2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
56-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 87596 мың теңге (сексен жеті миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Бұқара- лық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс- шараларға қатысу және өткізу. Халық арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту; ұлттық спорт түрлерін дамыту; ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізу. ҚР ардагерлерінің спартакиадасын өткізу, жазғы Паралимпиядалық ойындарға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер- дің халықаралық спорт ойындарына қатысу. Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу және Паралимпиадалық ойындарға қатысу.
Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 1199,9 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
57-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42800 мың теңге (қырық екі миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны-қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тағаммен, медициналық-биологиялық және қалпына келтіру препараттарымен қамтамасыз ету жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, жаттығудың жаңа әдістерін қолдану жолымен спортшылардың ағзаларының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығу мен жарысу жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, қалпына келтіру құралдарының қатаң теңгермелік жүйесін жасау, жұмыс қабілетін ынталандыру және спортшы ағзасының функционалдық қорын жұмылдыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Спорт саласын- дағы қолдан- балы ғы- лыми зерттеу- лер | Спорт саласында 4 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1) орта таулы, биік таулы және жасанды гипоксия жағдайында спортшыларды даярлаудың тиімдi әдістемесін әзірлеу; 2) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына бетке ұстар спортшыларды психологиялық тұрғыда даярлау; 3) Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшылары арасында аурушаңдықпен спорттық жарақаттанушылықтың алдын алу және деңгейін төмендету; 4) Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына дайындалу технологиясын жетілдіру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 4 тақырып бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер негізінде:
орта таулы, биік таулы және жасанды гипоксия жағдайында оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық жүктемелерді жоспарлау жөнінде әдістемелік, спортшылардың психикалық-эмоционалдық және дене бітімінің жай-күйін қамтамасыз ету және олардың денсаулығын сақтауға арналған, жоғарыбілікті спортшылар арасында аурушаңдық пен спорттық жарақаттанушылықтың алдын алу және олардың денсаулығын сақтау жөнінде әдістемелік ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларын олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына дайындаудың жаңа технологиялары әзірленетін болады.
Соңғы нәтиже: спорт саласын қызметтермен қамтамасыз етудің тұрақты және дамымалы жүйесі қалыптасатын болады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 ғылыми жобаны іске асыруға кететін шығынның орташа құны - 10 700 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету; Жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізу.
Сапасы: біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
58-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 190 мың теңге (бір жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлеке- ттік сыйлық- ақылар | Yш сыйлықты тапсыру үшін дипломдар әзірлеу, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін үздік журналистерге сыйлықтар төлеу. | Желтоқ-сан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дене шынықтыру туралы жарияланымдары үшін үздік журналистерге арналған 3 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу.
Түпкі нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекті өкілдерді ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 63,3 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
59-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін
дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5033487 мың теңге (бес миллиард отыз үш миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерi | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Рес- публикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының № 3 қосымшасындағы соманың шегінде және тізбе бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды салудың бекітілген сметалық-жобалық құжаттамаларына сәйкес іс-шараларға спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттерді аудару: - Астана қаласында теннис корты (Мемлекеттік сараптаманың 08.05.2007 ж. № 2-230/07 жобасы бойынша қорытындысы); - Астана қаласында коньки тебу стадионы (Мемлекеттік сарапта- маның 29.06.2007 ж. № 2-371/07 жұмыс жобасы бойынша қорытындысы); - Алматы облысы Талдықорған қаласында Жансүгіров көшесінде спорт сарайы (Мемлекеттік сараптаманың 13.03.2007 ж. № 7-117-1/07 (1 кезеңі) жұмыс жобасы бойынша қорытындысы); - Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешені (Мемлекеттік сараптаманың 11.07.2007 ж. № 13-210/07 «Л» жұмыс жобасы бойынша қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының, Алматы және Қызылорда облысының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын және Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешені құрылысын аяқтау;
Астана қаласында коньки тебу стадионын және Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
60-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 401269 мың теңге (төрт жүз бір миллион екі жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық»спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу. Оқу, әдістемелік, мәдени ағарту, дене шынықтыру және спорттық жұмысты біріктірген білім беру қызметін жүзеге асыру. Білім берудің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген орта кәсіп- тік білімі бар мамандар даярлау үшін оқушылар қабылдау. Республикалық спорт колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға қысқы және жазғы демалыс кезінде жеңілдікпен жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу үшін трансферттер аудару. Республикалық спорт колледжіне негізгі құралдар сатып алуға және Республикалық спорт колледжінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу үшін күрделі трансферттер аудару (Мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 1 шілдедегі № 7-285/07 қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: оқушылардың кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті 238 адамды оқыту. Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін негізгі құралдар сатып алу: кемінде 2 жиынтық жиһаз, тұрмыстық техника - кемінде 5 бірлік, көшірме-көбейту аппараты, мінбе. Республикалық спорт колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 535,0 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына кемінде 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 505543 мың теңге (бес жүз бес миллион бес жүз қырық үш мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4, 8, 9, 14, 26-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің»«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы,»«Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы,»«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның тартымды туристік объектісі ретінде имиджін жоғарылату және Қазақстанды орталық азия аймағының туристік орталығына айналдыруда туристік кластерді дамыту мен бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық тур өнімді қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сай қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік имиджін нығайту мақсатында ірі халықаралық іс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру және қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақстанның туристікимиджін қалыптастыру | Қазақстанның Дуниежүзілік туристік ұйымның Еуропа үшін комиссиясының кезекті отырыстарына қатысу; Қазақстан Республикасының туристік имиджін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының туристік слоганы мен брэндін әзірлеу бойынша жыл сайын ұлттық конкурс өткізу. Туристік саланы дамыту және туристік индустрия үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша республикалық семинарлар және кеңес- тер өткізу; Шетелдік мамандарды шақырумен халықаралық конференция өткізу; Туризмді дамыту мәселелер бойынша ақпараттық-әдістемелік құралдар әзірлеу және басып шығару; Қазақстан Республикасында шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шетелдік БАҚ-та өндіру; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шығару Іле-Балқаш регатасын өткізу; «Сарқылмас саяхат» қазақстандық туристік жәрмеңкесін (жылжымалы) өткізу; Берлин қаласындағы (Германия)»«ІТВ», Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) «КОТFА», Токио қаласындағы (Жапония) «JАТА», Лондон қаласындағы (Англия) «WТМ», Штутгарт қаласындағы (Германия) «SМТ», Пекин қаласын- дағы (Қытай Халық Республикасы)» «СОТТМ», Мадрид қаласындағы (Испания)»«FITUR», Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «МІТТ», Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы)» «ІТМ», Алматы қаласындағы»«КІТF -2008» «Туризм и Путешествие» халықара- лық туристік көрмелеріне қатысу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік әлеуетін танымал ету мақсатында Қазақстанның халықаралық тоғыз туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында сегіз ішкі туристік іс-шара өткізу, соның ішінде халықаралық конференция және үш республикалық семинарлар және кеңестер өткізу;
3) туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 121 мың дана етіп басып шығару, Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік болашақ туралы бейнематериалдарды әлемдік арналардан жылына кемінде 500 рет көрсету;
4) Азиядағы жаңа туристік бағыт ретінде Қазақстан Республикасына қызығушылықты ынталандыру мақсатында жыл сайын туристік слоган мен брендті әзірлеу бойынша ұлттық конкурс өткізу;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық туристік қоғамдастыққа енуін белсендіру мақсатында Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымының Еуропа үшін кезекті комиссиясының отырыстарына қатысу.
Соңғы нәтиже: туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристік өнімді жетілдіру және іске асыру;
әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді танымал ету;
Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;
туризм саласындағы даму және мемлекеттік-жеке серіктігі мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге орташа шығыс - 21468,88 мың теңге;
ішкі туристік іс-шараны өткізуге орташа шығыс - 5778,3 мың теңге;
туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды жасау мен басып шығаруға орташа шығыс - 0,353 мың теңге;
Қазақстанның туристік әлеуетті жайлы бір жарнамалық-анықтамалық материалды шығару үшін - 1,728 мың теңге;
шетел БАҚ-да Қазақстанның туристік әлеуеті жайлы жарнама-ақпараттық материалды эфирге шығарудың орташа құны - 359,14 мың теңге.
Уақтылығы: Осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде іс-шараларды 2008 жылы және іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға және жандандыруға, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: Туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту. Елдің туристік әлеуеті мен туристік қызметтердің сапасын жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына