1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1,3-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 3 | 3 | 3 |
1,3-тен 2,6-ны қоса алғанға дейін | 1-5 | 4 | 4 | 4 |
2,6-дан 13-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 5 | 5 | 5 |
Инвестициялардың ең жоғары көлемі 13 |
13-тен 14,5-ті қоса алғанға дейін | 1-6 | 6 | 5 | 5 |
14,5-тен 16-ны қоса алғанға дейін | 1-7 | 7 | 5 | 5 |
16-дан 17,5-ті қоса алғанға дейін | 1-8 | 8 | 5 | 5 |
17,5-тен 19-ды қоса алғанға дейін | 1-9 | 9 | 5 | 5 |
19-дан жоғары | 1-10 | 10 | 5 | 5 |
Байланыс |
Электр байланысы | | | | |

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
Киномен және бейнефильмдермен байланысты қызмет | | | | |
Спорт саласындағы қызмет | | | | |
Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет | | | | |
1,3-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 3 | 3 | 3 |
1,3-тен 2,6-ны қоса алғанға дейін | 1-5 | 4 | 4 | 4 |
2,6-дан 13-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 5 | 5 | 5 |
Инвестициялардың ең жоғары көлемі 13 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
13-тен 14,5-ті қоса алғанға дейін | 1-6 | 6 | 5 | 5 |
14,5-тен 16-ны қоса алғанға дейін | 1-7 | 7 | 5 | 5 |
16-дан 17,5-ті қоса алғанға дейін | 1-8 | 8 | 5 | 5 |
17,5-тен 19-ды қоса алғанға дейін | 1-9 | 9 | 5 | 5 |
19-дан жоғары | 1-10 | 10 | 5 | 5 |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру | | | | |
1,3-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 3 | 3 | 3 |
1,3-тен 2,6-ны қоса алғанға дейін | 1-5 | 4 | 4 | 4 |
2,6-дан 13-ті қоса алғанға дейін | 1-5 | 5 | 5 | 5 |
Инвестициялардың ең жоғары көлемі 13 |
13-тен 14,5-ті қоса алғанға дейін | 1-6 | 6 | 5 | 5 |
14,5-тен 16-ны қоса алғанға дейін | 1-7 | 7 | 5 | 5 |
16-дан 17,5-ті қоса алғанға дейін | 1-8 | 8 | 5 | 5 |
17,5-тен 19-ды қоса алғанға дейін | 1-9 | 9 | 5 | 5 |
19-дан жоғары | 1-10 | 10 | 5 | 5 |
| | | | | | | |
Ескертпе:
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органның
мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды
тарту ережесi
Осы қаулы "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 273 Заңының (бұдан әрi - Заң) 12-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетiнiң (бұдан әрi Комитет) мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды оның iшiнде инвестициялық преференцияларды ұсыну кезіндегi тартумен байланысты, қатынастарын реттейдi.
Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен айқындамалар осы Заңның негiзгi ұғымдарымен сәйкес келеді.
1. Жалпы ережелер
1. Комитеттiң өзiне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында өз құзыры шегінде осы Ережеде белгiленген жағдайларда мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқығы бар.
2. Мемлекеттік органдар мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту мақсаты инвестициялық жобаны, инвестициялық қызметтi объективтi бағалау үшiн арнайы iлiм алу, сондай-ақ Комитет пен инвестор арасындағы даулы жағдайларды шешу болып табылады.
3. Комитет осы Ережелерде белгiленген жағдайларда инвестициялық жобаның ерекшелiгiне қарай сараптамалардың әр түрлерiн ұйымдастыруға құқылы.
2. Негiзгi түсiніктер
4. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік органның маманы - тиiстi мемлекеттік органның қажеттi біліктілігi бар штаттық қызметкерi;
2) консультант - қажеттi біліктілігi бар жеке тұлға немесе қажеттi біліктіліктегi мамандар штаты, жұмыс тәжiрибесi, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, тиiстi лицензияcы бар заңды тұлға;
3) сарапшы - қажеттi бiліктіліктегi мамандар штаты, жұмыс тәжiрибесi (мүмкiндiгiнше бұрынғы қызметi жөнінде оң кепілдемесi болуы), сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға.
3. Мемлекеттік органның мамандарын, консультанттары мен
сарапшыларды тартудың тәртібі
5. Мемлекеттік органдардың мамандары, консультанттар мен сарапшыларды мына жағдайларда тартады:
1) арнайы iлiмдерге қажеттілiктің пайда болуы;
2) тәуелсiз сараптама жүргiзу қажеттілігінің пайда болуы;
3) Комитет пен инвестор арасында даулы жағдайдың пайда болуы;
6. Мемлекеттік органның маманын таңдауды осы органның басшысы Комитеттiң өтiнiмi негiзінде жүзеге асырады. Комитеттің маман беру туралы өтiнiмінде сараптама жүргiзу мәселелерi және мерзiмi көрсетiледi.
7. Консультант және сарапшыны тарту Комитет, инвестор және консультант немесе сарапшы арасындағы тиiстi шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
4. Комитеттің мемлекеттік органдар мамандарын, консультанттар мен
сарапшыларды тарту кезіндегі өкілетi
8. Комитет мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту кезінде:
1) дәйектелген жауаптар берудi қажет ететiн мәселелер тiзбесін айқындауға;
2) консультация немесе сараптама нәтижелерi бойынша түсiндiрменi (оның ішінде жазбаша) талап етуге;
3) егер бастапқы консультация немесе сараптаманы толық емес немесе жеткiлiксiз деп санаса қосымша консультация немесе сараптама жүргізудi талап етуге;
4) консультация немесе сараптама жүргiзу процесiнде консультантқа немесе сарапшығa белгiлi болған ақпараттардың құпиялылығын талап етуге;
5) сараптама жүргiзу барысын бақылауға құқылы.
9. Комитетке сараптама барысын немесе нәтижесін өзгерту мақсатында мемлекеттік органдардың мамандарына, консультанттар мен сарапшыларға қандай да бiр қысым жасауға салынады.
5. Мемлекеттік органдардың мамандарының, консультанттар мен
сарапшылардың жауапкершiлiгi
10. Мемлекеттік органдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары сараптаманы сапалы және уақытылы жүргiзудi, сараптамаға ұсынылған құжаттардың және құпиялықтың сақталуын қамтамасыз етедi.
11. Мемлекеттік органдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары жүргiзген сараптамасы үшiн жасасқан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен және шартпен көзделген, осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жауапты болады.
6. Мемлекеттік орган мамандарының, консультанттардың,
сарапшылардың қызмет көрсету төлемi
12. Мемлекеттік органдар мамандарының қызмет көрсетуi төленбейдi.
13. Консультанттардың, сарапшылардың қызмет көрсетулерi Комитет консультант, сарапшы және инвестор арасында жасасқан шартқа сәйкес сараптаманың нәтижесiне қарамастан төленеді.