын жалпы талаптар;
қызмет беру мерзімдері;
қызмет көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
2) қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
3) қызметтерді тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өтінімдер негізінде әрбір концессиялық жобалар бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
466. Әрбір концессиялық жоба бойынша қызметтерді қаржыландыру түрлері мен көлемдері республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітіледі.
467. Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, концессиялық жобасы ең жақсы деп танылған конкурс қатысушысымен комиссияның келіссөз процесінде консультативтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған басқа да қызмет түрлерін өзіне қамти алады.
468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген шешімімен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
469. Егер тиісті бюджет комиссиясының Тізбені қарау нәтижелері бойынша бөлінетін бюджет комиссиясының қаражаты толық мөлшерде бөлінбеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Тізбе бекітілген айдан кейінгі екінші айдың 1 күніне дейін бюджет комиссиясының қарауына бөлінген бюджет бағдарламасының қаражатының қалған сомасына Тізбесіне толықтыру жобасын енгізеді.
Қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бөлінген бюджет бағдарламасының қаражатының қалған сомасына Тізбеге толықтыруларды бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық- экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылданған қаулысының негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және сараптаудан өткізуді, концессиялық жобалардың консультативтік сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуді және оны сараптаудан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемеледеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.