Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1192 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 Қаулысымен күші жойылды
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
«А-25 Ақтөбе-РФ шек. (Орск қаласына)« деген жолдағы «135» деген сандар «127» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдағы «23502,6» деген сандар «23494,6» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |