Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1187 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
2-1-тармақта:
үшінші абзацтағы «14 айға дейінгі» деген сөздер «5 жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы «сүт» деген сөзден кейін «, май-тоң май өнімдерін, астық және ұн» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 2-1-бөлімде:
реттік нөмірі 6-4-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай»;
реттік нөмірі 6-5-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған тиісті шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
«Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 1-1-бөлімде:
реттік нөмірі 6-1-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ЕДБ (келісім бойынша), қауымдастықтар, одақтар (келісім бойынша)»;
«ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |