Тәуекелдіктерді басқару жүйесі қаржылық ұйымда пайда болатын проблемаларды бастапқы кезеңде анықтай мүмкіндігін береді. Аталған проблемалар қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі бойынша заңнамалық талаптардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
Осыны ескере отырып, келесі шаралар жүзеге асырылатын болады: стресс тестілеуді жүргізу, қаржы нарығында тәуекелдіктер деңгейінің өсуі кезінде шұғыл әрекет етудің схемаларын әзірлеу; тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру, пруденциалдық реттеу бойынша Еуропалық одақ директиваларын ескере отырып әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, «қадағалауда тәуекелге бағдарланған тәсілді» ендіру (Rіsк based suреrvіsіоn).
Инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау
Қазақстан Республикасы қор нарығындағы барлық санаттағы инвесторларды қорғау үшін инвесторларды қорғау бойынша заңнамада келесі мәселелердің бекітілу мүмкіндігі қарастырылады:
қоғамның сатып алатын акцияларының құны анықтаудың ұсынылтын типтік әдістемесін дайындау;
АҚ акцияларына шығарылған депозитарлы қолхаттардың иегерлері және Қазақстан резиденттері болып келетін инвесторлардың құқықтарын базалық активке берілетін меншік құқықтарынан шығатын құқықтарды жүзеге асыру арқылы қорғау, мүдделеріне сәйкес ақпаратты алу;
артықшылықтары бар акциялардың иелері-акционерлердің құқықтарын қорғау;
акционерлердің АҚ қызметі туралы ақпарат алу құқығын қорғау;
эмитенттердің қаржылық тұрақтылықтың белгіленген ең төменгі көрсеткіштері мен басқа талаптарын ұстануы бойынша міндеттілік енгізу (мысалы, инфрақұрылымдық облигациялар шығару кезінде «sinking fund» қалыптастыру);
эмитенттің бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардан сатып алу шарттары мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің ең төменгі көрсеткіштері нашарлағанда және басқа бекітілген талаптар бұзылған жағдайдағы эмитенттің жауапкершілігін анықтау;
инвесторлардың өкілдеріне қаржылық есептілік пен басқа ақпаратты беру бойынша эмитенттің міндеттері мен инвесторлардың кеңес құру құқығын регламенттей отырып эмитенттердің іс-әрекетін инвесторлар мен нарықтың басқа қатысушыларының мониторингін іске асырудың мүмкіндіктерін арттыру;
Орталық депозитарийдің немесе оның басқа номиналды ұстаушылардың активтеріне тыйым салынған жағдайда Орталық депозитарий мен басқа номиналды ұстаушылардың активтері депоненттердің активтерінен бөліп алу міндеттілігіне қатысты заңнамалық талап орнату;
қаржылық есептілік депозитарийіне кіретін тіркелген бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтерді акционерлік қоғамдармен жариялануы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары, корпоративтік оқиғалары туралы ақпараттың инвесторлар мен халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін білікті бухгалтерлердің санын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
миноритарлы акционерлер мен портфелді инвесторлардың, соның ішінде қор нарығындағы халықтың құқықтарын қорғаудың деңгейін арттыру мақсатында корпоративті басқарудың типтік кодексін өзгерте отырып корпортативті басқару туралы заңнаманың талаптарын оңтайландыру;
эмитенттің биржаның ұйымдастырылған сауда алаңына шығуы алдында компанияның23 нарықтық құнының артуының жағымды ықпалын ескере отырып эмитент-компанияларда корпоративтік басқару стандарттарын енгізу бойынша талаптар орнату.
Сонымен қатар дамыған мемлекеттердің оң тәжірибесі мен республиканың қаржы нарығының басқа да секторлары бойынша жинақтаған тәжірибесінің негізінде инвесторларды қорғау бойынша арнайы бағдарлама дайындап, қабылдау ұсынылады. Мысалы, АҚШ инвесторларды қорғау корпорациясы құрылғаннан кейін брокерлік фирмалар арасындағы банкроттық саны мен зардап шегуші инвесторлардың саны айтарлықтай азайды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасында «Қазақстандық депозитарийге кепілдендіру қоры» АҚ мен бірқатар инфрақұрылымдық ұйымдарды («Қазақстан ипотекалық несиелерін кепілдендіру» АҚ, «Қазақстан сақтандыру төлемдерін кепілдендіру» АҚ) құрудан көрініс тапқан жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру жүйесінің енгізілуі халықтың қаржы секторына және оның өнімдеріне сенімділігін арттыруға септігін тигізді. Жеке тұлғалардың инвестицияларын қорғау үшін кепілдендіруді іске асырудың нарықтық механизмдерін қор нарығына енгізу мүмкіндігі де бар. Сондағы қаржы делдалдарының өзіндік капиталдандыруының деңгейі олардың клиенттер алдында өздеріне қабылдайтын тәуекелдіктерге сәйкес болуы қажет.
Мүдделілік бар келісім-шарттар ерекше қадағалауға алынатын болады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 71-бабымен мүдделілігі бар келісімдерді жасауға қатысты талаптар орнатылған. Қоғамның келісім жасалуына мүдделі тұлғалар (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қоғамның аффилиирленген тұлғалар болып саналады, егер де:
келісім-шарттың тарапы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын болса;
келісімнің тарабы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлға болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялық схемалардың көпшілігі аффилиирленген тұлғалар арасында жасалынады, соған байланысты мынадай келісімдерге, соның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда әдісімен жасалынған өкілетті органның тарапынан қадағалауы күшейтіледі.
Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялар мен инсайдерлік ақпаратты таратуды қадағалау жүйесін жетілдіруді қажет болып отыр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық жүйенің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған келісімдерді жасалынды деп танудың басқа реті қарастырылған.
Осылайша, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында манипуляция мақсаттарында жасалынған келісімдер деп қор биржасының (егер келісім соның сауда жүйесінде жасалынса) директорлар кеңесінің сарапшылық қорытындысының нәтижесі бойынша өкілетті органмен іске асырылады.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімді манипуляция мақсаттарында жасалған деп танылуы мәселелері бойынша сарапшылық қорытынды дайындау үшін қор биржа директорлар кеңесінің комитетін құрайды. Қор биржасының бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімдерді манипуляциялық мақсаттарда жүргізілген деп тану бойынша директорлар кеңесінің комитеті (бұдан әрі - сарапшылық комитет) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, өкілетті органның өкілдерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдері бар жұмысшылар мен сарапшылардан құрайды. Қор биржаның атқарушы органның басшысы сарапшылық комитетінің төрағасы бола алмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттіктің нормативтік құқықтық актісі деңгейінде манипуляциялық келісімдердің критерийлерін анықтау мен реттеуші тарапынан инсайдерлік ақпараттың таратылуын қадағалауды күшейту қажет.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру жүйесі құрылатын болады.
Инвесторларды қорғау бағдарламалары көптеген мемлекеттерде іске асырылуда және әдетте бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыруды немесе нарық қатысушыларының (мысалы, брокерлердің) нақты тобының есебінен компенсациялық қорлар құруды қарастырылады. Компенсациялық қорлар негізінен төлеу қабілеттілігі төмен брокерлердің клиенттерін сақтандыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерде компенсациялық қорларының функциялау бағдарламалары клиент шығындарын айтылғаннан үлкен көлемде қамтуды қарастырады. Мысалы, Австралияда бағдарлама келісімді орындамаудан қорғайтын болса, Ұлыбританияның бағдарламасы нақты алаяқтықтардан қорғайды. Бірақ ешбір бағдарлама инвестицияларды кәдімгі нарықтық тәуекелдіктерден сақтандырмайды. Барлық бағдарламада компенсацияның шекті мөлшері орнатылған.
Қор нарығында сақтандыру тәуекелдіктерді басқарудың жаңа құралы болып табылады. Халықаралық сарапшылардың бұл бағыттың болашағына сенімі мол екендігін қолдайды, әсіресе нарықтың дамуының және оның инвестициялық тартымдылығын күшейту негізінде.
Жеке сақтандыру ретінде жеке немесе ұжымдық түрде жұмыс істейтін брокерлер өз клиенттерін сақтандыру компаниялары арқылы алаяқтықтан, құжаттардың жоғалуынан және басқа жағдайлардан сақтандыра алады. Бұл әдістің артықшылығы - қарапайымдылығы мен сақтандыру компаниясы тарапынан қосымша қадағалау мүмкіндігінде, ал кемшілігі - шығындардың айтарлықтай көп болуы, сақтандыру төлемдерінің деңгейінің жоғарылығы мен бекітілген ережелерден тыс шарттардың көп болуы. Осылайша, мысалы Ресей Федерациясының заңнамасында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің тәуекелдіктерін сақтандыру реттеуші ретінде танылады және нарық қатысушысымен өз тәуекелдіктерін өтеу әдісі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қаржы қызметтерінің берілген түрін дамыту мақсатында заңнамамен өз жауапкершілігін сақтандыру келісімін жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сақтандыру сомасының бір бөлігін өздеріне қатысты орнатылған өз қаражаттарының жеткілікті болу нормативін төмендету үшін беру қарастырылған.
Тіркеушілер, трансфер-агенттер мен депозитарийлердің кәсіби қауымдастығы (ПАРТАД) нарық қатысушылары мен олардың клиенттерінің шығындалуына алып келетін тәуекелдіктерді неғұрлым тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған, бағалы қағаздар нарығында кәсіби іс-әрекет атқарумен байланысты тәуекелдіктерді төмендету бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау және енгізу бағдарламасы дайындалды. Жекелеп алғанда, аталған бағдарлама депозитарийлер мен тіркеушілердің төменде көрсетілген әрекеттері мен оқиғаларымен байланысты шығындануының кәсіби тәуекелдіктерін сақтандыру қарастырылады.
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет атқару барысында басшының немесе қызметкерлердің кез келген байқаусыз жасаған қателіктері, ұқыпсыздық, жіберілген қателіктер;
депозитарий қызметкерлерінің құқықтарға қайшы әрекеттері, соның ішінде бағалы қағаздарға құқық беретін құжаттарды сақтау мен есепке алумен байланысты немесе құпиялы ақпаратты пайдаланумен байланысты;
жеке есеп-шотқа өзгерту енгізуге негіз беретін жалған құжаттар арқылы операцияларды жүргізу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 100-1-бабы мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 157 қаулысы) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының инвесторларға келтірілген шығындардың орнын толтыру мақсатында өзара сақтандыру қорларын түзу қарастырылған. Бірақ осы уақытқа дейін мұндай құқық әлі де іске асырылмаған.
Брокердің жауапкершілігі сақтандырылатын жағдайда сақтандыру жағдайының орын алғанын топтастыратын нақты критерийлерді анықтап алу қажет, мысалы сақтандыру жағдайдың бар болуы, сонымен қатар, бағаның нарықтық ауытқудың нәтижесінде инвестор шығындалды ма немесе кәсіби қатысушының жазығы бар ма.
Жоғарыда берілгеннің негізінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндетті талаптар енгізу мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен келтірілген инвесторлардың шығындарын өтеудің тиімді жүйесін түзу туралы мәселе нақтыланып, қарастырылатын болады.
__________________________
Ескерту:
23 - McKinsey компаниясының зерттеуі бойынша
Ұжымдық инвестициялау институттарын дамыту
ИҚ дамытуға бағытталған іс жүзіндегі заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу, олардың сауда ұйымдастырушысының биржа алаңына белсенді түрде шығып, республиканың қор нарығының дамуына үлкен үлес қосуға себеп болуы тиіс.
