Қазақстан Республикасының
Заңы
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
(2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлiк нарығы - ауыл шаруашылығы өнiмi мен оның қайта өңдеу өнiмдерiн сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерiмен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 1-1-тармақшамен толықтырылды
1-1) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау;
2) агроөнеркәсiптiк кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткізудi, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбін, оларды қазiргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесi - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агро-өнеркәсіптiк кешен субъектілерiн ақпараттық-маркетингтiк және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, технологиялық ресурстарының бiрыңғай жүйесi;
5) агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) атаулы субсидиялау - мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусiз және қайтарымсыз негiзде қаржыландыру;
7) ауылдық аумақтар - ауылдық елдi мекендер мен олардың маңайындағы жерлердiң жиынтығы;
8) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлік инфрақұрылымы - тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілерінің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникациялар, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесi объектілерiн, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және суды бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қамтитын жүйесі;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елдi мекендердің, ауыл тұрғындары тұрмысының қажеттi деңгейiн тiршілiктi қамтамасыз ету қызметiн көрсетудiң нормативтiк деңгейiне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
11) ауыл шаруашылығы өнiмi - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикiзаты мен өнiмi, соның ішiнде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;
12) ауыл шаруашылығы санағы - белгiлi бiр күндегi ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық операция;
13) баға интервенциясы - ауыл шаруашылығы өнiмiнің нарықтық бағасы, инфляция деңгейi ескеріле отырып орташа мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтiзбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық баға деңгейiнен артып кеткен жағдайда iшкi нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттiң осы өнiмдi мемлекеттік ресурстардан тiркелген бағалар бойынша iшкi нарықта өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы ?кіметінiң шешiмi бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 13-1-тармақшамен толықтырылды
13-1) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертіліді (бұр.ред.қара)
14) мамандандырылған ұйымдар - агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн бәсекелестiк нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетiн жекелеген қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг құратын ұйымдар;
15) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштігі жоғары арнайы машиналарды тиiстi құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып мемлекеттік тiркеуге алу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу, аталған көлiк құралдары мен тiркемелердi пайдаланатын, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тiркеу және есепке алу, оларды жүргiзу құқығына емтихан қабылдау және куәлiк беру;
16) сатып алу операциялары - мемлекеттiң iшкi нарықты тұрақтандыру және экспорттық өнiм берудi қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнiмiн iшкi нарықта тiркелген баға бойынша сатып алуы жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар;
17) фитосанитариялық қауiпсiздiк - ауыл шаруашылығына арналған объектілер мен өсiмдiк шаруашылығы өнiмінің өсiмдiк зиянкестерiнен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйi.
2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен принциптері
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) экономикалық өсу әлеуетi бар агро-өнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;
2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердiң талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестiк;
3) мемлекет жүзеге асыратын iс-шаралардың ашықтығы;
4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудiң атаулылығы;
5) отандық агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту;
6) iшкi нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
7) мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату;
8) агроөнеркәсiптiк кешен қызметiнiң және тұрғындардың ауылдық елдi мекендерде тұруының экологиялық қауiпсiздiгi;
9) кәсіпкерлердің қоғамдық бiрлестiктерiмен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара iс-қимыл;
10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
11) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажеттi көлемiн қамтамасыз ету;
12) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ
АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жөнiндегі заңдарды қабылдау;
2) республикалық бюджеттi бекіту, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерiн бекіту кiредi.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекіту;
3) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
4) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібін және көлемiн айқындау;
5) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерiн бекіту;
6) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мемлекеттік ресурстарының көлемiн, құрылымын, оларды қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерiн бекіту;
7) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдаудың тәртібін айқындау;
8) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мемлекеттік ресурстарын басқаруды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекіту;
10) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша, iске асыру және бақылау тетiгiн таратып көрсете отырып, атаулы субсидиялау ережелерiн бекіту;
11) ауыл шаруашылығы санағын өткізудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бекіту;
12) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
13) агроөнеркәсiптiк кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшiн агроөнеркәсіптiк кешен салаларын айқындау;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін және оларды ұсыну тәртібін айқындау кіреді.
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) мемлекеттің агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөніндегі саясатын iске асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекіту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлеу, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттік iс-шараларды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
7) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшiру жөнiндегі iс-шараларды әзiрлеу;
8) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асырудың;
дала жұмыстарын жүргiзудің;
ауыл шаруашылығы өнiмi мен оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң бағалары мен нарықтарының мониторингiн жүргiзу;
9) мыналарға:
қызмет салалары мен түрлерi бойынша өндiрiстік-шаруашылық қызметтің жай-күйi мен нәтижелеріне, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндiру баланстарына;
агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық деректерге талдау жасау;
10) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертіліді (бұр.ред.қара)
11) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi мәселелерi бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат саласында ұсыныстар енгізу;
12) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар енгізу;
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу;
14) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды тиiстi құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып мемлекеттік тiркеуге алу ережесін, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу ережесін бекіту, сондай-ақ көрсетiлген көлік құралдары мен тiркемелердi пайдаланатын, соның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу тәртібін, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру тәртібін анықтау;
16) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлерiнің кредит ресурстарына қол жеткізуiн жақсарту үшiн агроөнеркәсiптiк кешенде, кредит берудi жүзеге асыратын кредиттiк серіктестiктер жүйесiн дамыту үшiн жағдай жасау;
17) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
18) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз елу мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясаты iске асыру;
19) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту;
20) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актілердi бекіту;
21) жергiлiктi атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметін әдiстемелiк қамтамасыз ету кiредi.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асырудың мониторингін жүргізу;
3) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын әзiрлеу;
5) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесiн дамыту мониторингiн жүзеге асыру;
6) уәкiлеттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауылдық елдi мекендi әлеуметтiк және инженерлiк жайластыру нормативтерiн әзiрлеу;
7) жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру кiредi.
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
1. Облыстардың (республикалық маңызды бар қаланың, астананың) жергілiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы iс-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
3) жергiлікті атқарушы органдар басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау кiредi.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және жергiлiктi өкілді органдардың (мәслихаттардың) бекітуiне ұсыну, оларды iске асырудың мониторингін жүргiзу;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) агроөнеркәсiптік кешен субъектілерiне мемлекеттік аграрлық азық-түлiк саясатының және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі саясаттың негiзгi бағыттары мен тетiктерiн түсiндiру жөніндегі жұмыстарды үйлестiру;
4) ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсін дамытудың орташа мерзiмдiк жоспарларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
6) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
7) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
8) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнiң бағалары мен нарықтарының мониторингін жүргiзу;
9) ауыл шаруашылығы өнiмін сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
10) агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы инновациялық тәжiрибенi тарату жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру;
11) малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуды, ұстауды және қайта жаңартуды қамтамасыз ету;
12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 12-1-тармақшамен толықтырылды
12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
13) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
14) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын агроөнеркәсiптiк кешендi, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту жөніндегi жергілiктi бюджеттік басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесін жасау;
15) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
16) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік органдарға беру кiредi.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетті, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы ic-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдіктер) басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерiн тыңдау;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау кіреді.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
1) аудан аумағында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
3) агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерiне мемлекеттік аграрлық азық-түлiк саясатының негізгі бағыттары мен тетiктерiн түсiндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
4) ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингін жүргізу;
5) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
6) ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргiзудi ұйымдастыру, мал көмiнділерін салу, ұстау және қайта жаңарту;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кіреді.
5. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретiне:
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына (әкімдіктерiне):
агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын қалыптастыру жөнiнде;
ауыл шаруашылығы малын ұстау және жаю ережелерi жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiне мемлекеттік аграрлық азық-түлiк саясатының және ауылдық аумақтарды дамытудың негiзгі бағыттары мен тетiктерiн түсіндiру жөнiндегі жұмыстарды жүргізу;
3) ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы малына бiрдейлендiру жүргізуге қатысу;
4) малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру;