Өнеркәсіп кәсіпорындарына кіреберіс автомобиль жолы кәсіпорын құрылысы кезеңінде толық жобалау қуаттылыққа қол жеткізе отырып жобаланады.
Көпір габариті қоршаулар бар болғанда бөлу жолымен анықталған.
Көпірде сырт жағынан шарбақтармен қоршалған әрбір жағында қызметтік жолдар құрылысы көзделеді. Көпірдің жалпы ені 30,5 м құрайды. Жол жүру бөлігінің ені 2х7,5 м, көпір ұзындығы - 126 м.
Кіреберіс темір жол жолы. Темір жолы кіреберіс жолының түйісуі Текесу стансасында көзделеді. Түйісу орнында қашыртқы шиеленістерді жөндеу көзделеді. «Оңтүстік» AЭA кешенінің вагондарын толықтыру үшін Teкecу стансасында әрқайсысының пайдалы ұзындығы 450 м. екі тұйық жол салу көзделген.
Кешен аумағында алаң ішіндегі жол дамыту жүктер түрлерін және мақтаны қайта өңдеу жөніндегі кешеннің технологиялық процесін есепке ала отырып көзделген. Қайта жаңартуды есепке ала отырып, кіреберіс темір жолының жалпы ұзындығы 4 км-ден астамды құрайды.
Кіреберіс темір жолының бір тармағында «Оңтүстік» АЭА кеденінің құрылыс кешені орналастырылатын болады, оған «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарының дайын өнімдерін жіберуге арналған қоймалар блогының және қосалқы-көмекші қызметтер блогының ғимараты енеді. Екінші тармақта келіп түскен шикізатты, химикаттарды, қосалқы материалдарды қабылдап алуға арналған қоймалар блогы орналасады.
Телефондандыру. Телефондандыру желілері «Шымкентмұнайоргсинтез» кәсіпорнының аумағында қазір бар құдыққа қосылады. Байланыс желісі оптика-талшық желісінен орындалады. Желі ұзындығы 2 км.
«Оңтүстік» АЭА аумағында мынадай алаң ішіндегі инженерлік коммуникациялық желілер құрылысы көзделеді:
сумен қамтамасыз ету және су тарту;
электрмен қамтамасыз ету және электр жарығы;
газбен қамтамасыз ету;
телефондандыру;
алаң ішіндегі автомобиль жолы.
5.1.3. Ықтимал инвесторлардың «Оңтүстік» АЭА мүмкіндіктерімен және
басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсау кесер және өзге де
жарнама іс-шараларын өткізу
Жарнама компаниясы мынадай элементтерден тұратын болады:
«Оңтүстік» АЭА-ны шетел инвесторларына жарнамалайтын Powerpoint форматында тұсау кесерін дайындау. Тұсау кесерді Германияда, Түркияда, Үндістанда, Пәкістанда және басқа да елдерде өткізу;
жеке тоқыма кәсіпорындарына пошта арқылы жіберуге буклеттер шығару;
мекен-жайын бүкіл дүниежүзі бойынша ықтимал тоқыма инвесторларға жіберуге жататын әзірленген веб-сайттың ресурстарын пайдалану, www.textilezone.kz
халықаралық танысу бағдарламасын жүргізу. Werner International халықаралық компаниясының қолдауымен халықаралық танысу бағдарламасы басталады - бүкіл дүниежүзі бойынша ең маңызды тоқыма кәсіпорындарының жоғары басшыларына ақпараттық хатты жіберу. Бұл бағдарлама бүкіл дүниежүзі бойынша 1000 жуық тоқыма кәсіпорындарды жабады.
Сондай-ақ, мыналарды:
Қазақстан аумағында тоқыма конференциялар;
халықаралық тоқыма конференцияларында тұсау кесу;
Еуропада және Азияда негізгі тоқыма көрмелерінде стендтер көрсету;
ІТМА 2007, тоқыма жабдықтарының ең ірі көрмесіне қатысу болжамдалады.
«Оңтүстік» АЭА информациялық жылжытудың «ROAD SHOW» және т.б. іс шаралары.
5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - «Оңтүстік» АЭА аумағында
кәсіпорындар салу
5.2.1. «Оңтүстік» АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық
жобаларды іріктеу
Төменде келтірілген параметрлер Еркін экономикалық аймаққа кіруге сәйкес келетін кәсіпорындардың тамаша мөлшерін, форматын және құрылымын анықтау үшін пайдаланылады. «Оңтүстік» АЭА тоқыма және дайын киім индустриясында жоғары технологияларды қолдану орталығы болады. Төменде келтірілген компанияларды іріктеу принциптері мағыналық тәртібінде орналастырылған.
1) Басым жергілікті өндіріс шикізатын пайдалану.
Компаниялар Қазақстанда өсірілген және өңделген мақтаны пайдалануға ұмтылуы тиіс, осылайша, жергілікті нарықта өсірілген және қайта өңделген мақтаны пайдалануды елеулі арттырып. Көптеген бұйымдар иірімжіптің белгілі сапасын келтіру үшін мақтаның басқа түрлерімен араластыруды талап ететінін ескере отырып, инвестор компанияларға мақта талшығын импорттау мүмкіндігі ұсынылады. Алайда, кәсіпорындар қазақстандық мақтаны кәсіпорында пайдаланылатын мақтаның жалпы санының кемінде 30% пропорциясында пайдалануға ұмтылуы тиіс.
2) Өнім/бұйым түрлері.
Компаниялар джинса, төсек жабдығы, сүлгі, мақтадан жасалған ішкі киім, пижамалар, балалар киімдері, футболкалар және басқа сияқты көбінесе мақтадан жасалған өнімді шығаратын болады.
Синтетика мен мақта қоспасынан жасалған бұйымдар жасалатын өнімдер тізбесіне енуі мүмкін. Мұнай-химия өнеркәсібінің өсуіне орай Қазақстанда ұзақ мерзімді болашақта полиэстер немесе нейлон сияқты өнімдерді өндіруге жергілікті шикізатты жеткізу жүзеге асырылатын болады, алайда, бұл бірнеше жылдарды талап етеді. Осылайша, «Оңтүстік» АЭА жергілікті мақтаны пайдалану үшін құрылады.
3) Жоғары сапа өнімі.
Дайын өнімнің сапасы орта және жоғары деңгей арасында болжанады. Мысалы, джинсалар үшін бұйымдарда негізгі күш қазіргі заман стиліне жұмсалатын болады, мата салмағы жағынан жеңіл және өзінің құрамында лайкра болуы тиіс. Төсек жабдығын өндіруде компаниялар орта деңгейдегі өнім өндіруге бәсекелес болады. Мақсаты төмен шығын деңгейі мен іске асыру бағасы бар массалық өндіріс тауарлары емес, жоғары деңгейдегі өнім болып табылады.
4) Тігінен біріктірілген кәсіпорындар.
Тамаша нұсқасында, кәсіпорындар тігінен біріктірілген болады, осылайша, тігу бұйымдарын өндіруге дайын өңделген мата өндіруге дейінгі барлық процестерді өзіне қамтиды. Яғни, көптеген тоқыма кәсіпорындардың мынадай бір өндіріс құрылымы болады: тоқу, тігу, бояу/баспа сурет салу/өңдеу - мысалы, төсек жабдығы, сүлгі, арнайы киім, вельвет және т.б.; иіру, тоқу, бояу/өңдеу - мысалы, ішкі киім, футболкалар; иіру, иірімжіпті бояу, тігу, өңдеу - мысалы, джинса немесе сәнді жейде маталары.
Түсіндіру кезінде басқа құрылым түрлерінің мүмкіндігі жонқа шығарылмайды. Мысалы, беймата материалдар өндірісін пайдаланып, фетр өндіруге мақта қалдықтарын қайта өңдейтін компания да сәйкес келетін кәсіпорын есебінде қарастырылатын болады.
Бояу және өңдеу сервистік немесе комиссиялық негізде құрыла алады және ұқсас кәсіпорындар «Оңтүстік» АЭА аумағында басқа тоқыма кәсіпорындарына қызметтерін ұсынады. Мұндай жағдайда, кәсіпорын тек бояумен/өңдеумен айналысатын болады.
Сондай-ақ, «Оңтүстік» АЭА-дан тысқары кәсіпорындар «Оңтүстік» АЭА-дан тысқары жасалған жеке маталарын өңдеу үшін «Оңтүстік» АЭА аумағында бояу және өңдеу жөнінде фабрикасын іске қоса алады.
Сондай-ақ, медициналық марля, мақта және тағы да басқа өндіру жөнінде фабрика құру мүмкіндігі де бар, өйткені олар жергілікті мақта пайдаланатын және дайын бұйымдар өндіретін болады.
«Оңтүстік» АЭА аумағында бөлек тұратын иірім фабрикаларын салған жағдайда, кәсіпорын мақсаты иірімжіпті экспортқа сату емес, «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан тігін фабрикаларына иірімжіп жеткізу болып табылады.
5) Қазіргі заман жабдықтары мен технологиялары.
«Оңтүстік» АЭА аумағында құрылған кәсіпорындар ең жақсы технологияларды және қазіргі заман жабдықтарын қолданатын болады. Бұл зертханалар, жабдықтар, компьютерлік технологиялар мен компьютерлік желілер көмегімен дизайн жасаудың технологиялық аспектілеріне де жатады. Алайда, жұмыс күшінің жоғары құнының себебі бойынша ұқсас технология қолданылатын көптеген Еуропа тоқыма кәсіпорындарында кездесетін тек қана автоматтандырылған жабдықтар мен роботтар желілерін пайдалану болжалмайды.
Шындығында, инвесторлар жаңа жабдықтарды әлемдік нарықта танымал жеткізушілерден сатып алуы тиіс. Алайда, бұрын пайдаланылған жабдықтар да, егер қазіргі заманға сай және орнату сәтінде өндіруші кепілдік берген пайдалы қолданудың күтілетін мерзімі кемінде 10 жыл болса, «Оңтүстік» АЭА аумағына орнату үшін қарастырылуы мүмкін. Осы жабдықтар үшін техникалық қызмет көрсету құралдарына қол жеткізу өте маңызды.
6) Күшті маркетингтік жоспар.
Кәсіпорындардың нақты маркетингтік стратегиясы болуы тиіс: өніммен әрбір нарыққа кіру негіздемесін қоса алғанда елдер бөлінісінде сату ұйғарылатын дайын өнімді жеткізу жоспарланатын елдер анықталды. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді табысы көбіне жақсы және тұрақты тапсырыс берушілерді тарту және ұстап тұру, сапа, баға мен жеткізу өлшемдері бойынша жоғары деңгейде оларға жеткізу мүмкіндігіне байланысты. Бастапқы компаниялардың мақсатты нарықтары уақыт өте өзгеретін болады деп ұйғарылады. Уақыт өткеннен кейін инвесторларды халықаралық деңгейде тоқыма мен дайын киімде берушілер танитын болады, осы нарықта атақты және белсенді болады.
7) Өнімдерді дайындау.
Дайын өнімді тігу тігінен біріктірілген кәсіпорындар үшін опционды болуы тиіс. Алайда, тоқу жөніндегі компаниялар (тоқыма) әдетте мақтадан тоқылған ішкі киім, футболкалар мен ұқсас өнімдерді тігу жөніндегі кәсіпорындармен тікелей байланыста болады.
Тігу кәсіпорындары тұтынатын маталардың кемінде 40%-ы «Оңтүстік» АЭА аумағында өндіріліуі тиіс деген шартпен «Оңтүстік» АЭА енгізуге жатады.
8) Техникалық ноу-xaу мен адамдардың салымы.
Қазақстан тоқыма өнеркәсібі даму сатысында екендігін ескере отырып, Италия, Германия, Түркия сияқты жоғары деңгейде техникалық жағынан дамыған елдерден техникалық ноу-хаудың елеулі салымы болады деп ұйғарылады. Осы елдерден және басқа елдерден инженер мамандардың келуі үш жыл және одан көп кезеңде созылады және осы кезең ішінде олар фабрикаларды жабдықтап және бір уақытта жергілікті техникалық мамандарды оқытатын болады. Біраз уақыт өткеннен кейін жергілікті халық білікті болады және одан әрі қарай адамдар тоқыма технологиялары саласында, станоктарда жұмыс істеуде және өнімнің сапасын бағалауда сарапшылар болады.
Инвестор жақсы техникалық менеджментті жүргізуді, экстенсивті тренингтер жүргізуді және ұзақ мерзімді перспективада компаниялар еңбегінің табысты дамуын және қызметін қамтамасыз ету үшін техникалық ноу-хау беруді қамтамасыз етуі тиіс:
1) Сатуға өндірілген иірімжіп.
Иірудің негізгі мақсаты тоқыма талаптарын қанағаттандыру үшін жіптердің сапасы мен нөмірлерінің дұрыс сәйкес келуін өндіру болып табылады. Иіру технологиялары сақиналы, пневмомеханикалық және вотекс әдісімен иіру болуы тиіс.
Жіптер нөмірлері № 6 мен № 30 ара қашықтығында болуы мүмкін. Алайда барлық өндірілетін иірімжіп тоқыма өндірісінде пайдалануы міндетті емес. Көптеген иіру фабрикалары сатуға да, ішкі тұтынуға да иірімжіп өндіреді. Иірімжіпті «Оңтүстік» АЭА аумағынан тыс жерлерге сату көлемі 40%-дан аспауы тиіс.
2) Сервистік кәсіпорындар.
«Оңтүстік» АЭА енгізілуі мүмкін түрлі сервистік компаниялар мен агенттіктер бар:
1. бояғыштарды жеткізу және қоймада сақтау;
2. жабдықтарға қосалқы бөлшектерді жеткізу және жабдықтарға сервистік қызмет көрсету;
3. жіптерді, түймелерді, сырмалар мен басқа қосымша бөлшектерді өндірушілер;
4. моторлар мен тұтқаларға сервистік қызмет көрсету;
5. компьютерлендірілген дизайн жөніндегі қызметтер;
6. баспа суреттерді салу жөніндегі қызметтер;
7. иіру мен тоқымада тез тозатын бөлшектерді жөндеу жөніндегі қызметтер;
8. электр энергиясын жеткізетін, су тазартумен айналысатын және т.с.с. компаниялар;
9. тоқыма мен киім өндіруге тікелей қатысы жоқ «Оңтүстік» АЭА қажет басқа да қызметтер:
1) мейрамханалар мен тамақ ішетін орындар;
2) банктік ЕКБ;
3) көлік қызметтері (автобустар, таксилер);
4) медициналық орталық және алғашқы көмек орталығы;
5) тасымалдау қызметтері.
Компаниялар бар көлік жарақтарын пайдалана отырып шикізат пен дайын өнімді жеткізуді ұйымдастырады деп ұйғарылады. «Оңтүстік» АЭА жеке тасымалдау жүйесі бар кәсіпорындарды қоспайды.
«Оңтүстік» АЭА аумағында көлік агенттіктері болмайды.
«Оңтүстік» АЭА-дан көлік компанияларын алып тастау себебі барлық көлік компанияларына адал бәсекелестік шарттарын сақтауға мүмкіндік беруіне негізделген.
Кәсіпорындарды іріктeу үшін де, саудада шектеулердің орындалуын одан әрі бақылау үшін де өлшемдер осы құжатта белгіленген және «Оңтүстік» АЭА құқықтық құрылымының біp бөлігі болып табылады. ОҚO әкімдігімен уәкілетті мемлекеттік орган бірінші кезеңдерде кәсіпорындарды инвестициялық жобаларды іріктeу өлшемдерінің негізгі талаптарынан ауытқыту жөнінде шешімдер қабылдайтын болады. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген ережелерде белгіленген пайыздық қатынастарды шешетін болады және өндіріс пен сауда жөніндегі деректерді пайдалана отырып кәсіпорындар қызметінің жыл сайынғы мониторингін жүзеге асыратын болады.
5.2.2. «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындар салу
«Оңтүстік» АЭА аумағында өндірістер салу және бизнесті кеңейту кәсіпорындардың белгілі бір экономикалық мақсаттарға қол жеткізуіне байланысты себептермен шартталған. «Оңтүстік» АЭА тоқыма бағыттылығының негізгі себептері мыналар болады:
жергілікті шикізатқа;
қол жеткізу;
өндірістік шығындардың төменгі деңгейі;
қол жетімді қисын;
жергілікті және өңірлік сату нарықтарына қол жеткізу;
жеңілдікті сауда келісімдері;
инвестициялық жеңілдіктер;
сату нарықтарына жақындау;
білікті мамандардың болуы;
тәуекелдерді әртараптандыру.
Бағдарламаға байланысты «Оңтүстік» АЭА аумағында қызметтің рұқсат етілген негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1. джинсы өнімдеpін өндіру: қалың мақта-мата маталарын және джинс өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық) ағарту, бояу, тігін өндірісі операцияларын қоса алғанда маталарды өңдеу.
2. түкті өнімдер өндіру: орамалдар, жуыну халаттары мен басқа талшықты өнімдер өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық), жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу.
3. трикотаж өнімдерін шығару: трикотаж матаны өндіру және ішкі киім, футболкалар, пижама, спорт костюмдері, майкалар және т.б. трикотаж өнімдерін тігу. Өндіріс процестері мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқу, бояу, тігу өндірісі.
4. арнайы киімдер мен маталарды өндіру: арнайы киімдерге арналған маталар мен өнімдер - курткалар, шалбарлар, кепкалар, шапкалар, комбинезондар және өзгелер. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқыма, бояу, баспа сурет салу, өңдеу, тігу өндірісі.
5. төсек жабдықтарын өндіру: төсек маталарын және дайын төсек жабдықтарын, жастықтыстар және үй тоқымасының басқа өнімдерін өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу.
6. медициналық және басқа да өнімдерді өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу, негізінен қалдықтардан өңделген материалдарды пайдалана отырып мақта, тампондар, мақта талшықтары және басқа медициналық өнімдерді өндіру.
7. қосымша өндіріс тyрлері: матаға жатпайтын материалдар өндіру, жоғары сапалы қағаз өндіру, медициналық мақта, бинт және басқа да өнімдер өндіру.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының алаңында 15 кәсіпорын: тоқыма кешені, талшықты маталар, жейде маталарын, костюм маталарын, джинс маталарын, техникалық маталар, тігін жіптері мен басқаларды өндіру жөніндегі фабрикалар салу жоспарланады.
Өндіріс технологиясын ескере отырып, кәсіпорындарды орналастыру ғимараттар, құрылыстар, жолдар, желілер астында сенімді топырақ негіздер құрылғысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдана отырып дербес террасаларда жүзеге асырылатын болады.
Табиғи жағдайларға байланысты, алаң-рельеф, топырақтардың орнығуы, сондай-ақ кіреберіс теміржол жолдарын орнату, көлік тyйісулері, инженерлік желілерді төсеу (су құбыры, кәріз және т.б.) жеңіл өнеркәсіптің, басқару қызметтерінің, кеден және т.б. ұтымды саны көзделді.
5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту,
тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы
Кәсіпорындар үшінші кезеңде өздерінің жоспарланған өндірістік қуаттылығына шығатын болады, бұған қазіргі заманғы технологияларды қолдану, шикізатқа еркін қол жеткізу, сондай-ақ салықтардың бір қатар төлеуден босатуды көздейтін салық салудың жеңілдікті режимін қолдану ықпал ететін болады.
Қазақстандық әріптестермен бірге бірлескен кәсіпорын нысанында кәсіпорындар құру жоспарланады. «Оңтүстік» АЭА аумағында кейбір кәсіпорындар ішінара немесе толығымен Қазақстанның резиденттеріне тиесілі болады. Жеке меншіктің іс жүзінде құрылымы жоғарыда көрсетілгенмен шектелмейді және инвесторлардың жеке артықшылық беруіне тәуелді болады.
5.3.1. Отандық тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжыту
Қазақстан тоқыма және дайын өнімдерді өндірушілер үшін дәстүрлі сату нарықтары Ресей және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдері болды.
Құрылған кәсіпорындар тоқымажіптер мен маталарды жеткізуді жүзеге асыра отырып өнімдерінің негізгі бөлігін Ресейге, Еуропа және Түркияға өткізетін болады.
Жекелеген тігін өндірістері өз өнімдерін Ресей, ТМД-нің басқа елдеріне және Еуропа нарықтарына жеткізетін болады.
Батыс Еуропа елдерінде мақта-мата өнімін өндіру оның импортымен алмастыру үрдісі байқалып отыр, ол иіру фабрикаларының мақта талшығын тұтыну көлемінің азаюына әсерін тигізеді. Тұтынудың негізгі азаюы Италияда, Португалияда және Германияда болды. Батыс Еуропада мақта талшығын өнеркәсіптік тұтынудың көлемі дайын өнім импорты пайдасына қарай азаятын болады деп болжамдалады.
«Оңтүстік» АЭА-да кәсіпорындар салу үшін инвесторлар жеке маркетингтік көзқарастарын алып келеді деп күтілуде, бұл оларға дайын өнімді елеулі сату нарықтарында, негізінен Еуропада сатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан резиденттерінің жеке меншігі болып табылатын компаниялар Еуропада биік емес айналым деңгейі бар ресей рыногында сатуды жүзеге асыруға икемделетін болады.
АҚШ нарығына сатулар кішігірім деңгейде болады. Себебі контейнерлерді халықаралық порттарға дейін тасымалдауға қажет қосымша шығындар мен мерзімдерге негізделген.
Қытай, Үндістан, Пәкістан. Осы елдер «Оңтүстік» АЭА аумағында өндірілген өнімді сатудың ықтимал нарықтары бола алмайды. Ұзақ мерзімді перспективада дайын киім өнімдерінің жекелеген түрлері нарықтың жақындығына байланысты Қытайға жеткізілетін болады. Алайда, қытай нарығында бағаның төменгі деңгейі осы өңірді жақын жылдарда сату нарығы ретінде жоққа шығарады.
Қытай, Үндістан, Пәкістан «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындары сияқты нарық сегментінде ірі өндірушілер болып табылады. Тиісінше, бір сегментте бәсекелесетін елдер арасында сауда жүзеге асырылады деген шындыққа онша жанасымсыз.
Дайын киім немесе үйге арналған өнім үшін жеке сауда дүкендер желісі немесе кез келген басқа ірі көтерме сатушы үлгілік клиент болып табылады. Арнайы киім жағдайында мемлекеттік мекемелер, әуе желілері, әскери қызмет және т.с.с. клиент бола алады.
Мақта немесе иірімжіпті сатып алушылар. Сатушысы тоқыма өнеркәсібі немесе киім тігу жөніндегі компания болады. Бұл жағдайда, «Оңтүстік» АЭА компаниялары сатуды тікелей тоқыма компанияларына жүзеге асыратын болады.
5.3.2. «Оңтүстік» АЗА аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға
бағытталған шараларды жүзеге асыру
Саланы бастапқы дамыту сатысында тарифтік және тарифтік емес шектеулер жолымен жеңіл өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлері бойынша ішкі тауар нарығының ашықтығы деңгейін реттеуді жүзеге асыру қажет. Бұл шаралар өндіріс қуатын өсіру сатысында ішкі рынокқа сату жөніндегі тоқыма өнімінің өндірушілеріне қосымша басымдық беретін болады.
«Оңтүстік» АЭА-да тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған мынадай сипаттағы іс-әрекеттер жоспарланады:
инвесторлардың өз жобаларын іске асыру кезінде инвесторларды бағыттау және оларға жәрдем көрсету үшін «Оңтүстік» АЭА-да инвесторлар үшін ақпараттық қызмет орнату. Осы қызмет мыналардан тұрады:
инвестициялық жобалармен тікелей байланысты ережелермен және заңдармен байланысты барлық мәселелер мен сәттерді жою жөніндегі заң көмегі;
лицензиялар, рұқсаттар, кеден рәсімдерін ұйымдастыруда әкімшілік қолдау;
көмекші қызметтер ұсынатын компаниялар қарым-қатынасы парағымен бірге тоқыма маркетингі, көлік, логистика жөніндегі ақпаратпен бірге тоқымa мен киімнің техникалық деректерінің ақпараттық қызметі;
экспортқа көмек қызметі. Бұл сараптамалық қызмет экспортты жеңілдету үшін интернет желісінде ұсынылатын қызмет болуы тиіс. Ол мынадай қызметтерді беруі тиіс: үшінші елдерде импортқа қойылатын талаптар туралы ақпарат, сондай-ақ өнімге қолданылатын ішкі салықтар, сауда деректері, импорттаушылар мен экспорттаушылар іс жүзіндегі сауда операцияларына және сауданы жылжытуға тартылған басқа уәкілетті органдармен халықаралық ұйымдармен іс-әрекет, байланыс орната алатын нарық орыны өндірушілер мен экспорттаушылар кездесуі мүмкін нақты жағдайлар бойынша егжей-тегжейлі ақпараттық сұрау салу беру мүмкіндігі;
«Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан тауарларды, сауда-саттық және компанияларды жылжыту үшін интернетте Оңтүстік веб-сайтын орнатудан және қолдауды қаржыландыру.
Консультациялық қызметтер түрінде «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындарға қолдау ұйымдастырылатын болады, бұл тоқыма кластерін құруға көмек беріп қана қоймай, сондай-ақ «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" ММ-ні «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындардың қызметін одан әрі дамыту үшін барлық шығыс деректерімен қамтамасыз етеді.
5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру
Орта буын білікті кадрлары мен менеджерлеріне белгілі бір жетіспеушілік бар. Осы проблеманы шешу үшін тоқыма өнеркәсібіне арналған мамандандырылған Тренингтік Орталықты қолдау және қаржыландыру ұйғарылады. Тоқыма кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстанда бар тренингтік және білім беру орталықтарын бір жобаға біріктіру қажет.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны орындау үшін республикалық бюджеттен қаражат, инвесторлар кәсіпорындарының жеке ресурстары, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ қаражаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымын салу Республикалық бюджет есебінен жоспарланады, шығындардың жалпы сомасы 4 174,334 млн. теңгені құрайды:
2007 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 970,546 миллион теңге;
2008 жылғы объектілер жалпы сомасы 1 203,788 миллион теңге.
Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салынған инвестицияларының ұйғарылатын сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттің қаражаты тартылатын болады.
Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалатын болады, «Оңтүстік» АЭА аумағында кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға қажет бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Жұмыстарды жүргізу нәтижесінде «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібінің тігінен біріктірілген құрылым құрылатын болады.
Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі):
республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген 4 174,334 мың теңгені игере отырып «Оңтүстік» АЭА қазіргі заманғы инфрақұрылымын салу аяқталатын;
тоқыма өнеркәсібін дамытуда инвестиция салуға ниет білдірген отандық және шетелдік компаниялар тартылатын болады.
Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар кезеңі):
15 тоқыма саласы кәсіпорнын салуды аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында инвестициялар тарту;
шамамен 11 мың жұмыс орнын құру;
жыл сайын 100 мың тоннаға дейін мақта-талшық импортын ескере отырып мақта-талшықты ішкі тұтыну көлемін арттыру;
мақтаға егу алаңдарын 90 мың га дейін арттыру;
ішкі нарықта мақта-талшықты тұтыну үлесін өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін арттыру күтіледі.
Yшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар кезеңі):
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік нарыққа біріктіру;
«Қазақстан тоқымасы» сауда маркасын (брендін) құру және одан әрі жылжыту күтіледі.
8. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
5.1. Бірінші кезең 2007-2009 жылдар - «Оңтүстік»АЭА инфрақұрылымын дамыту |
1. | Сумен жабдықтаушының құрылысы диаметрі 600 мм, ұзақтығы 7 км 2 желі) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі,»«Оңтүстік»» АЭА дирекциясы"» ММ | 2007 жылғы 25 шілде | 357,334 млн. теңге | Республикалық бюджет |
2. | Кәріз коллекторының құрылысы диаметрі 800 мм, ұзақтығы 7 км) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" ММ | 2007 жылғы 25 шілде | 203,104 млн. теңге | Республикалық бюджет |
3. | АЭА 200 га ауыл шаруашылығы жерлерін беруден ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" ММ | 2007 жылғы 25 шілде | 72,669 млн. теңге | Республикалық бюджет |
4. | ПС 220/10 кВ және ВЛ-220 кВ кірісі мен шығысының құрылысы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар | 1381,376 млн. теңге | Республикалық бюджет |
5. | «Оңтүстік» АЭА-ға темір жол кіреберіс жолдарын және Текесу станциясында вагондарды жинау үшін екі қосымша жол тұйығын салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, «Оңтүстік» АЭА дирекциясы" ММ | 2008 жылғы 25 қаңтар | 229,320 млн. теңге | Республикалық бюджет |