ПИҚ қатысты келесі шаралар қарастырылатын болады:
ұжымдық инвестициялау институттары ретінде ПИҚ инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;
ПИҚ жарналары сауда ұйымдастырушысының ресми тізіміне міндетті түрде енгізу бойынша талап қою;
трансфер-агенттерінің жұмыс деңгейі мен өкілдіктеріне біруақтылы талап белгілеумен өңірлік бөлімшелердің кең желісі бар трансфер-агенттің жүйесі арқылы міндетті орналастыру жолымен ПИҚ жарналарының республиканың барлық аймақтарындағы халықтың бүкіл азаматтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талап қою;
ЖИҚ үшін трансфер-агенттің қызмет көрсету тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
Биржаның ресми тізіміне енгізілген ЖИҚ үшін сауда ұйымдастырушысы тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
ЖИҚ жарналары мәмілелеріне қызмет көрсету бойынша Орталық депозитарий тарифтерінің төмендеуін қарастыру;
ЖИҚ биржаның ұйымдастырылған алаңына шығуды ынталандырудың басқа шараларын қарастыру.
Сондай-ақ ИҚ қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы жетілдіре түсетін болады.
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылғы 7 шілдеде қабылданған болатын, ИҚ ретінде ұжымдық инвестілеу саласының қарқынды дамуын есепке ала отырып, аталған Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, жеке алғанда, жабық ПИҚ жарналарын сатып алу мен айырбастау тәртібін нақтылауды, ИҚ портфеліне кіретін қаржы құралдарын бағалау тәртібін нақтылауды, ПИҚ қызметін тоқтату тәртібін барынша бөлшекті анықтауды қарастыратын болады.
Жоғарыда берілгеннің негізінде Қазақстан Республикасы инвестициялық қорлар бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және енгізіледі.
Институционалды инвесторлар
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «институционалды инвестор» түсінігі кеңінен берілген және оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялауды іске асыру мақсатында қаражат тартумен айналысатын заңды тұлғалар жатқызылады. Халықаралық тәжірибеде институционалды инвесторларға тек қана портфелді инвестициялаудың ұжымдық нысандарын іске асыратын қаржы ұйымдары жатқызылады: ЖЗҚ, сақтандыру компаниялары, ИҚ мен инвестициялық компаниялар. Көптеген дамыған мемлекеттердің заңнамасы бойынша ЕДБ үшін бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуіне байланысты шектеулері бар және инвестициялық қызмет олар үшін негізгі болып есептелмейтіндіктен, олар институционалды инвестор ретінде қарастырылмайды.
Осы жағдайды ескере отырып, заңнамада «институционалды инвестор» түсінігіне нақты анықтама беріп, олардың бағалы қағаздар нарығындағы институционалды портфелді инвестор ретінде құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін ережелер анықталатын болады.
Қазақстандық компаниялардың, соның ішінде мемлекеттік активтері бар компаниялардың, акцияларын орналастыру кезінде халықты инвестор ретінде тарту
Қазақстандық сенімді эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялауға халықты тарту үшін жағдайлар жасау мақсатында эмитенттің ұлттық компаниялар мен басқа да ірі қазақстандық компаниялардың акцияларының орналастырылуы туралы халықты алдын-ала ақпараттандыру бойынша және азаматтардың акцияларды сатып алуға қолжетімділігін шектейтін кедергілерді жою бойынша міндеттерін заң жүзінде бекітілетін болады. Мысалы, акцияларды ұйымдастыруды ыңғайлы уақытта (жаппай демалыс кезеңінде емес), халық үшін акциялардың аз лоттары мен номиналды құнының көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, «Қазпошта» АҚ трансфер-агент ретінде пайдалана отырып, Қазақстанның барлық аймақтарды қамтуды ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Халықтың мәдениеті мен қаржылық инвестициялық сауаттылығын арттыру
Мемлекетте жалпы экономикалық жағдайдан басқа, азаматтардың тұрақты қаржылық жағдайдың кепілдігі қаржылық жүйенің мүмкіншіліктерін және тәуекелдігін бағалауды білу, өз капиталын және қаржылық құралдарын басқаруды білуді болып табылады.
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жеке инвесторлар-жеке тұлғалардың белсенділігін арттыру өте маңызды болып табылады, ал ол үшін халық пен қаржы нарығы туралы жүйелі түрде түсіндірмелік және ақпараттық жұмыс жүргізілуі қажет.
Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру мәселесі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибесі өте үлкен маңызға ие болып табылады, себебі берілген мәселе аталған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіткен болатын. Берілген бағдарламаның басты мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың салымдарын республиканың экономикалық өсу үрдісіне қатыстыруды қамтамасыз ету. Халықтың барлық топтарына өз бюджетін жоспарлауды және қаржылық мүмкіндіктерді пайдалану саласындағы білімдерінің деңгейін арттырып, қор, сақтандыру, зейнетақы, банк нарықтары мәселелерін кеңінен түсіндіріп, ұлттық қаржы институттарына деген сенімді арттыру Бағдарламаның міндеттері болып табылады.
Ағылшын тілін пайдалану арқылы іс жүргізуді енгізу
Қазақстанның қор нарығы бүкіл әлемнің инвесторларына тартымды болуы үшін оның жұмысын жетекші халықаралық қаржы орталықтары мен ең ірі шетел қор биржаларымен қабылданған ережелері мен стандарттарға сәйкес ұйымдастыру қажет.
Республика қор нарығының шетел инвесторлары, эмитенттері мен кәсіби қатысушылары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін іскерлік айналымға ағылшын тілін енгізу мәселесін шешу және әлеуетті тұтынушылар үшін негізгі іскерлік ақпаратты ағылшын тілінде ұсыну мен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау бойынша негізгі құжат айналымын ағылшын тілінде жүргізу қажет.
4. Даму жоспарын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен негізгі индикаторлар
Даму жоспарды іске асыру нәтижесінде Қазақстан экономикасы мен қор нарығы дамуында келесі сапалы өзгерістер жүзеге асатын болады деп күтілуде:
Алматы қаласын Азияның он ірі халықаралық қаржы орталықтарының бірі ретінде республиканың қор нарығын халықаралық капитал нарықтарымен табысты түрде интеграциялау ретінде осы стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізу;
қор нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау;
қаржы құралдарының түрлерін көбейту;
АӨҚО базасында халықаралық стандартқа сай тауар биржасын құру және дамыту;
халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру;
өз әл-ауқатын арттыру үшін республиканың қор нарығында жинақтарын инвестицияларға салуға ниеті бар азаматтар санын арттыру;
қор нарығының құралдарын пайдалана отырып, жеке капиталды тарту арқылы республиканың ірі мемлекеттік маңыздылығы бар жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламаларын енгізу;
ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі компаниялардың (қазақстандық әлеуетті эмитенттердің) акцияларын дайындықтан өткізіп, республиканың қор нарығына шығару.
Сонда Алматы қаласының қаржы орталығы мен республиканың қор нарығының дамуының сандық параметрлерін сипаттайтын келесі базалық индикаторларға қол жеткізілетін болады (5-кесте).
5-кесте. Республика қор нарығының дамуының санды индикаторлары
Индикатор | 2015 жылға дейін күтілетін нәтижелер |
МЕБҚ нарығының капиталдандыруы (миллиард АҚШ доллары) | 220-250 |
МЕБҚ нарығын капиталдандырудың ЖІӨ қатынасы24 (%) | 70-80 % |
МЕБҚ нарығы өтімділігі | 0,5-1 |
МЕБҚ сатылымдардың жылдық көлемі (миллиард АҚШ доллары) | 100-240 |
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енетін қазақстандық компаниялардың саны | 200-240 |
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енетін шетелдік компаниялардың саны | 30-40 |
Қор нарығында инвестициялау механизмдерін қолданатын экономикалық белсенді халықтың үлесі, % | 0,5-1 |
Алматы қаласының Азияның ең ірі қаржы орталықтарының тізімінен алатын орны25 | 8-10 |
Ескертпелер:
24 - 2008 жылғы 26 тамыздағы № 32 Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы хаттамасымен мақұлданған, 2009-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлері жобалауына сәйкес;
25 - Әлемдік қаржы орталықтары индексінің рейтингіне сәйкес (Global Fіnаnсіаl Сеntrеs Index).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 90 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын
іске асыру бойынша 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар | Орындау (іске асыру) уақыты | Республикалық бюджеттен болжамды шығыстар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларды пруденциалдық реттеуін жетілдіру | ҚҚА басқармасының қаулылары | ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша) | 2009-2010 жылдары | Талап етпейді |
2. | Интернет-трейдинг қызметін көрсетуде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша), ҚҚБ (келісім бойынша), ОД (келісім бойынша) | 2009 жыл | Талап етпейді |
3. | Жеке инвесторлар арасында Интернет-трейдингті қаржы құралдармен жандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ (келісім бойынша), АБА (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талап етпейді |
4. | Нетто есептесу жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша) ҚҚБ (келісім бойынша), ОД (келісім бойынша) | 2009-2010 жылдары | Талап етпейді |
5 | Орталық депозитарий негізінде клиринг есептеулерін жүргізетін арнайы бөлімшесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша) ҚҚБ (келісім бойынша), ОД(келісім бойынша) | 2009-2010 жылдары | Талап етпейді |
6 | Т+3 халықаралық есептесу жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша) ҚҚБ (келісім бойынша), од (келісім бойынша) | 2009-2010 жылдары | Талап етпейді |
7 | Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтер сапасын жоғарылату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша) | 2009 жыл | Талап етпейді |
8 | Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін көрсететін және инвестициялық портфелді басқару қызметі ұйымдардың тәуекелдерін басқару жүйесінің дамыту | ҚҚА басқармасының қаулысы | ҚҚА (келісім бойынша) | 2010 жыл | Талап етпейді |
9 | Орталық депозитарий есептеу жүйесінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін көрсететін ұйымдардың клиенттер ақшасын есепке алу тәртібін жетілдіру | ҚҚА қаулысы | ҚҚА (келісім бойынша), ҚР ҰБ (келісім бойынша), ОД (келісім бойынша) | 2009 жыл | Талап етпейді |
10 | Инвестициялық қорлар қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу | Ведомствоаралық комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын шығару | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚО ҚРА (келісім бойынша) | 2010 жыл | Талап етпейді |
11 | Нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес сауда ұйымдастырушының және Орталық депозитарийдің кешенді бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуіне талаптар қою | ҚҚА басқармасының қаулысы | ҚҚА (келісім бойынша), ҚҚБ (келісім бойынша), ОД (келісім бойынша) | 2010 жыл | Талап етпейді |
12 | Жасалуына мүдделігі бар мәмілелердің жасалу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу | Ведомствоаралық комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын шығару | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚО ҚРА (келісім бойынша) | 2010 жыл | Талап етпейді |
13 | Бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау және инсайдерлік ақпараттың таратылуына бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу | Ведомствоаралық комиссия мәжілісіне Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын шығару | ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚО ҚРА (келісім бойынша) | 2010 жыл | Талап етпейді |
14 | Тиімді тауарлық биржаны құруда іс-шаралар кешенін жүзеге асыру | ҚР ПӘ-ге ұсыныстар | АӨҚО ҚРА (келісім бойынша), ҚҚА (келісім бойынша), ИСМ, АШМ, ҚР ҰБ (келісім бойынша) | 2009 жыл | Талап етпейді |